DataLife Engine / География | Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама

География | Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама

Мазмұны

І Кіріспе.
І тарау
1.1. Жер бедері.
1.2. Климаты.
1.3. Табиғат зоналары.

ІІ тарау
2.1. Ішкі сулар.
2.2. Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама.

ІІІ Қорытынды.
ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер.

Климаты.
Австралияның және көршілес аралдардың климаттық жағдайлары олардың көпшілік бөлігінің экватор мен тропикке жақын біршама жылы су бассейндерінің қоршауында жатқанына байланысты болады және жылына 140-тан 180-ккал см2-ге дейінгі күн радиациясының жоғарғы жиынтығымен сипатталады. Тек 350 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай жатқан Тасмания мен Жаңа Зеландия аралдары ғана 120 ккал см2-ден кемірек алады. Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста едәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор.
Өзінің географиялық жағдайы мен орографиялық ерекшелігі бойынша Австралия 100 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы Африкаға біршама ұқсас келеді, климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары да біркелкі болады.
Тынық мұхиттың экваторға жақын шығыс бөлігіндегі атмосфераның айналым жағдайы январь мен июльде біршама болады. Алайда материктің батысында атмосфера айналымында елеулі өзгерістер байқалып, жылдың маусымдары арасында үлкен айырмашылық туғызады. Июльде экваторлық
қолат және бүкіл пассаттық айналым жүйесі солтүстікке қарай ығысады. Бұл оңтүстік жарты шардан, солтүстік жарты шарға қарай, Азия құрлығы жақта ауа тасқындары жүйесін жасайды. Солтүстік жарты шар пассатты Азияға жақындаған сайын материктің үстіндегі төменгі қысым аймағына қарай ауытқуға ұшырайды және оңтүстік шығыс жазығы муссонына ауысады. Оңтүстік жарты шардың пассаты осы себептердің әсерінен солтүстік жарты шарға оңтүстік батыс экваторлық муссоны түрінле келеді. Ылғалдың негізгі массасын бұл кезеңде солтүстік жарты шар алады. Оңтүстік жарты шарда жауын-шашын оңтүстік шығыс пассат өз жолында тауға кездескен жерлерде
ғана жауады. Австралияның көптеген аудары мен аралдарында бұл кезде қуаңшылық болады. Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасмания мен жаңа Зеландия июльде бұл аудандардың барлығына едәуір мөлшерде жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктер айналымның ықпалына ұшырайды. Январьда, Австралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа ағысының бөліну реті өзгереді. Австралиядағы төмендегі қысым аймағына тек оңтүстік жарты шардан ғана емес, сондай-ақ солтүстік жарты шардан да ауа келеді. Солтүстік жарты шар пассаты жердің айналу әсерінен ауытқуға ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан өткеннен кейін солтүстік батысқа қарай бағыт алып, Австралияның солтүстік бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде өтеді. Оңтүстік жарты шар пассаты бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Австралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа тасқынына айналады.
Сөйтіп, Австралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында январьда көп мөлшерде жауын-шашын түседі, ол кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстігі январьда оңтүстік-Үнді максимумның шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдердің ықпалына ұшырайды.
Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының батысқа ауысуы басым болып, жаңбыр жауады. Аралдардың температуралық, типті экватордан едәуір қашықтықта, жыл бойына бірқалыпты болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі бөлітері үшін температураның жылдық, тәуліктік едәуір ауытқуы тән.
Австралия мен көрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді.
Шегінде ұқсас аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады және ауа ағыны өрлей түседі. Бұл жауын-шашынның, оның жылдық қосындысының бірқалыпты таралуын және ылғалданудың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі орташа айлық температура +24 пен +280 С арасында ауытқиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бірқалыпты болып қалады.
Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралияның солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен, әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрақ келеді, алайда аралдарда мол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады, әйткенмен жазбен салыстырғанда оның мөлшері едәуір азаяды. Жылдық жауын-шашын мөлшері бұған рельефі қолайлы ықпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың орташа температурасы 200 С-ден төмен болған емес дерлік. Аралдардағы темпераеуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалықты аз.
Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің Шығыс бөлігі, яғни солтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа жағалаулары мен Шығыс-Австралия таулары бүкіл жыл бойына Оңтүстік –Тынық мұқит максимумы мен пассаттық айналымның батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бірқалыпты ылғал климаты келеді. Австралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады. Құрғақ кезең болмайды, бірақ жауын-шашын қысқа қарағанда
жазда едәуір көп жауады. Бұл жауын-шашын әкелетін оңтүстік –шығыс пассаты әрекетінің қысқа қарағанда недәуір интенсивті келуімен түсіндіріледі.
Температураның ауытқу амплитудасы Австралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп климатқа сондай-ақ таулы рельефтердің де әсері бар.
Материктің ішкі аудандарында бүкіл бой ына континентальды тропиктік
ауа басым болады және жылдық жауын-шашын қосындысы 250 миллиметрден аспайды.Салыстырмалы ылғалдылық 30-40 %-ке тең, ал жылдық әсіресе тәуліктік температуралық амплитуда өте үлкен (соңғысы 35-400 С-қа жетуі мүмкін). Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз – 50 С-ге жетеді.
Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Материктің оңтүстік-батысында жауын-шашын тек қыста жауады дерлік және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің максимумының ықпалыеа ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте тұрақсыз. Әдетте оның бұзылыуы солтүстіктен күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты, ол кейде 400С-ден де асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі-жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады.
Австралияның оңтүстік-шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бірқалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда ең көп жауады; оны шығыс және солтүстік-шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ қыста орташа температурасының неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді. (+5,+100С). Тауда аяз -200С-ге дейін болады.
Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температураның
едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мөлшерде жауады.
Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландия қоңыржай белдеуге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бір қалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымының тұрақты әсері әсіресе жауын-шашынның батыс жағалауларда және таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағддай туғызады. Қыстағы аяз -5, 70С-ге дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның айырмашылығы шамалы болады.
Австралия жерінің көбі тропиктік (18-300 оңтүстік ендік), солтүстігі субэкваторлық, оңтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 300 оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік. Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/ (см2*жыл); сондықтан Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Австралия түгелімен дерлік 20, 280 С жазғы және 12, 200 С қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Австралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы январь иен қыстың ең суық айы июль температурасының айырмашылығы шамалы.
Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Январьдың температурасы 400 С-тан жоғары болатын ең ыстық аудан солтүстік облыста. Температураның абсолют максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,10 С, абсолют минимумы Австралияның ішкі аудандарында -40, -60 С-қа дейін. Тұрақты аяз (-220 С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Австралия Альпісінде болады. Австралия жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, үлкен Суайрық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды жерге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 38%-де жауын-шашынның жылдық мөлшері 250мм-ден аспайды.
Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан Австралияда ұзаққа сзылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Австралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері – Кэрнс қаласының маңы (2243-ммдей). Үлкен суайрық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері күрт азайып, батыс жағалауында 250 мм шамасында ғана болады.
Австралияда тропиктік құрғақ климат басым. Оның территориясының 1/3 –іне ғана жауын –шашын жекілікті немесе мол түседі. Австралия – барлық жағынан ұланғайыр су айдыны қоршап жатқан шағын материк. Ол неліктен ең құрғақ материк болады? Бұл ең алдымен материктің физикалық – географиялық орнына байланысты болатынын енді сендер білесіңдер: оны дәл ортасынан дерлік Оңтүстік тропик кесіп өтеді, демек, материктің көп бөлігінде жоғары атмосфералық қысым белдеуі басым болады. Бұл белдеуде төмендейтін ауа ағындары, пассаттар мен жауын – шашынсыз, бұлтсыз ауа райы басым болып тұрады.
Австралия Оңтүстік Африка алып жатқан климаттық белдеулерде орналасқанымен, мұнда температура жоғары, ал жауын – шашын әлдеқайда аз түседі. Оның себебі: материк батыстан шығысқа қарай едәуір созылып жатқандықтан, континенттік ауа массалары қалыптасады,сондай – ақ материктің мұхит деңгейінен биіктігі де шамалы.
Материкте жауын – шашын қалай бөлінеді және оны қалайша түсіндіруге болады? Солтүстік Австралия с у б э к в а т о р л ы қ к л и м а т т ы қ б е л д е у – д е жатыр. Жазда (желтоқсан – ақпан) бұл белдеуге ылғалды экваторлық ауа массалары мол жауын – шашын әкеледі. Қыста (маусым – тамыз) мұ
төмендейтін ауа ағындары бір тропиктік құрғақ ауа басым болатындықтан, жауын – шашын аз түседі.
Т р о п и к т і к б е л д е у д і ң шығысында ылғалды, ал батысы мен орталығында – құрғақ аймақтар қалыптасады. Үлкен Суайрық жотаның шығыс беткейлері жыл бойы Тынық мұхиттан келетін теңіздік ауа массаларының ықпалында болады. Мұхиттың жылы ағысының әсерімен ауаның ылғалға қанығуы күшейе түседі.Сондықтан тау беткейлерінде жауын – шашын мол түседі. Материктің ішкі жазық бөліктеріне пассаттар құрғақ күйінде келеді, оларда жыл бойы жауын – шашын аз түседі.
Африканың табиғат зоналарының орналасуындағы сияқты, Австралияның табиғат зоналарының орналасуында да ендік зоналық жақсы байқалады. Африкадағы секілді, Австралияда да саванналар мен шөлдер зонасы кең алқапты алып жатады. Материктің орталық және батыс бөліктерінде шөлдер мен шөлейттер орналасқан. Бұл зонаны солтүстігінен, шығысынан, оңтүстік- шығысынан және оңтүстік-батысынан саванналар қоршап жатады.
Органикалық дүниесінің ерекшеліктері. Табиғат Австралияда ерте замандарда Жер шарында тіршілік еткен және басқа материктерде жойылып кеткен түрлерге жақын көптеген өсімдіктер мен жануарлар сақталған орасан зор қорық жасағандай. Мұның мәнісі: Австралия мен оның маңдайындағы аралдар өзге материктерден өте ертеде бөлініп кеткен және олардың органикалық дүниесі ұзақ уақыт бойы оқшау дамыған. Материктегі өсімдіктер түрлерінің 75% - ке дейінгі мөлшері Австралияда ғана кезеседі. Оларға өте алуан түрлі болып келетін эвкалиптердің көптеген түрлері жатады. Австралия эвкалиптерден, қараған, басқа материктерде кездеспейтін жапырақсыз, жіп тәрізді бұтақтар бар казуариндер өседі. Көшпелі құм қырқалары мен тасты қорымдарда өсімдіктер.....
15.12.2018
Вернуться назад