DataLife Engine / География | Азияның көлдеріне физикалық географиялық сипаттама

География | Азияның көлдеріне физикалық географиялық сипаттама

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................3
І тарау. Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама. Каспий теңізі.
1.1. Азияның көлдерінің физикалық – географиялық ерекшеліктері..................4
1.2. Каспий теңізінің географиялық ерекшеліктері................................................5
а) Каспий теңізінің зерттелу тарихы........................................................................7
ә) Геологиялық құрылысы мен рельефі пайдалы қазбалары..............................10
б) Гидрологиялық режимі мен су деңгейінің ауытқуы....................................11
в) Флорасы мен фаунасы және шаруашылықтағы маңызы..............................12
ІІ тарау. Азия тереториясындағы көлдердің геоэкологиялық ахуалы
2.1. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы........................................................14
2.2. Арал теңізінің экологиялық ерекшелігі.........................................................16
2.3. Байкал көліндегі қалыптасқан экологиялық жағдай...................................18
2.4. Балқаш көлінің геоэкологиялық ахуалы.......................................................19

Қорытынды..............................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................22
Қ

І тарау. Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама. Каспий теңізі.
1.1. Азияның көлдерінің физикалық – географиялық ерекшеліктері
Азияда көлдер өте көп тараған, бірақ олар көлемі жағынан үлкен болғанымен, терең емес. Соның ішінде ең кең атрағаны - тектоникалық көлдер. Оның ірілері - Өлі теңіз Манғолоияның солтүстігіндегі Хубсугу, Няньшань тауындағы Кукунор көлі, Хонсю аралығындағы Бива көлі, Урмия (Ризае) , Армиян таулы қыратындағы Ван көлі.
Вулкандық көлдер Жапон, Филипин, Зонд аралдарында таралған. Карст бедер формалары таралған облыстарда Шынь – юньан таулы қыратында, кіші Азия қыратында, Загрос тауларында Карсты көлдер қалыптасқан.
Мұздық көлдер Азияда Гималай тауларында, Қарақорымда, Тибетте шоғырланған. Олардың қалыптасуына мұзық әрекетімен қатар тектоникалық қозғалыстарда әсер еткен. Тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде тау аралық аңғарлар тұйық қазан шұңқырларға бөлінген. Осылай көлдер тізбегі түзілген. Көл террасалары мен ежелгі көлдердің шөгінділері қазіргі көлдері бұрынғы болған көлдердің тек аз бөлігін алып жатқанын көрсетеді.
Тибеттегі көлдердің таяздығы және суының тұздылығы олардың кеуіп бара жатқанын көрсетеді.
Ескі көлдердің орында сақталған релиіктілі көлдер Азияға тән ерекшелік. Олардың көпшілігі аридті аймақтарда – алдыңғы Азияның таулы қараттарында , Орта Азияда орналасқан. Олардың басым бөлігі ағынсыз көлдер және суы тұзды. Бұл көлдердің кейбіреуі құрғақ маусымда кеуіп кетеді, тек тау өзендерінің суымен және мұздықтармен қоректенетін көлдерде жыл бойы су сақталады. Кіші Азияның ірі реликтілі көлдері – тұз, Иран таулы қыратарында Систан ойысындағы Хамун, Орталық Азияда - Лобнор, Манғолияда үлкен көлдер қазан шұңқырларында Хиргис – Нұр.
Өзен торымен жиі Оңтүстік, Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның жазықтарында ұсақ көлдер көп. Олардың ірілері Тонлесап , Дунтинху, Поянху.
Азия көлерінің су реттеудегі ролі аса үлкен емес. Олардың негізгі гидрологиялық ролі өзен суларын буландыру.
1.2. Каспий теңізінің географиялық ерекшеліктері
Каспий теңізі - түркі тілдес елдеріне дүние жүзіне ортақ орналасқан ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м3- ке жуық , айдыны өте үлкен болғандықтан , теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы дүние жүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазірден 75 м жоғары болған. Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қоныстанған «Каспий» тайпаларына байланысты айтылған, Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде жазылған. Каспийдің табиғаты туралы жан-жақты зерттеу ХVІІІ ғасырда І Петрдің жарлығына сәйкес жүргізілді. Орыс патшалығы Каспий теңізі арқылы Азия елдерімен сауда – саттық жасауды көздеп әрі оның байлығын игеру мақсатында теңізге жан- жақты зерттеу жүргізді. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең емес (200-300м) , ең терең жері Оңтүстік бөлігіде (1025м). Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр. Орташа ені 320км.
Климаты. Қысы суық, жазы құрғақ континетті. Қыста Азия максимумы, ал жазда Азор максимумы мен Оңтүстік Азия минимумы тармақтары әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын аз , теңіз айдынында 200 мм шамасында жауады. Жазда орташа температурасы +26ºС, шығыс жағалауында кейде +44ºС жетеді. Теңіз бетінің жылдық булану мөлшері жоғары 1000 мм-ге, ал шығыс жағалауында 1400 мм-ге жетеді. Теңіз әр түрлі климаттық белдеуде орналасқандықтан (солтүстігінде қоңыржай, батысында ылғалды субтропиктік, оңтүстік шығысында құрғақ субтропиктік), су бетінде ірі толқын туғызатын жел тұрады.
Апшерон шоңғалында толқынның биіктігі 11м – ге жетеді. Жазда судың беткі қабаты солтүстігінде +26ºС – қа дейін, ал оңтүстүгінде +32ºС – қа дейін жылынады. Теңіз суының тұздылығыда әркелкі, әр түрлі өзендер келіп құятын солтүстік бөлігінде 13%, ал оңтүстігінде тым жоғары 28-30%. Қыс айларында судың температурасы 0-5ºС – қа, ал оңтүстік бөлігінде -10ºС шамасында. Мұз тек солтүстігінде қарашадан наурызға дейін қатып жатады. Соңғы жылдары Каспий суының деңгейі 1 м-ге көтеріліп, жағалауында орналасқан елді мекендерге көптеген қиындықтар туғызып отыр.
Теңіздің табиғи байлықтары. Каспий теңізі аймағындағы алғашқы мұнай 1870 жылы табылған. Қазір Каспий теңізі аумағы 4 мұнайлы- газды аймаққа бөлінеді.
1. Оңтүстік Каспий мұнайлы – газды алабы (бассейн)
2. Терек-Каспий, Индол – Кубан алабы
3. Үстірт – Арал және Маңғыстау алабы
4. Солтүстік Каспий алабы
Ғалымдардың есептеуі бойынша, солтүстік Каспий мұнайлы – газды алабының геологиялық ең көп (12 млрд. тонна) орналасқан жері.
Каспий теңізінің солтүстігінде, Қазақстанға қарасты жерінде мұнай мен газ кен орнын іздеу мақсатында көмірсутекті пайдалы қазбаларды барлау және өндіру ісіне маманданған бірнеше халықаралық ірі Арджип (Италия), Бритиш Газ интэрнэшнэл, БП Мобил, Инпекс бірлескен кәсіпорыны, Шелл, Тотал және Филипс мұнай – газ компанияларының консорциумы құрылды.
а)ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ – Каспий теңізін зерттеу 9-10шы ғасырдан басталған алайда жүйелі ғылыми зерттеуді Петр І ұсынысы бойынша 1714-1715 жылдарында А.Бекович- Черкасский бастады. Ол Кааспий теңізінің шығыс жағалауын зерттеді. 18 ғасырдың 20-шы жылдарындағы И.Ф. Соймоновтың гидрографиялық зерттеулерін 18-ғасырдың 2-жартысында, 19- ғасырдың басында Колодкин алғаш рет Каспий теңізінің жағалауын компастың қағаз бетіне түсірді.1904-1915ж Н.М Книповичтің басқарылуымен гидрологиялық және гидробиологиялық экпедициялар ұйымдастырды. Каспий теңізінің зерттеу жұмыстары Октябрь ревалюциясынан кейін кең өріс алды.
Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құғанымен, одан бірде-бір өзен ағып шықпайды. Соңғы жылдары Каспий теңізін оған құятын өзендер суымен ағып келген өндіріс қалдықтары қатты ластауда. Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңының ойпатынан мұнай мен газ өндіріледі. «Теңіз»мұнай кен орнынан өндірілетін мұнайдың құрамында 20 процентке дейін күкіртті газ бар. Күкіртті газ қоршаған ортаға қатты залалын тигізеді. Сонымен қатар бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700км ұзарып су астында қалған жерлерге тағыда 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалып қалу қаупі әсіресе Ксапийдің солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп тұр. Су астына қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекет аралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады, бірақ кезкелген экологиялық бағдарламаның іс жүзінде асуына, оның ірі мұнай – газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Теңіз суының деңгейі соңғы жылдары көтеріліп, Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендерді (Қаламқас Қаражанбас) су басу қаупі тұр.
Көктем айларында тасып жағалауға жайылған сумен бірге мұнай қалдықтары теңізге шайылып төгілуде Мұның өзі теңіз суының ластануына негізгі себеп болып отыр. Каспийден ауланатын балықтардан ауланатын ауру белгілері табылған, оның себебін ғалымдар балықтар қоректенетін микро организмдердің улануына байланысты екенін анықтады.
Каспий теңізі жағалауына орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған техникалық суды тазартудан өткізбей теңізге ағызып, суын ластауда. Мысалы: Ақтау қаласындағы Каспий аймақтық тау –кен металлургия комбинатының өндіріске пайдаланған суы мен бірге аққан қалдық заттар әсерінен Қошқар – ата көлі тіршілгі жоқ өлі көлге айналған. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес, Ресей, Түркіменстан, Азербайджан, Иран мемлекеттерінің ортақ проблемаларына айналып отыр. Олар бірігіп бұл проблеманы шешудің жолдарын қарастыруда.

ә) ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН РЕЛЕФІ, ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ – Каспий теңізінің солтүстік бөлігі Шығыс- Европа платформасының құрамына кіретін Каспий маңы синеклизасының оңтүстік шетін қамтиды, ал Маңғыстау шоңғалы теңіздің батысындағы су астына шөккен Карпинск бұйраты мен шығысындағы Маңғыстау сілемдерінің жалғасы болып табылады. Орталық бөлігінің түбі гетерогенді құрылымнан тұрады. Оның шығысы - эпиргерциндік Тұран платформасының су түбіне шөккен аймағы, ал Дербент шұңғымасы мен батысындағы теңіз түптік шельфі мен материктік беткейі – Үлкен Кавказ геосинклиникалық шеткі иілісі. Апшерон шоңғалы теңіз түбіне шөккен Үлкен Кавказ бен Копетдаг тауларын қосатын жақпарлы құрылымның бір тармағы. Оңтүстік Каспий ең байырғы теңіз шұңғымасы.
Каспий теңізінде мұнай мен газдың мол қоры бар. Мұнайлы-газды Маңғыстау және Апшерон шоңғалдары, теңіздің Дағыстан және Түркіменстан жағалаулары жатады. Қара –Бұғаз көл шығынағында мирабилиттің (химиялық шикі зат ) мол қоры бар.Түптік рельефімен гидралогиялық ерекшеліктеріне қарай солтүстік каспий, орталық каспий және оңтүстік каспийге бөлінеді Солттүстік бөлігінің ауданы 80 мың км2 , тереңдігі 4-8 м. Теңіз түбінің рельефі белесті келген аккумуляциялық жазық қайырлар және аралдар тізбегінен қалыптасқан. Солттүстік орталығы бөлігінен Маңғыстау шоңғалы арқылы бөлінген орталық Каспийдің ауданы 138 мың км2 ; мұнда теңіздің түптік шұңғымасы (дербент шұңғымасының ең терең жері 788 м ), шельфі және құрлықтық беткейі айқын байқалады. Құрлықтық беткейінде су астылық жылжымалар , коньондар және ежелгі аңғарлар көп. Оңтүстік каспий орталығы бөлігінен Апшерон шоңғалы арқылы бөлінген. Оңтүстік Каспий табаны абиссальды жазық (ені 30 км.) болып келетін шұңғыма (тереңдігі 1025 м.) мен шельфтен тұрады.
б) ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ РЕЖИМІ МЕН СУ ДЕҢГЕЙІНІҢ АУЫТҚУЫ- өзен аңғарлары мен желге байланысты судың циклондық араласуы байқалады. Су массасы батыс жағамен солтүстіктен, оңтүстікке қарай қозғалады да, Апшерон түбегіне жеткен кезде екі тармаққа бөлінеді. Оның біріншісі бағытын жалғастыра береді, ал екіншісі шығысқа бұрылып шығыс жағасындағы солтүстікке бағыт талғап ағысқа қосылады. Судың осындай циклонды циркуляциясын каспий теңізінің оңтүстік бөлігінен де байқауға болады. Солтүстік каспийде желдердің әсеріне байланысты пайда болатын бірнеше тұрақсыз ағыстар бар. Жел теңіз толқынын туғызады. Олардың биіктігі Апшерон шоңғалында 11м-ге жетеді. Жаз айларында судың беткі қабатының орташа температурасы 24-260С, оңтүстігінде 290С, Красноводск шығанағында 320 С, Шығыс жағалауында июль-август айларының кейбір күндерінде судың беткі қабатын күшті жел ығыстырып кетеді де астыңғы қабаттан көтерілген суық су температураны 10-120С-қа дейін төмендетеді.
Каспий теңізі деңгейінің маусымдық және қысқа мерзімді ауытқуы теңіз суының шалқып шегінуіне байланысты болады. Теңіз деңгейі солтүстік бөлігінде 2-2,5м-ге көтеріліп, 2м-ге төмендейді. Су балансының өзгеруіне байланысты Каспий теңіз деңгейінің көпжылдық және ғасырлық ауытқулары болады. Геологиялық, геоморфологиялық, археологиялық және тарихи деректерге қарағанда Каспий теңізінің ең жоңғары деңгейі б.з. алғашқы ширегінде және 19 ғасырдың басында байқалған.
в) ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей. Өсімдіктердің 500 , балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктер арасында көк жасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде қызыл және қоңыр балдырлардың түрлері көптеп кездеседі.
Өсімдіктерінің 600 түрі, балдырлардың жасыл, қызыл және қоныр түрлері өседі. Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі. Каспий теңізінен дүние жүзінде ауланатын бағалы бекіре тұқымдас балықтарының
( бекіре , шоқыр, көксерке ) 82 проценті ауланады. Каспийде өсетін ит балығының маңызы зор.
Каспий теңізі ежелден құнды балық түрлеріне бай. Бекіре тұқымдас балықтар (Дүние жүзі өнімінің 82% -і осында ауланады.), майшабақтар, тұщы су балықтары, итбалық ауланады. Соңғы кезде Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне Еділ бойының гидротехникалық құрылыстардың салынуына, теңізге өндірістен шыққан лас суларының құйылуына, теңізден мұнай өндіруіне байланысты ауланатын балықтардың мөлшері азаюда. Егер 1936 жылғы 500 мың тонна балық ауланса, 1956 жылы 491 мың тоннадан аспады. Әсіресе бекіре тұқымдас балықтар мен майшабақтардың өнімі кеміп кетті. Қазір оларды өсіру жұмыстары жүргізілуде. Каспий теңізінде теңіз-жол транспорты да дамыған. Мұнай, ағаш, астық, мақта, күріш, сульфат сиақты жүктер тасымалданады.
ІІ тарау. Азия терреториясындағы көлдердің геоэкологиялық ахуалы.
2.1. Капий теңізінің экологиялық жағдайы
Каспий теңізінде мұнай – газ өндіріру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның Батыс өңірінде табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экололгиялық жағдай қалыптасқан. Каспий теңізі әлемдегі шаруашлық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойы Каспий теңізінің деңгейі желқума – желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1 м – ге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1890 жылы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспии теңізінің су деңгей мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 -1990 жыл аралығына сәйкес келетіні анықталды. 1941 жылы су деңгейі 2 метрге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолют мөлшеріне (- 29,01 м) жетті.
1978 - 95 жыл су деңгейі 2,5 м қайта көтеріліп, 1995 жылы бұл көрсеткіш – 26,66 м болды. Мұнда жануарларыдң 2000 жуық түрі тіршілік етеді. Теңіздің балық қоры 2,9 мил тонна болса, оың 40 % солтүстік Каспий дің үлесіне тиеді. Бекре тәрізділердің дүниежүзіндегі өнімнің 90 % ті осында ауланады. Соңғы кезедері балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгетер, судың радиациялық және химиялық жолмен ластануы және қаскөйлектің (браконерлік) етек алуы бекренің қорын азайтуда. Сондай – ақ , мұндағы қортпа пілмайдың жылдан– жаға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы , Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім – Қазақстанның “Қызыл кітабына енгізілген” .
Каспий итбалығының жаппай қырылуы – Каспийдің солтүтік бөлігіндегі гидрометерологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін, 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдітерде (25 түрі эндемиттер) жатады, 6 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына , оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының , судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай – газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондтар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Каспий жағалауы аймағының ласатнуы мұнда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ – ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын жасап, оны іске асыруда.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағның табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; айқмақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

2.2. Арал теңізінің экологиялық ерекшелігі
Шөлейіт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастарудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абсолюттік метр , орташа ауданы 66,1 мың км 2 , көл 1064 км 3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі теңіз деңгейінің төмендеуіне , оның екіге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен және Кіші арал болып аталады (1992 жыл). Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 жылдары арасында шаңды дауыл жилігі 60 есе көбейіп , кеуіп кеткен теңіз түбінен жылына 15 – 75 мил тоннаға көтерілген тұзды - шаң желмен ауаға таралады. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның 1 тәуліктік радиация балансын екі есе азайтты. Экологиялық жағдайдың аэротүсірім арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км 3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды.
Жыл сайын Амудария алқабында суарылатын егістік жерден 11 – 15 км 3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 – 11 км 3 су буланып , жылдан - жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арам шөптер басуда. “Қызыл кітапқа” енгізілген 70 тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып – тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отырады.
Арал теңізі мен Амудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың тонна балық ауланса, 1970 жылы бұл көрсеткіш 15 мың тонна, ал 1982 жыл су тұздылығының 12 пайыздан 40 пайызға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 жылы Орта Азия мемлекеттері “Аралды құтқару” қорын .....
15.12.2018
Вернуться назад