DataLife Engine / Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру

Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру

Мазмұны
Кіріспе ...............
І.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің
зерттелуі ...........
II. Бастауыш мектеп оқушыларының грамматиканы меңгерудің
психологиялық кезеңдері ............14-16
III. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту және оны басқа сөз
таптарымен байланыстыра оқыту маңызы ..............17-33
III. 1 Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту ..............34-36
III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту ..............37-39
III. 3 Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту ..............40-41
Қорытынды ..............42-43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............44-45

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі Тілді, оның ішінде оқушылардың ана тілін оқыту барысында балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға көп көңіл бөлу керек пе, болмаса қалай дұрыс сөйлеу қажеттігі туралы ғылыми ұғымдар немесе грамматиканы меңгертуге көп назар аудару қажет пе деген мәселенің айналасындағы бір-біріне кереғар пікірлер бұрынғы кеңес мектебінің 70 жылдан астам тарихының өн бойында үнемі жалғасып келді. Мәселен, 20-жылдары «грамматиканы арнайы оқытудың қажеті жоқ, ол сөйлеу барысында оқушылардың өздері-ақ үйренеді» деген көзқарас үстем болса, 30-жылдардың бас кезіннен бастап кеңес мектептерінде оқушыларға сөйлеу, жазу дағдыларын үйрету тілдің лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерін меңгертумен қатар жүргізіле бастады. Ал 50-жылдары оқушылардың сөйлеу және жазу дағдыларындағы ол қылықтар сөздердің лексикалық мағыналарын үйретуге аз көңіл бөлгендігінен деп табылды. Осы жағдай 60-жылдары бастауыш мектептерде берілетін білім мазмұнымен оқыту әдістерін жаңарту жұмысын іске асыруға алып келді.
Бастауыш мектептерді тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды:
а) оқуға үйрету;
ә) сөздік қорын, стилистикалық дәлдіті, мазмұндылықты, логикалық жүйелілікті қамтитын оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту;
б) фонетиканы, сөз құрамын және грамматиканы
(морфология, синтаксис) меңгерту;
в) графикалық, пунктуациялық дағдыларды қалыптастыру.
Жаңа бағдарлама бойынша осы аталған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылды. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматикалық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін оқытумен ұштастырылмаса, енді мұның бәрін бір мақсатқа оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болды.
Бұл тұста орыс ғалымдары Д.Н.Богоявленскийдің, Н.Ф.Жуйковтың, Н.С. Рождественскийдің, Е.Г.Шашкованың және т.б. бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды беру негізінде олардың дұрыс сөйлеу әрі жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырған құнды зерттеулері болғаны белгілі. 60-70- жылдары бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелерін қарастырған әдіскер-ғалымдар да (М.Балақаев, Р.Әміров, С.Рахметова, Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, О.Байқуатова т.б.) өз еңбектерінде оқушылардың дұрыс сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру мен оларға грамматикалық ұғымдар беру жұмыстарының тиімді үйлесімін табу, оңайлы әдіс-тәсілдерін жүйесін қолдану мәселелері әр түрлі ыңғайда қарастырылды. Алайда бұл мәселелер 80-жылдардың аяқ кезіндегі балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшкен төрт жылдық бастауыш сыныптарында өз шешімін әлі толық тапқан жоқ деуге болады. Біздің қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша оқып жатқан бастауыш мектептепде жүргізілген бақылауларымыздың қорытындысы мынаны көрсетті: оқу бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере алмаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық тұрғыдан сауатты бейнелеп, айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің морфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Грамматиканы оқытуда басты назарды зат есімді оқытуға аударған жөн. Себебі, бастауыш мектепте зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқытады.Сондықтан тақырып өзекті.
Диплом жұмысының мақсаты Бастауыш мектеп оқушыларына сөз таптары туралы ұғым беру.
Диплом жұмысының міндеттері:
1. Бастауыш мектепте зат есімді оқыту тәжірибесімен танысу;
2. Тақырыпқа сәйкес әдістемелік, педагогикалық еңбектерге сараптама жасау;
3. Оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіру.
Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту процесі алынды
Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысы екі кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалып, диплом жұмысының мақсаты, нысаны айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың зат есім жөнінде білімдерін жетілдіруге арналған оқыту әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында зат есімді оқыту тәсілдерін қолдануды ұйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға зат есімді оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом.жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінің сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің
зерттелуі
Қазақ тілі пәнін оқыту - мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктіліктердің барлығының негізгі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. ¥лы педагог К.Д.Ушинский: "Халық тілі - тарих шекарасынан әрі қайда әріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде",- деп көрсеткен болатын. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Осындай күрделі міндеттерді шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. Ана тілінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: "Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі ". Бұған "Мұралардың ең қымбаты — сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн шықпас суық көңілді жылытады. Асыл сөз мәңгі жасайды.", - деген Ғ.Мұстафиннің сөздеріне қоса ана тіліміздің алатын орнын, Конституцияға қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенін, халқымыздың егемендікке ие болуы нәтижесінде қолы жеткен ұлы қуаныш, бақытымыз екені жайында әңгімелей келе оқушыларымызға оның мәнін терең ұғындыра түсу үшін көрнекті тұлғалардың ана тілі жайында айтатын қанатты сөздерінен мысал келтіруді жөн көрдім. Л.Н.Толстойдың "Қанша айтсаң да, ана тілі қашанда ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлеген келген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа", М.И.Калинин "Ана тілін үйрену - ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлеуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тілі", М.Әуезовтің "Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті, ұжым деп санауға болмайды", Ғ.Мүсіреповтің "Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді," - деген сөздерінен - ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.
Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:
1. Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру)
2. Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді
қалыптастыру).
3. Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру).
4. Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа
пәндерді ұғындыру)
5. Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін
жетілдіруі).
Қазіргі танда қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында мұғалімдер алдында қалай және нені оқыту керек деген сұрақтар тууы заңды. Білімді толығымен ендіру, бағдарламаны толық ұғындыру-әрбір мұғалімнің алдында тұрған мақсат. Сондықтан қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары шығуда, соған орай жаңаша бағдарламалар жасалып, оқытудың бағыттары беріле бастады. Соның бірі - бастауыш сынып оқушыларына арналған "Атамұра" баспасынан шыққан жаңа бағдарламаларға негізделген "Қазақ тілі" оқулықтары. Бұл оқулықтар жаңаша оқыту бағыттарын талап етеді. Себебі "Атамұра" баспасынан шыққан "Қазақ тілі" оқулықтары мынадай оқу-әдістемелік принциптерге негізделген:
1. Оқулықтарды жасау барысында авторлар мынадай мәселелерге
басты назар аударған:
а) Қызметтік. Қазақ тілінің фонологиялық, лексикалық,
грамматикалық жақтарынан білім ала отырып оқушы, қатынас қызметін
қолдану мүмкіншілігі.
ә) Жүйелілік. Қазақ тілін оқыту барысы белгілі бір жүйеге бағындырыла жасалынған.
б) Тәрбиелік. Әрбір сөйлем, мәтін оқушыға тәрбие беру
мақсатында іріктеліп алынған.
2. Оқыту барысын жеңілдету үшін оқулықтармен қоса оқыту
кешенін құрайтын көмекші оқу - әдістемелік құралдар шықты. Бұл
кешенде басты орынды, негізі болып "Қазақ тілі" оқулығы тұрады.
"Қазақ тілі" оқулығын негіз ете отырып "Таза жазу" дәптерлері, түрлі
"Қазақ тілі" оқыту жөніндегі әдістемелік құрал, көмекші, диафильмдер
түрлі бағдарламалар, көрнекті құралдары т.б. шықты.
3. Оқулықта балаларға білім беру жүйесі толық сақталынған. Әрбір тақырып бастауыш мектеп оқушыларына оқу және жазу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында берілген. Сондай-ақ әрбір тақырып жеңілден - ауырға, оңайдан — қиынға принципіне сүйене отырып, бүкіл бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес жүйемен берілген.
4. Оқулықтардың құрылымы мен мазмұны оқушылардың жазу және оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыру ісін жетілдіруде өтілген тақырыпқа қоса келесі тақырыпқа негізделіп отырады.
5. Оқулықтарда тілдік материалдың берілуі мен іріктелуі қазақ
тілінің фонологиялық, лексикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
грамматикалық заңдылықтарына негізделе отырып алынған. Тілдік
материалдар әліппеге дейінгі, әліппе кезеңі, әліппеден кейінгі кезеңдерді
толық қамтиды. Тілдік материалдар негізінен лексикалық және
грамматикалық принциптерге сүйенген. Әрбір сөздің мағынасы жекеше
тұрып та, басқа сөздермен байланысқан түскен жағдайларда толық
ашуға әрекет жасалынған.
6. Оқулықта оқушылардың фонетикалық, орфографиялық,
грамматикалық, лексикалық дағдыларын қалыптастыру үшін түрлі
практикалық жаттығулар берілген.
7. Оқулықтағы түрлі тапсырмалар мен сұрақтар балалрдың оқу
және жазу, түсіну дағдыларын қалаптастыруға негіз болады.
8. Оқулықта оқушылардың саналылығы мен белсенділігін
арттыруға түрлі іс-әрекеттер басымды.
9. Оқулықтар оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес
психологиялық заңдылықтар мен тұжырымдары негізге алынған.
10. Оқулықтар бастауыш мектеп бағдарламаларына сәйкес
жасалынған:
а) әліппе және тіл дамыту.
ә) оқу, фонетика, грамматика және тіл дамыту.
б) фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
в) грамматика, емле және тіл дамыту.
11. Әрбір сынып оқулығы келесі сынып оқулығының басы, келесі
сынып оқулығы бұрынғы сынып оқулығының жалғасы ретінде
жасалынған.
Бірінші сынып оқулығында - • қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.
Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.
Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында — бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.
Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман
талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің
арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар
өткізе бастады. Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа
ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады. Терминды академик' Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.
Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.
Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алға қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізе алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.
Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер қазіргі кезеңдегі ғылым жетістіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбйе алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді. Бірінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтары мен жүйесі жөнінде, лексика мен грамматиканың алғы шарттары ғана берілген.
Екінші сынып оқулығында - қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің заңдылықтарына жекелей тоқталып, грамматика мен емле үйретіле бастайды.
Үшінші мен төртінші сынып оқулықтарында - бүкіл бастауыш мектепте үйретілуге тиіс материалдар толығымен оқытылып, жоғары сыныптардағы оқуға негіз жасалынады.
Оқулықтардың осындай принциптеріне негізделе жасалуы - заман талабы. XX ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап кеңестік әскерлердің арасында оқыту ісін жетілдіру жұмыстары сөз болып, түрлі семинарлар өткізе бастады. . Әдіскерлердің осында іс-әрекеттері нәтижесінде жаңа ғылыми бағыт дүниеге келді. Бұл ғылыми бағыт - лонгводидактика
деп аталады. Терминді академик Н.М.Шанский енгізді.
Лонгводидактика бүкіл тіл ғылымының психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын өзіне жинақтайтын оқыту әдістері жиынтығы.
Оқулық әдістері тек оқулықтағы берілген тапсырмалар мен жаттығуларға сәйкестеліне жасалуы қажет деген пікір қалыптасқан. Осыдан оқушы тек тапсырманы ғана орындауы қажет, басқа тапсырмалардың қажеті шамалы деген қағида шықты Мысалы: Сабақта № 321, 322 жаттығуларды орындап үйге № 325, 326 жаттығуларды орындалуы шартталынады. Бұл сабақта өту жұмысын бір тектес, бір сарынды етіп қойды. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп, белсенділігін артыруға негіз-түрткі екендігі қазір барша әдіскерлерге аян. Түрткісіз сабақ шаблон секілді алдын - ала белгілі, пәнге деген қызығушылығын тудырмауы заңды.
Сондықтан, қазіргі кезеңде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа көзқарастары оған жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет ететіні белгелі. Бұл ретте алған қойылған бағдарламалық талаптарды бір-біріне бөле қарауға болмайды. Түпкі мақсат, тәрбиелік міндеттерге қоса, оқушылардың өз ойларын тұжырымды да тұжырымды айтуға үйрету, сауатты да сындарлы жазып жеткізі алатын болуына қол жеткізу десек, ең алдымен олардың, сөздік қорын үнемі молайтып, тілдік түйсік-талғамын жетілдіре беруде бастауыш сынып мұғалімдірінің ететін еңбегі зор.
Мұндай нәтижеге мұғалім өзінің сабақ өту әдістерін үнемі жетілдіру, оны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізеді. Қандай әдіспен өтсе де балаға бағдарламаға сай білімді сіңдіру түпкі мақсат. Сондықтан мұғалімдер казіргі кезеңдегі ғылым жетілдіктерін пйдалана отырып, әдіскерлердің ұсынған әдістерін саралай кел өзіне қажетін іріктеп алады. Әрбір әдіс тәжірбие түрінде сыналып, жинақталынып алынған нұсқау. Егер де мұғалім әдістерді дұрыс қолдана білсе, Бұл әдістер тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, сонымен қатар пәннің мазмұнын терең түсіріп меңгеруді, толыққанды білім мен тәрбие алуына, білім көрсеткіштерін арттыруды қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңде ғалымдардың зерттеулері бойынша сабақты ойын түрде өткен жағдайларда ғана бала санасына білім тез және толық енетіндігін көрсетеді.
1 -сызба
Оқыту пирамидасы. (игерудің орташа проценті)
Дәріс 5%
Оқу 10%
Көрнекі және аудио материалдар 20%
Көрсету 30%
Пікірталас тобындағы жұмыс 5 0%
Іс-қимыл арқылы оқу 75%
Басқаларды үйрету 90%
Ғалымдардың көрсетуі бойынша сабақты тек мұғалімнің өзі ғана жүргізіп, оқушылар мен мұғалім арасында, іс-әрекет тек бір жақты болған жағдайда бүкіл сабақты игеру мүмінкіндіктері 50%-ке жетпейтіндігін көрсетті. Мұндай сабақтарды оқушылардың іс-әрекеті төмен, тек дәріс, оқу, көру ғана болғандықтар сабақтан тез жалығады, қызығушылығы төмендейді. Егер сабақты мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас "таратқыш-қабылдағыш" түрінде емес, "мұғалім-оқушы" немесе "тұлға-тұлға" түрінде өткен жағдайларда оқушы білімді тезірек және сапалы түрде сіңіре алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың іс-әрекеті жоғары, бір-бірімен сөйлесу, сабақты ойын түрде өткізіп бүкіл білімін 75%-тйін өзіне сіңіре алатындығын сызбадан көрінеді.
Балалардың оқуына түрткі болған жағдайларды психолог ғалымдар екіге бөледі.
1- сыртқы түрткілер болса, 2- ішкі түрткілер. Бірақ бұл түрткілердің арасында белгілі бір шекара. жоқ, сыртқы түрткі ішкі түрткіге, керісінше ішкі түрткі сыртқы түрткіге оңай өте алады. Бастауыш сынып оқушыларына мұғалімнің сөйлеген сөзі, жүріс-тұрысы, қимыл іс-әрекеттерінің барлығы баланың ішкі түрткісінің оянуына себеп болады. Бастауыш сынып оқушыларына тағы бір тән қасиет - мұғалім сөзіне имандай сену айтқанын Бұлжытпай орындау мұғалімді "ата-аналар" қатарына қосу. Міне сондықтан, мұғалімнің істеген іс-қимылдары, айтқан ақылдары, оқушылардың оқуға деген ішкі түрткісіне айналады. Ал сыртқы түрткісіне оқитын сыныптастары, түрлі әдістемелік құралдар, көрнектеліктер т.б. жатады. Егер сыртқы түрткілер...
20.12.2018
Вернуться назад