DataLife Engine / Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі

Әдебиет | Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі

Мазмұны

Кіріспе.
І. Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым.
1.А.Байтұрсыновтың өмірі мен ағартушылық қызметі.
2.А.Байтұрсынов тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.

ІІ.А.Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі.
1. А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары.
2. А.Байтұрсыновтың сөйлем және оның түрлері жайлы көз қарасы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары «кәрі ояз» деп атап кеткен палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады.Көп ұзамай бұл ауылға енді Ырғызбен Торғайдан шақырылған жазалаушы отряд келіп,ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып,еркектерді ұрып-соғып,ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Ерғазыларды бірнеше ауыл адамдарымен қоса ұстап алып кетеді.оларды Торғайдың әскери гупвахтасына әкеліп жабады.Тұтқындарды Қазаннан келген Округтік әскери сот соттайды. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «итжеккенге»— Сібірге каторгіге кеседі. Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы төрт айға тұтқында отыру жазасын алады. Бұл —1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді...
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы,айдаудан аман қалған Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың ұлы Аспандияр мен Байтұрсынның ұлы Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Оған дейін Ахмет ауылдағы мұсылманша сауатты адамдан үйреніп, хат таниды.Өзінің 1929 жылы жазған өмірбаянында; «1882—1884 жылдары бірде үйде,ауыл адамдарынан,бірде жақын маңайдағы ауыл мектебінен оқып, сауатымды аштым» деп жазады.Учелищені 5 жыл оқып, 1886 жылы түсіп, 1891 жылы бітіреді.
Ахмет учелищені бітірген кезде әкесімен ағасы айдауда (олар елге 17 жылдан кейін оралады), қамқоршы ағасы қайтыс болған еді, сондықтан Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін көп көреді. Осы жоқшылықтан құтылу мақсатында оқу іздеп,Орынборға барды.Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын мектепке— «Учетельская школа дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді.Он шақты жыл оқып, орысша білім алған ол енді өзі қалаған пайдалы жұмысқа тұра алатын мүмкіндікке ие болады. Ал бірақ өзі бала оқытуды,ағартушылық жолына қызмет етуді қалайды.
Ол 1895—1909 жылдары Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық учелищелерде сабақ береді. Ахмет 1909 жылы шілденңң бірі күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп торығады,қинала жүріп ширайды, ақыры күреске белді бекем буады.Бостандықты аңсаған,күреске шақырған өлеңдер жазады.Ақыры Қазақстанда тұру қүқығынан айырылғандықтан 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып наурыз айында Орынбор қаласына келеді.Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді.1913—1918 жылдар арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске,өнер-білімге үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918—1919 жылдың басы)А.Байтұрсынов та жаңа өткел, соны өріс іздейді. 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциасының көптеген өкілдерін өзіне ілестіріп, Кеңес үкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Ревалюциялық комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады.
Әділет нормалары бұзылып,сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде А.Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып,абақтыға қамалады да, лагерьде ұзақ азап көріп,одан 1936 жылы қайтып келгенмен,1937 жылы тағы репрессиаға ұшырап, 1938 жылы атылады.
Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызыңдап оятып, шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын әсіресе өлеңдерінде ашық білдіреді. Бірде:
Баяғы қалпы,
Баяғы салты
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей болсын бай
Жатыр жым-жырт жай-
Деп күңіренсе, тағы бір тұста:
Емшегін еміп,
Анаға сеніп
Бала ұйықтайды жастықпен
Қымызға қанып
Қызарып жанып
Бал ұйықтайды мастықпен
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың түрі оңбас.
- деп, бала мен ббайдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал кедей жұртына не жоқ, шалапқа мас болып ұйықтау деген қайнаған қалың сор дегенді айтады. Сондықтан:
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа .
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа.
- деп, қазақ халқын оқу- білімге шақырған өз ісінің дәлеелін, себебін ашып көрсетеді. Ал публицистикалық мақалаларында бұл ойын бұдан өткірірек тілмен батыра айтады. «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты».
Қазақ балаларының сауатын ашатын «Оқу құралы» деп атаған әліппе кітабының эпиграфы етіп, мына сөздерін ұсынады.
Балалар , бұ жол басы даналыққа,
Еліңдер түсіп байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіндей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Бұл жерде автордың «Даналық» деп отырғаны- салауаттылық, білім- ғылымды игеру, ал «Бұ жол» деп отырғаны - оқу.
А. Байтұрсыновтың қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп, оқулықтар жазуына да, тер төгіп, бай терминология жасауына да тіпті қоғамдық -әкімшілік істеріне араласуына да алып келген негізінен өзі діттеген ағартушылық идеясы.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқуға шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар тек оқуға шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар қазақ даласындағы мектептердің жан-күйін, бала оқытудың амал-жолдарын газет-журнал беттерінде нақтылы сөз етеді. Әсіресе бұл реттегі Октябрь ревалюциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 21 апрель күнгі нөмерінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған –А. Байтұрсынов. Бұл арада бір ескере кететін жай «қазақ» газетінің бас мақаласының көбін А. Байтұрсынов жазып отырған, оларға, әрине, қол қойылмаған, тек өзгелермен бірігіп жазған кейбіреулеріне ғана авторлардың инициалдары немесе бүркеншік аттары қойылған. Бұл мақалада оқу –білімнің қажеттігін халықтық экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл –надандықтан келген кемшілік» дейді. «Надандық» деп отырғаны, әрине, қазақ халқының білім-ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Бұл қалыс қалуға үлкен себеп-қазақ жерінде мектептер аз дейді.
Оқу-ағарту мәселесін А. Байтұрсынов жан-жақты сөз етеді. Бірде «қазақта балаларды оқытатын жосықтар мен кітаптар жоқ» дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білімі бар мамандар даярлау керектігін жазса, енді бірде «білімнің бас құрал-кітап» деп, білім конкурсын жариялау арқылы да оқу-ағарту ісіне ат салысуға болатындығын айтады.
А. Байтұрсынов ағартушылық жолындағы қызметін Алашорда үкіметіне жұмыс істеген кезінде де, Октябрь ревалюциясынан кейін де ешбір тоқтатпаған. Жоғарыда айтылды. Алашорда кеңесінің оқу-ағарту жайындағы комиссиясының председателі болып қызмет еткенде, ең алдымен қазақ даласында оқу-ағарту ісінің экономикалық жағынан әлде де қиыншылық кешіп отырғанын, ол үшін не істеу керек екендігін жазған пікірлерін «Қызыл Қазақстан», «Жаңа мектеп» сияқты баспасөз беттерінен оқып білуге болады. Мысалы: 1923 жылы жарияланған «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?» деген мақаласында: «школдар ашуға үкіметтің шамасынана келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20,000 нан артық кісі керек. Сондықтан бір ауылынай не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек. Ол школдардың жанында интернаттар ашу керек.» деп жазды.

А. Байтұрсынов –тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.

Жоғарыда айтқанымыздай, А. Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895 жылдан бастап, 13-14 жыл бойы бала оқытумен шұғылданады. 1895-1909 жылдар арасында ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады. Ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары барма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған үкімет тарапынан ашылған мектептер барма, үшіншіден, ондай графикасы мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «әліппе» кітабы мен оқулықтары бар ма - міне, осыларға назар аударады. Әрине, осылардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар болып», күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған «жоқтарды түгендеуге» кіріседі.
Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ графикасымен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақтың ұлттық жазуына иекемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеуге кіріседі. 1929 жылы 12 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында: «1901- жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым» дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолына жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім, екіншіден, қазақ прозасын (яғни, іс – қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» -дейді.
Араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикалық табиғатына лайықтап, қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан бастаған А.Байтұрсынов оны әрі қарай да қырнай түседі, полиграфиялық жағынан қолайлы - қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді – тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12 -сінде басталған Қазақ, Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланады. Бұл съездің күн тәртібіне алты мәселе қойылады. Олар: 1) жазу, яғни орфография ережелері, 2) әліпби, яғни алфавит, графика мәселесі, 3) қазақша пән сөздер, яғни терминология 4) Ауыз әдебиетін жию шаралары, 5) Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары,
6) бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүинелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары, мысалы, өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, олар да өз жазуларының реформалар жасай бастады.
А.Байтұрсынов — қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада. Қазақ балаларына арналып 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің тілі қазақша болғанмен, қазақша жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ болатын, сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. Жоғарыда айтылды, А. Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 июньде Россия Империялық Министр Советінің Председателі атына («Кіндік үкіметке») петиция жазады. Мұнда бір пункт етіп қойған талаптары: «Қазақ даласында оқу - ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» деген болатын.
Осы талаптың жүзеге асуы үшін А. Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазады. Ол (қазақша әліпбе) «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда Каримов, Хусаиновтар баспасында шығады. Бұған дейінгі қазақ балаларына ұсынылып келген «Букварь» немесе «Самоучитель» дегендер «жазуға үйрететұғын кінеге» ретінде қазақ балаларының сауатын орыс тілінде, орыс графикасымен ашуға арналған болатын. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралға А. Е. Алекторов: «Буквы русские, фразы, тексты на чисто киргизском языке» (үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарының орта тұсына дейінгі «қырғыз» деп аталған тұстарда әңгіме қазақ туралы екенін әрдайым ескертіп отыру қажет болмас) деп анықтама береді. Демек, А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» — тұңғыш әліппеміз.
1912 жылы шыққан бұл «Әліппеден» біздің көңілімізді аударатын бір мағлұмат аламыз, ол — А. Байтұрсыновтың «Баяншы» атты методикалық кітапшасы сол кезеңде-ақ бар екендігі. Оған мына текст дәлел: Бұ алифбадағы қай харф қандай дыбыстың белгісі, олар қай орында қалайша жазылмақшы һәм балалар алифбаға түспей тұрып дыбыспен қалай жаттықпақшы — бұлар жайын «Баяншы» деген кітапшадан қараңыз».
«Әліппе» оқулығы а, р, з таңбаларын танытудан басталады. Бұл үш дыбыстан тұратын ар, ара, араз, аз, аза, азар, зар деген сөздердің таңбалануы керсетіледі. Кітап бетінің теменгі жағындағы сілтемеде: «Бұл үш харфты балаларға үйрету үшін әуелі һәр бірін бөлек-бөлек бір-бір жапырақ қағазға үлкен етіп жазу [керек]. Сонан соң «а»-дан бастап һәр бірін балаларға бөлек-бөлек көрсету [керек]. Балалар һәр бірін жаңылмайтын болып білген соң, алифбаға қаратып оқыту [керек]. Бормен жазатын үлкен тақтай болса, һәр бірін бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады» деп хат таныту жолын көрсетіп сабақ әдісін қоса береді. Мұндай үйрету жолы өзге әріптерде де берілген. Кейбір сілтемелерде арабша жазудың бірқатар ерекшеліктері де көрсетіліп отырған. Мысалы у әрпін берген бетте: г/ сөз басында келсе, алдына таяқ қойылады, бұл таяқ оқылмайды; сүйеу болу үшін қойылады демек керек» деп ескертеді.
«Оқу құралы» тек сауат ашып қоймайды, сонымен қатар балалар үшін танымдық материалдарды, мысалы, қазақша және парсыша күн аттарын, арабша және орысша жүлдыз аттарын, қазақша ай аттарын, жыл аттарын ұсынады. 96 беттік бұл оқулық «ұсақ әңгімелер» деген атпен автордың өзі құрастырған 24 шағын әңгімелер тексімен және «Балалық күй» атты өлеңмен аяқталады.
Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл «Әліппе» кейін де бірнеше рет басылған, оның 1925 жылғы Орынбор басылымы 7-деп көрсетілген.
А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы күнгідей суреттермен берілген оқулық болатын, кітапты «Жаңа әліпби» дегеи атпен 1926 жылы Қызылорда — Ташкент баспалары бірігіп шығарған. 1927 жылдың өзінде оның 2, ал 1928 жылы 3-басылымы Қызылордада шығады. Бұл «Әліпби» «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткішінде» (Қызыл-орда, 1926) былайша бағаланады: «Жаңа құрал. Қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұқрынғы «Әліпби» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы көздерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпби» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпби» мазмұны қазақ жағдайына қарай, Мемлекет Білім Кенесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық. «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан («Білім кеңесі»).
А. Байтұрсынов тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауаттарын ашуға арналған «Әліпби» де жазған, ол 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылды.
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін, көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз жазу заманы... Сөздіқ жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін білу керек» болғандықтан, «қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінін, дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек» («Тіл — құрал», тіл танытқыш кітап. Сөз басы) дегенді өзіне міндет етіп алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл — құрал» деген атпен үш белімнен (үш кітаптан) тұратын оқулық жазуға кіріседі. Оқулықтың қосалқы аты «Тіл танытқыш» (әдебиеттану саласына арналған екінші үлкен еңбегіне «Әдебиет танытқыш» деген ат бергеніне қарасақ, ғалымның тіпті еңбектеріне ат қоюға келгенде де жүйелілікті, бірізділікті сақтауға ұмтылғанын көреміз). Бұл оқулықтың фонетикаға арналған I бөлімі алғаш рет 1915 жылы жарық көреді. Ол әрі қарай бірнеше рет басылған, 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-деп көрсетілген. Қазақ тілінің морфологиясына арналған II бөлімі бұдан да бір жыл бұрын 1914 жылы баспадан шыққан, оның 1927 жылғы басылымы 6-деп көрсетілген. Синтаксиске арналған III бөлімі де бірнеше басылым керген. Оның 6-басылымы 1928 жылы Қызылорда—Ташкенттегі «Қазгосиздаттан» шыққан.
«Тіл — құрал» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей - көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітабының «Сөз басында», «Тіл — құрал» деген аты қандай жат керінсе, ішкі мазмұны да әуелгі көзде сондай жат көрінер, өйткені бұл — қазақта бұрын болмаған жан, азат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын» дейді
«Тіл - құрал» — қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Бастауыш мектепке, яғни алғашқы 45 жыл оқитын шәкірттерге арналғанмен, қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық (морфологиялық - синтаксистік) құрыплмын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегІ түңғыш ғылыми жұмыстың басы. Бұл оқулықтар.— «қазақ тіл білімі атты» ғылым саласының ана тіліміздегі бастамасы және дұрыс, жақсы бастамасы. Өйткені қазақ тілінің дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларының түрлерін көрсетуде де сөздердің өзгеру (септелу, тәуелдену, жіктелу) тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да – қысқасы қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасын талдап-таныту күні бүгінге дейін А. Байтұрсыновтың аталған оқулықтарының негізінде беріліп келеді. Тілдің әр категорияның классификациясынан бастап, бүкіл терминдеріне дейін (бірен - саран жеке сәттерде болмаса) қазіргі мектеп грамматикасы.....
15.12.2018
Вернуться назад