Педагогика | Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

 Педагогика | Қазіргі  мектептегі  оқыту  принциптері

Мазмұны
І. Кіріспе....................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саналылық және белсенділік принципі.........................................................................6
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі........................................................................................8
2.3 Жүйелілік және бірізділік принципі.............................................................................10
2.4 Беріктік принципі.............................................................................................................14
2.5 Түсініктілік принципі......................................................................................................15
2.6 Ғылымилық принципі....................................................................................................17
2.7 Көңіл-күй принципі.........................................................................................................18
2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі......................................................20
ІІІ Қорытынды...........................................................................................................................22
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................23

Кіріспе
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған зандар мен заңдылықтар. Бұл заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, үдерістер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, шынайы, тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактика оқудың көптеген заңдылықтары және заңдарымен таныс, біз олармен әр қилы мәселелерге орай кездесіп отырамыз. Дидактикалық үдерістің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу үдерісіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды. Осыдан, дидактикалық принциптер (латын сөзі "негіз") оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Дидактика тарихынан белгілі болғандай, зерттеушілер принциптерді ашу жолында елеулі табыстарды қолға кіргізді. Енді мұғалімдердің міндеті осы белгілі принциптерге сай әрекет ете отырып, оқу сапасын жоғарылату мен оның тиімділігін және беріктігін көтере түсу. Принциптер дидактикалық үдерістің біртұтас тұжырымдамасын құрай отырып, табиғи бірлікте әрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А.Коменский қалаған. Ғұлама - педагог пікірінше, оқудың негізі - табиғи сәйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сәйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. А.Дистервег бұл жүйені жаңа талаптарға негізделген нақты ережелермен толықтырды. Бұл ережелер 1) оқу мазмунына, 2) оқытушыларга, 3 оқушыларга қатысты болады. К.Д.Ушинский тиімді оқуға қажет келесі шарттарды белгілеп берді: уақытқа сай болуы, біртіндеушілік, табиғилық, тұрақтылық, игеру беріктігі. анықтығы, оқушылардың дербестік әрекеті, жүктемелердің аса ауыр не өте жеңіл болмауы, дұрыстық өз алдына әртүрлі мақсаттар белгілеген дидактикалық жүйелерде бір-біріне ұқсамас оқу принциптері іске қосылады. Негізгі тұжырымдары өткен баптарда жария етілген Гербарт және Дьюи дидактикалары өзіндік ерекшеліктерге ие болғанын білеміз. Біз әңгіме еткен жаңа дидактикалық жүйе дәстүрлі (классикалық) және қазіргі заман оқу принциптерін пайдалануда байыптылық сипат танытады. Осыдан онда бірдей уақытта көптеген заңдар мен заңдылықтар іске қосылып жатады. Оларды әр қилы жолдармен топтастыруға болады және олардан негізгі тұжырымдарға сай көптеген жаңа жүйелерді ажыратып, бөлу мүмкін. Сондықтан да оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда оқу принциптерінің әртүрлі жүйеде біріктірілген топтарын кездестіреміз. Егер дидактикалық принциптердің сізге бейтаныс жүйесі қолданылып жатса - таңданбаңыз, мәндік жағынан олардың бәрі бір-біріне жақын. Біздің оқулығымызда жаңа дидактика жүйесіне арналып түзілген және педагогтардың көпшілігі тарыпынан қабылданған принциптер легі қарастырылады. Бұл принциптер жалпы танымал.
Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиги сәйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық талаптар төмендегідей: 1) саналылық және белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік және бірізділік; 4) беріктік; 5) түсініктілік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен тәжірибенің байланысы.
Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай әрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Ғасырлар бойы тексеріліп, сыннан өткен бұл принцип талаптарын бұзған мұғалім ешуақытта да оқу мен тәрбиеде жоғары сапаға жете алмайды. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие үдерісінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.
Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже - бұл педагогикалық іс-әрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тәсілінің сипаттамасы (описание). Көбіне оқу ережесі деп қандай да принципті қолданудың жеке тараптарын ашып бере-тін жетекші тұжырымдарды түсінеміз.
Оқу ережелері теориядан тәжірибеге өту "көпірі" ретінде танылған.Оларда мұғалімнің көптеген ұқсас оқу жағдайларында қолданатын бірдей әрекет тәсілдері беріледі. Ал кей жағдайларда - бұлар мұғалімге қалай әрекет жасау немесе жасамау керектігі жөнінде нақты көрсетпелер береді. Осыдан ережелерді білу қажеттігі кейбір педагогтардың қарсылығына душар болуда. Олардың ойынша, ережелерге бекіп, оларды сол күйінде орындау мұғалімдердің шығармашылық ынтасын дамытуға кері ықпал жасайды. Бұдан шығар қорытынды - басты назарды ережелерге байлап тастамай, оқудың жалпы теориясын игеруге және оны шығармашыл қолдану дағдыларын баулуға аудару қажет. Бұдан 10-15 жыл бұрынғы педагогика оқулықтарында ережелер жөнінде әңгіме қозғалмайтын. Ежелгі батыс, орыс мектебі, керісінше, осы оқу жұмыстарының ережелеріне көп көңіл бөлген. Өткен ғасыр басындағы мұғалімдерге арналған оқу құралдарының бәрі мектеп өмірінің қалаған жағдайларына арналған шын мәніндегі педагогикалық ережелердің, нұсқаулардың жинақтары болатын. Мектеп ол заманда өмірдің шынайы қағидаларымен ретке келтірілген бір қалыпты оқу жұмыстарын алып баратын. Ережелерге түзетулер енгізіп, оларды ұдайы қайта қарастырып, ғылым жетістіктері және тәрбиенің өзгеріс жағдайлары негізінде жаңалап бару қажет. Ережелерге аса арқа сүйеп немесе оларды бұлжытпай орындауға құштарлық етуге болмайды. Себебі бұл мұғалімдердің шығармашыл ын-тасын байлап, жаңашылдық іздестіруде кедергі жасайды. Дегенмен, олардан түбегейлі бас тартып, оқу үдерісін шексіз еркіндікке тап қылуға және болмайды. Оқу жұмысында бір-біріне ұқсас, типтік, мұғалім шығармашылығын қажет етпейтін жағдайлар көп-ақ. Бірақ олардың зиянды тараптары мол. Осындайда оқу әрекеттерін ережелерді ұстана отырып, іске асырған жөн. Мұғалімдерге мұндай талаптар өз уақытында Я.А.Коменский, А.Дистервег және басқа көрнекті педагогтар тарапынан қойылған еді.
Ережелер мұғалімге қандай да бір жағдайларда нақты әрекеттерді жасауға сілтеме беріп, белгілі бір талаптарды орындауға бағыттайды. Ал бұл нұсқаулардың қалай орындалуы тікелей мұғалімге тәуелді. Мысалы, оқушы сабақ басына кешігіп, сыныпқа қоңыраудан соң кіріп келді. Мұндай жағдайда мұғалім ережеге сай оқушыға қандай да ықпалды әрекетжасауы қажет, себебі тәртіп бұзу ескерусіз қалмауы тиіс. Ал бұл ескерту қалай орындалады - оның жолы бүтіндей және толығымен нақты ситуацияға, оқушы тұлғасына, мектепте қабылданған тәртіптерге, қалыптасқан қатынастарға және көптеген басқа да себептерге байланысты. Ережелер саны қанша болуы мүмкін ? Бұл сұраққа К.Д.Ушинский сөздерімен жауап берген әділ болар: "... Бұл ережелердің өздері ешқандай да шекке ие емес: оларды бір - ақ баспа парағына сыйдыруға да болады, сонымен бірге олардың басын құрап, бірнеше кітап томдарын да құрастыру мүмкін. Басты іс - осы ережелердің бәрін ежелеп оқып, жаттап алу емес, сол ережелердің негізін құрайтын ғылыми тұжырымдарды түсіне игеру.
Әдетте, ережелер мұғалімдерге принцип талаптарын толықтай орындауға жол-жоба беретін кеңес-ескерту формаларында келтіріледі. Ал, қалай әрекет істеу керек деген нақты сұраққа олар тіпті де жауап бере алмайды. Осыдан ережелерді шығармашыл пайдалану қажеті туындайды. Сонымен, бүкіл педагогикалық үдеріс ағымын реттеп, бағдарлап отыратын заң, заңдылықтар және принциптер көп те әрі саналуан. Дидактикалық принциптер оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен зандарына сай келетін оқудың жалпы мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін айқындаушы тірек тұжырымдар жиынтығы. Педагогиканың принциптік талаптары ережелер жүйесі арқылы іске асырылады. Ереже-бұл педагогикалық іс-әрекеттің нақты жағдайларда белгілі мақсаттарға жеткізу тәсілінің сипаттамасы (описание).
Саналылық және белсенділік принципі
Аталған принциптің негізінде ғылым тарапынан анықталған зандылық тұжырымдары жатыр - білім мәні өз ақыл ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу сеп-түрткілері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипа-ты, танымдық іс-әрекетті басқару және оқу - тәрбие үдерісін ұйымдастыру, мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндіктаным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын тереңәрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
- Алдагы жумыстың мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну - саналы оқудың қажетті шарты: олар-ды оқушыларға көрсетіңіз, маңызы мен мәнін түсіндіріңіз, болашақтағы қажетін бала санасына жеткізе біліңіз.
- Оқыту барысында оқушы не, неліктен және қалай істеу керектігін түсінетін болсын, сонымен оқу жұмыстарын қарадүрсін орындамай, алдын-ала олардың терең мән, мағынасын ұғынсын.
- Оқу барысында танымдық іс-әрекеттің барша түрлері мен формаларын пайдаланыңыз, талдауды бірікті-ру тәсілімен, индукцияны дедукциямен, салыстыруды қарама-қарсы қоюмен біріктіріңіз, сәйкестікті жиі пайдаланыңыз, балалардың жасы неғұрлым кіші болса, индукция тәсілін жиі қолданыңыз.
- Оқушылар әр сөздің, сөйлемнің, уғымның мән-мағынасын түсінетін болсын: оларды қолдануда оқушылардың өтілген білімдері мен тәжірибесіне сүйеніңіз, бейнелі салыстыруларды пайдаланыңыз. Мән-мағынасы жете ашылуы мүмкін болмаған ұғымдарды сабақта қолданудан аулақ болыңыз.
- Балалардың бірін-бірі оқыту мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. Дұрыс шешім табудың ұжымдық формаларын
дамытуға қажет жағдайларды қамтамасыз етіңіз. Мұғалімнің түсіндермесінен гөрі, қасында бірге отырған жолдасының әңгімелеп бергені тиімді де әрі жеңіл, сондықтан сыныптағы үздік оқушылар қолынан келетін оқу істерін өз міндетіңізге алып, түсіндіріп жатуыңыздың қажеті жоқ. Бала белсенділігін тәрбиелеуде уақытты да, күш-қуатты да аянбаңыз. Есіңізде болсын, бүгінгі белсенді оқушы қоғамның ертеңгі белсенді мүшесі.
- Оқушыларға белгісіз мәліметтерді бұрыннан белгілілерімен қисынды ұштарыңыз: игерілген мен игеріліп жатқан білімдердің арасында қисынды байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды.
- Есіңізде болсын, оқудағы басты нәрсе - сіз оқытып жатқан пән емес, ол сіздің тәрбиеңізбен қалыптасып жатқан тулга. Оқушы сіздің оқу пәніңізге қосалқы элемент болмай-тындай етіп оқытыңыз әрі тәрбиелеңіз, керісінше, сол пәнді сізбен бірге белсенді игеретін субъект болсын. Жадыңыздан шығармаңыз, тұлғаны қалыптастыратын пән емес, пәнді оқытумен байланысқан мугалімнің өз әрекет-қимылы.
- Оқушының бақылайтын деректері мен игерген білімдері арасындагы айырмашылықтарды тауып және оларды түсіндіруді талап ететін жағдайларға келтіріңіз.
- Егер әр ереже тиімді сандагы мысалдармен қамтамасыз етілсе және сол ережелердің қолдану ауқымы қаншалықты кең екендігін оқушы түсінсе, оқу табысы соғұрлым жоғары болады.
- Игеріліп жатқан материалдардағы басты және екінші дәрежелі ақпараттарды табуга және ажыратуга үйретіңіз. Оқушыңыз ең алдымен өзекті мәселелерді түсініп, игеретін болсын. Сабақта келтіретін дерекжәне мысалдарыңыз негізгі мәселе мәнін көлеңкелеп тастамасын.
- Әкімдік беделмен ешнәрсеге үйретіп болмайды, оқу - сезім мен санага негізделген дәлелдер арқылы гана нәтижесін береді. Оқушыларға оқу-тәрбие істерінің аса өнімді әдістерімен қарулануына жәрдем беріңіз, оларды оқып үйренуге үйретіңіз. Оқушы зейінін сабақ материалынан алаңдататын жағдаяттарға назар аударып, бақылап барыңыз.

Ол жағдаяттар ішкі де (ой шашыраңқылығы, сабақтағы қажетсіз заттармен шұғылдану және т.с.с. ), сырттай да (сабаққа кешігу, тәртіп бұзу және т.с.с.) болуы мүмкін, кері әсер ететін себептерді жойып барыңыз. Мүмкін болғанша, "неге", "неліктен" сұрақтарын жиі қолданыңыз. Осы арқылы балаларды себеп-салдарлы ой толғауға үйретіп, дамытушы оқу үдерісін іске қосыңыз.
- Дәлелді деректер мен айгақтары бар оқу - нәтижелі оқу, мұндай оқуда күмән болмайды, ештеңе ұмытылмайды. Есіңізде болсын, нағыз білгір - түгін қалдырмай, қайталап айтып беретін емес, ал оны тәжірибеде қолдана білетін.
- Өз оқушыларыңыздың жеке-дара қызыгуларын зерт-теңіз әрі оларды ұдайы пайдаланыңыз, бала қызығулары оның жеке мүдделерімен, сонымен бірге қоғамдық қажеттермен үйлесімді болуына мән беріп, оларды дамыта түсіңіз.
- Оқу барысында турмыстық жагдайларды кеңірек пайдаланыңыз. Оқушылардан өмірде байқағандары мен олардың ғылыми түсіндірмелері арасындағы айырмашылықтарды түсіне ұғып, өзінше бағалауын талап етіңіз.
- Игерілген білімдер сенім, наным деңгейіне өтіп, оқушы әрекетіне басшылық болатындай дәрежеде оқытыңыз.
- Өзіңіз тәрбиелеп жатқан балаларды дербес, өз бетінше ойлауға және әрекет жасауға үйретіп барыңыз. Біреудің атқанын қайталауға, екінші біреуге сыбырлап жәрдем беруге және ойсыз еліктеуге жол бермеңіз.
- Оқушылардың шыгармашылық ой-өрісін мәселелерді жан-жақты талдау жәрдемімен дамытуга тырысыңыз, мәселелерді бірнеше қисынды айырмасы бар тәсілдермен шешуге үйретіңіз, шығармашыл тапсырмаларды жиі қолданыңыз.
- Сұрақ қою және оның жауабын тыңдай білу - белсенділікке ынталандыру мен оны қолдаудың маңызды шарты. Сұрақ қандай болса - жауап сондай, мұғалім оқушыны қалай тыңдаса - оқушы мұғалімді солай тыңдайды.
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі
Бұл ежелгі замандардан қолданылып келе жатқан аса танымал және сезімдік түсінікті принциптердің бірі. Оның негізінде келесідей ғылыми зандылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру мүшелерінің аса жоғары сезімталдығына ие; қабылдағыш жүйке (рецепторлардың) орталық жүйке-жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру ағзасының (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез және берік бейнеленіп қалады. Оқу тәжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған. Солардың кейбірін еске салайық:
- Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.
- Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.
- Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.
- Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.
- Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы кернекілік түрлерін пайдалану.
- Кернекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жен. Бұл оқушылардыңтиімді ізденісжәнезерттеужұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысын-да есіңізден шығармаңыз.
- Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және салдарлармен сәйкестендірілсін.
- Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.
- Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.
Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.
- Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.
Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.
- Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т.б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңіз;...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі