DataLife Engine / Менеджмент | Акцион қоғам қаржысы

Менеджмент | Акцион қоғам қаржысы

Мазмұны

Кiрiспе.........................................................................................................3

1 Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының теориялық негiздерi

1.1 Акционерлік қоғам қаржыларын ұйымдастырудың негiзгi принциптерi...................................................................................................5
1.2. Акционерлік қоғамның қаржы ресурстары мен қаржы тұрақтылығы.................................................................................................. 9

2 Нарықтық экономика жағдайында акционерлік қоғамның қаржылық жағдайын талдау

2.1 “Арай ” АҚ– ның қаржы тұрақтылығын бағалау ............................16
2.2 “ Арай ” АҚ– ның қаржы жағдайын талдау жүйесi ....................... 20

3. Акционерлік қоғамның қаржы жағдайын жетiлдiру шаралары

3.1 ҚР–нiң нарықтық экономикалық жағдайына әсер ететiн фактор – акционерлік қоғам қызметiнiң тиiмдi дамуы.............................................23

Қорытынды ................................................................................................. 28

Қолданылған әдебиеттер........................................................................... 29

1 Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының
теориялық негiздерi

1.1 Акционерлік қоғам қаржыларын ұйымдастырудың
негiзгi принциптерi

Қазiргi нарықтық экономикада шаруашылық субьектiлер арасынан акционерлік қоғамдардың атқаратын орны айрықша. Соңғы онжылдықта "экономиканың акционерлік қоғам секторы " деген термин қазiргi заман бизнесiнiң экономикалық теориясы мен тәжiрибесiне кең тұрде енуде. Экономиканың нақты секторындағы жетекшi орынды акционерлік қоғамдар алады. Мысалға, АҚШ – та компания нарығының 1/20 бөлiгiн алатын акционерлік қоғамдар жалпы сату көлемiнiң 80% -на ие.
Көптеген жағдайларда акционерлік қоғамдар акционерлiк қоғам нысанында Ұйымдастырылып, өздерiн шаруашылық субьектiлердiң өзiндiк және ерекше тұрi ретiнде көрсетiледi. Акционерлік қоғамдар негiзiнен акционерлiк қоғам ретiнде келесiдей ерекшелiктермен көрiнiс табады:
Бiрiншiден, қолда бар акциялар нысанындағы капиталдары бар iрi компаниялардың акциялары қор нарығында сатылады және сатып алынады.
Екiншiден, акционерлiк қоғамдардың ерекшелiктерiнiң қатарына олардың өздерiн өзi басқаруымен қызмет атқаратын заңды тҰлға ретiнде көрсетуiнде.
Ұшiншiден, акционерлiк қоғамдар өндiрiстiк және коммерциялық қызмет мақсатында Ұйымдастырылады.
Төртiншiден, қазiргi заманның акционерлiк қоғамдары өздерiн бизнестi Ұйымдастырудың тиiмдi нысаны ретiнде көрсетедi.
Олар едәуiр қосымша құн жасайды, iрi капитал қорын жинақтайды, қарыздың жоғары деңгейiн болдырмауға тырысады, ұлкен табысқа ие және жетекшi қаржылық технологияларды қолданады.
Сонымен қатар, iрi акционерлiк қаржыларының жиынтығы тұрiндегi Акционерлік қоғамның қаржылар компаниялары мен эканомиканың басқа да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанадағы әр тұрлi iшкi және сыртқы қарым қатынастарын бiлдiредi. Олар компанияның табыстарын құру бөлу және пайдалану процесiде пайда болады.
Кәсiпроынның қаржылар ақша қатынастарының ауқымдылығымен және әртұрлiлiгiмен ерекшеленедi.
Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесiнде қалыптастыру мен оларды пайдалану кездегi ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан республикасының қаржы жұйесiне
кiретiндер:
­ мемлекеттiк қаржылар (республикалық) бюджет, халықты әлеуметтiк сақтандыру қоры және бюджетпен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жҰмыспен қамту қоры және т.б.
- жергiлiктi қаржылар жергiлiктi бюджетке тұсетiн қаржылар.
- акционерлік қоғам қаржылары.
Мемлекеттiк қаржылар деңгейiнде елдiң бiрiңғай қаржылық саясатын жетiлдiру жұзеге асырылады, бҰл өз кезегiндегi акционерлік қоғам қызметiнiң тиiмдiлiгiне байланысты.
Акционерлік қоғам қаржысы елiмiздiң қаржы жұйесiнiң құрылымында елеулi орын алады. Мемлекеттiк қаржы қорларының басым бөлiгi акционерлік қоғам деңгейiнде қалыптасады. Республикалық бюджеттiң кiріс бөлiгiнiң 70-80 процентi салық тұсiмдерi есебiнен құралады.
Акционерлік қоғам қаржысының негiзгi қызметтерi:
- бөлiп-тарату;
- бақылау.
Қаржының бөлiп-тарату қызметi арқылы акционерлік қоғам иелiгiндегi барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылды және пайдаланылады. Қаржылардың бөлiп-тарату қызметiнiң орындалуы арқасында ұзiлiссiз өндiрiстi ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бҰл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуi қамтамасыз етiледi. Демек ақша қаражаттарының дҰрыс таратылуы акционерлік қоғам жҰмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруiне серпiндi ықпал етедi.
Акционерлік қоғам жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажем. Бақылау қызметтерiнiң негiздерi қаржы ресурстарының қозғалысынан тҰрады. Олар өз кезегiнде қор ретiнде және қордан тыс нысандарда құралады.Бақылау қызметiнiң маңызды екi мәнi бар: бухгалтерлiк, статистикалық және басқа да есептесулердегi қаржы көрсеткiштерi; қаржылай ықпалдар. Егер бұрыңғы орталықтандырылған бюрократтық–жоспарлау жұйе кезiнде акционерлік қоғамды басқару өнiм шығару, пайда, өзiндiк құн және басқа да көрсеткiштер бойынша қатаң шектеулерге негiзделсе, қазiргi нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетiктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттiк қаржылық қолдау, тұрлi жеңiлдiктер, сақтандыру және т.б) жұзеге асырылады.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жұйесi мен өзгеше iс әрекетi талап етедi. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңда, материалдар мен шикiзаттың қисапсыз қорларының көгерiп, тот басып жатуына , яғни миллиондаған теңгенiң доғарылып, бекерге ысыран болуына жол бере алмайды. Акционерлік қоғам мұлкiне салынған әрбiр теңге жаңа табыс әкелу ұшiн осы қорларды қозғалысқа келтiредi. Жасанды көрсеткiш пен жоспар ұшiн жҰмыс iстеу келмеске кетедi.
Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар акционерлік қоғамдардың шаруашылықты жұргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып, олардың көптеген өндiрiстiк және қаржылық мәселелердi өз бетiнше шешудi мол мұмкiнiлiктi ашты. Атап айтқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi таңдауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс-әрекеттiң тиiмдiлiгi көбнесе осыған байланысты болады. Акционерлік қоғамдар бҰрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сiлтеуiмен емес, контрагенттердi (жабдықтаушы, сатып алушы, мердiгер, банк және т.б.) қазiргi кезде өз қалауы юойынша алады. Олардың өздерiне iскер серiктердi қаншалықты дәл және қатесiз таңдаумен нарықтық қатынастар негiзiнде мұмкiндiгiнше тез және дҰрыс бағдар тауып, оны Ұстануына қарай жҰмыстарының тиiмдiлiгi әр тұрлi болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жұргiзушi субъектiлердiң қызметiнiң жетiстiктерi басқару деңгейiне, қабылданған шешiмдердiң объективтiлiгi, нақтылығы, шығылдығы мен ғылыми негiзделуiне тiкелей тәуелдi. Ұйлесiмдi шешiмдердiң қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдаланып, елiмiздiң экономикалық өсуiне бағытталатыны белгiлi.
Нарық жағдайында Акционерлік қоғамның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-кұйiнiң орнықтылығының негiзгi оның қаржы тҰрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолмен өнiмдi өндiру мен сатудың ұздiксiз процесiн қамтамассыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстары жағдайын көрсетедi.
Акционерлік қоғамның қаржы тҰрақтылығын бағалау, объективтi, ғылыми негiзделген және ұйлесiмдi басқару, өндiрiстiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау ұшiн оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және Ұқыпты талдау негiзiнде ғана оның қызметiн объективтi бағалап, Акционерлік қоғамның қаржылық тҰрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның iскерлiк белсендiлiгiн арттыруға бағытталған нақты Ұсыныстар беруге болады. Мысалы, экономиканың барлық саласындағы акционерлік қоғамдардың иелерi мен еңбек Ұжымдары шикiзат пен материалдарды Ұқыпты жҰмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, оның сапасын көтеруге, өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мұдделi.
Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестiк кұресте табыс пен акционерлік қоғамды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсiпор ынның қаржы лық жағдайы мен қаржылық нәтижесi саналады ол ушiн осы аталған жайдың мәнi туралы дер кезiнду және сенiмдi ақпарат қажет.
Бұгiнде Қазақстан дамыған елдердiң қолданып жұрген халықаралық нарық стандартына, заңдарын және икемдi салық жұйесiн толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншiк тұрiн дамытуға және шаруашылықты басқарудың тиiмдi механизмiн (тетiгiн) жасауға бiртiндеп қолайлы жағдай туып келедi. Қаржылық- шаруашылық қызметтегi дербестiк; өзiн-өзi қаржыландыру және басқару; жҰмыстың тұпкiлiктi нәтижелерiне мұдделiлiк; қол жеткен нәтижелердi еселей тұсу; қаржы резервтерiн жасау; қаржыны меншiктiк және қарыз деп екiге бөлiп Ұстау; мемлекеттiк бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы мiндеттердi бiрiншi кезекте орындау; акционерлік қоғам қызметтерiне қаржылық бақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы акционерлік қоғамдағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
Контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгiленген iшкi шаруашылық негiзiнде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндiрiстi дамыту қоры, көтермелеу (ынталандыру) қорлары және т.б.) жөнiнде;
Акционерлік қоғамдармен – қаржыларды бөлу тәртiбi бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жұзеге асады (келiсiм-шарт мiндеттерiн бҰзған жағдайды айыппҰлдар төлеттiру және төлеу, әр тұрлi пай жарналарын (ұлес) енгiзу, бiрлесiп тындырылған қызметтерден тұскен пайданы бөлiсуге қатысу, басқа акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның iшiнде дивидентер алу және т.б );
Өнiмдi тҰтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында акционерлік қоғамдар келiсiмдердiң нысандары мен тұрлерiн өздерi таңдайды, мiндеттердiң орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртiптерiн анықтайды, өзiнiң өнiмдерi мен қызметтерiне қарай бағаны қалыптастырады және жеткiзушiлердiң баға негiздерiн де бағдарлайды;
Сақтандыру Ұйымдармен мiндеттi және ерiктi сақтандыру тұрлерi бойынша; банктер жұйесiмен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттердi төлеуге байланысты есеп айырысу–кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер Ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелерi бойынша; мемлекетпен бюджеттiк және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бҰл бағытталған жҰмысы бюджеттiк және бюджеттен тыс қорларға әр тұрлi салықтар, алымдар, жарналар жҰйесiн енгiзу арқылы жұргiзiледi; бағынышты басқару құрылымдармен iшкi салаларда қаржы ресурстарын бөлуде "тiкелей" және "көлденең" өзара байланыста болуы.
Ақша қатынастарының бҰл топтары акционерлік қоғам қаржыларының тҰтас мазмҰнын құрайды.
Шаруашылық субьектiлерiнiң ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жұйесi алдындағы мiндеттерiн орындау, ағымдағы шығындар және өндiрiстiң жҰмысын кеңейту, еңбеккерлердi әлеуметтiк қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттiлiктерiне пайдаланады.
Қаржы мееханизмi – бҰл қаржы ресурстарын Ұйымдастыру, жоспарлау және тиiмдi пайдалануды көздейтiн өзара тығыз байланысты мына төмендегi бес элементтердi ң жиынтығы:
• қаржы әдiстерi;
• қаржы тетiктерi;
• құқықтық қамтамасыз ету;
• нормативтi қамтамасыз ету;
• ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдiстерi – бҰл қаржы қатынастарының шаруашылық процестерiне ықпалы, яғни тигiзетiн әсерi. Ол кезегiнше мына мөмендегi екi бағытта iске асырылып отырады:
• бiрiншi, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жұйесi;
• екiншi нарықтық қатынастар бойынша.
Қаржы әдiстерiне бҰдан басқа:
• шығындар мен тұпкi нәтижелердi салыстыра отырып саралау;
• материалдық ынталандыру;
• ақша қаражаттарын тиiмдi пайдалану жатады.
Нарықтық қатынастардың даму деңгейiне қарай, қаржының өнрiс пен айналыс арасындағы қызметтерi коммерциялық есеп айырысуға байланысты. БҰл қаржы- шаруашылық қызметтерiнiң шығындары мен өндiрiстiң тұпкi нәтижелерiн ақшалай нысанда бағалау деген сөз. Жалпы алғанда, өндiрiске коммерциялық есептi енгiзудегi ең басты мақсат – шығынды аз жҰмсап, жақсы нәтижеге жету, яғни жоғары деңгейде пайда табу.
Қаржы тетiгi – бҰл қаржы әдiстерiн Акционерлік қоғамның iс-әрекеттерiнде қолдана бiлу. Яғни, құқықтқық қамтамасыз етуге:
• заң актiлерiн;
• қаулылар;
• жарлықтардың;
• басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативтi қамтамасыз ету мыналар арқылы көрiнедi:
• инструкция;
• нормативтер;
• нормалар;
• тарифтiк ставкалар;
• әдiстемелiк нҰсқалар мен көрсеткiштер және т.б.
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
• экономикалық;
• коммерциялық;
• қаржылай;
• басқа да ақпараттар беру кiредi.
Қаржылық ақпараттарда: қаржы тҰрақтылығы жөнiнде мiлiметтер; әрiптестер мен бәсекелестердiң төлем қабiлеттiлiгi, бағасы, курсы, дивидендтерi; тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы проценттерi, биржалық және биржадан тыс нарықтағы iстерi жөнiнде, шаруашылық субьектiлерiнiң қаржылық және коммерциялық қызметтерi жөнiнде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бiрден-бiр пайдалы септiгiн тигiзедi.
Әр тұрлi ақпараттар, мысалы, жеткiзушi, сатып алушы жөнiндегi хабарлар интеллектуалды меншiктiң бiр тұрi болып табылады және Акционерлік қоғамның жарғылық капиталында белгiлi бiр ұлеске ие.

1.2. Акционерлік қоғамның қаржы ресурстары мен қаржы тұрақтылығы

БҰл Акционерлік қоғамның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндiрiстi кеңейтуге жҰмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты мiндеттердi және еңбеккерлердi экономикалық жағынан ынталандыру iсiн жұзеге асыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар қаржы ресурстары:
- өндiрiстен тыс саланың обьектiлерiн дамытуға;
- тҰтыну;
- жинақтау;
- арнайы резерв қорларын толықтыруға жҰмсалады.
Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы Акционерлік қоғамның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал (акционерлiк және жиналмалы капитал ) жинаған кезiне сай келедi.
Жарғылық капитал – бҰл құрылтайшылар ұлесiнiң негiзiнде құрылған Акционерлік қоғамның мұлкi. Қаржы ресурстары негiзiнен пайданың есебiнен қалыптасады. Сонымен қатар – тозығы жеткен ( iстен шығарылған) мұлiктердi сатудан тұскен тұсiмдер, тҰрақты пассивтер, әр тұрлi мақсатты тұсiмдер, Ұжым мұшелерiнiң әр тұрлi жарналары мен ұлестерiнен (пай) құралады.
ТҰрақты пассивтерге қатыстылары:
• жарғылық, резервтiк және т.б капиталдар ;
• Ұзақ мерзiмдi қарыздар;
• Акционерлік қоғамның айналымындағы несиелiк қарыздар.
Қомақты қаржы ресурстары:
• акционерлік қоғамды құру немесе оны қайта құру кезеңiнде;
• акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды сату;
• құнды қағаздар және басқа да эмитенттердiң дивидендтерi мен проценттерiнен;
• қаржы операцияларынан тұскен табыстар мен несиелерден пайда болады.
Акционерлік қоғам қаржы ресурстарын - өздерi мұше ассасиациялар мен концерндерден; өздерi бағынышты Ұйымдардан; мемлекеттiк басқару органдарынан бюджеттiк жәрдем (субсидия) тұрiнде, сақтандыру Ұйымдарынан алуы мұмкiн.
Қайта бөлу кезiнде қалыптасқан қаржы ресурстарының бҰл топтарында сақтандыру қорынан тұскен төлемдердiң көлемi барған сайын артып отырады, ал тұсiмнiң шығындар тiзiмi қатаң шектелетiн бюджеттiк және салалық көздерi азайып отырады.
Акционерлік қоғамның қаржы ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жұзеге асады:
- өнiмдердi (жұмыс, қызмет) өндiру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар;
- өндiрiстi Ұлғайтуға және оны техникалық жағынан жаңғыртуда, материалдық емес активтердi пайдалануда инвестицияланған қаражаттарды капиталға қосу;
- құнды қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау;
- қаржылық, банктiк төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиiстi жарналар төлеу;
- әр тұрлi ақша қорларын және олардың резервтерiн құру, сыйлықтар беру және басқа сол сияқты әлеуметтiк сипаттағы төлемдер жасау;
- қайырымдылық мақсаттағы демеушiлiк және т.б. көмектер беру.
Эмитент – эмиссияны (ақша, құнды қағаздар шығару.) жұзеге асыратын мекеме немесе акционерлік қоғам.

Акционерлік қоғамның қаржы ресурстарының пайда болу көздерi

Акционерлік қоғамның қаржы ресурстары

Меншiктiк және басқа да қаржылар негiзiнде келтiрiлгендер қаржы нарығында жҰмылдырылғандар қайта бөлу кезiнде тұскендер
- өзiнiң құнды қағаздарын сату
- құнды қағаздар бойынша басқа эмитенттердiң кiрiстерi мен дивидентерi
- несиелер (кредит) -сақтандыруды толтыру төлемдерi
- концерн, ассоциация, салалық құрылымдардан тұсетiн қаржы ресурстары
-бюджеттiк жәрдемдер және т.б
-негiзгi қызметтерден пайда
- тоззығы жеткен мұлiктердi өткiзуден пайда
- өткеiзуден тыс операциялардан пайда

Акционерлік қоғам өзiнiң iс-әрекетiн жұзеге асыру ұшiн нақты жинақталған әкономикалық ресурстары немесе өндiрiс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар, жалпы алғанда, тауарларды өндiру және қызмет көрсету ұшiн пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндiретiн ресурстары. Тұрлiше барлық ресурстарды әр тұрлi көз қарастарға сәйкес топтастыруға болады. :
1. Материалдық ресурстар - жер немесе шикiзат материалдары және капитал.
2. Адам ресурстары –еңбек және кәсiпкерлiк қызмет. "Жер " Ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар; егiстiк жерлер, орман, райдалы қазба, кен орындары, су ресурстары.
«Капитал» немесе инвестикалық ресурстар Ұғымы –тауар өндiру және қызмет көрсету, олардың тұпкiлiктi тҰтынушыларға жеткiзушiлерге пайдалануға арналғна барлық өндiрiстiк құралдары (ғимараттар, құрылыс, жабдықтар және т.б) .
Өндiрiс процесiн және өндiрiс құрал-жабдықтарының қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жҰмсау деп атайды.
«Еңбек» Ұғымы тауар өндiруде және қызмет көрсетудегi барлық дене және адамдардың ақыл-ой қабiлеттiлiгiн көрсетедi.
Барлық эканомикалық ресурстар немесе өндiрiс факторлары жалпы бiр қасиетке ие: олар сирек немесе өлшеулi мөлшерде болады. БҰл қағида бойынша қазiргi деңгейдегi эканомикалық дамуда барлық қажеттiлiктердi қамтамассыз етуде ресурстардың әлi де болса кем екендiгiн бiлдiредi, егiстiң жердердiң, пайдалы қазба байлықтардың, өндiрiс құралдарының, жҰмыс қолдарының (жҰмыс уақытын) белгiлi бiр шегi болады. Ресурстардың сирек кездесетiнi салдарынан өндiрiстiң өнiмi де мардымсыз болып, осыдан қоғам тауарлар мен қызмет көрсетудiң межелеген барлық мөлшерiн ала алмайды.
Кез келген Акционерлік қоғамның өндiрiстiк –экономикалық iс-әрекетi өндiрiстiк ресурстарды заттай және ақшалай нысаны тұрiнде қалыптастырудан басталады. Көрсетiлген ресурстар оларды пайдалануда қалай мiндет жұктелсе, солай уақытына қарай бiр-бiрiмен айрықшаланады.
Ресурстар сатылатын .....
15.12.2018
Вернуться назад