Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)

Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз) казакша Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз) на казахском языке


Сабақтың тақырыбы: Біз кітапханаға барамыз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды кітапханада өздігінен жұмыс істей білуге баулу, тапқырлыққа, ұтымды ой айтып, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілік: Кітап әлемі кітапхана атты кітап көрмесі,кітап туралы нақыл сөздер, балаларға арналған кітаптар, ертегілер.

Мектеп кітапханасы - оқушыға әдебиет таңдауға, оқырманның қызығушылығын кеңейтуге, оқуға, дүниені тануға қорғау салушы. Кітап—жан серігің, ақылдасар, сырласар досың. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен. Оқушының ойын байытып, сауатын молайтып, білім нәрімен сусындатар орда — кітапхана. Кітапханадағы кітап қорының мазмұны толық бейнеленіп, сипаты, типі, тақырыбы жағынан сан алуан түрлі анықтамалық әдебиет, энциклопедиялық сөздіктер, жалпы және арнаулы анықтамалар мен сөздіктер, жол нұсқаулар, тарихи тұлғалар қазақ әдебиеті энциклопедиясы арқылы жүзеге асырылады.

Кітап туралы қысқаша мағлұмат

«Кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді?

«Кітап» - арабтың «жазу» деген сөзі. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар — еврей тіліндегі «Таурат», Қытай тіліндегі «Конфуций», Парсы тіліндегі «Авеста» (25 кітаптан тұрады), Юнан (грек) тіліндегі «Інжіл», Араб тіліндегі «Құран».

Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Калиграфия қалыбы Х1 ғасырда пайда болды. Ал 1045 жылы Шын құймалы әріптерді литер жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХV ғарырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады. Русъте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде IХ ғасырда жазылған Отызнама , Махмуд Қашқаридың Диуани Лұғат ат—түрік т.б. кітаптары болды.

1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.Төңкерістен кейін өзімізде шықты.

Бірде білім нәріне кенелсең, бірде сонау сиқыршылар әлеміне сапар шегесің , бірде ұялтса, бірде бүкіл әлем сырын алдыңа жайып салады. Онсыз дүние жүзі балаларымен дос та бола алмайсың Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ деген осы.

Кітап туралы мақал—мәтел, нақыл сөздер

1
Кітап — оқығандікі,
Білім — тоқығандікі.

2
Кітап — асыл қазына.

3
Кітап — алтын сандық,
Іші толған, қазына құт,
Оқы, оқы ойыңа тұт.

4
Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.

5
Әліппенің арғы жағы — білім бағы.


Мақалдың жалғасын табу

Наданмен дос болғанша ... (кітаппен дос бол)
Кітап оқымай өмірді білу ...( білім алу мүмкін емес)
Білім алмай болдым деме, ... (еңбек етпей толдым деме)
Әріппен — білім, (әліппеден — ғылым)
Білім іздеген өсер, ... (бүлік іздеген өшер)
Оқыған — білгір, ... (оқымаған — ділгір)

Кітап туралы жұмбақтар

1. Қаба-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Бұл не ? (Кітап)

2. Тілі бар да, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ
Сөйлей туған ішінен.
Ол не? (Кітап)

3. Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан? (Әліппе)

4. Көлемі шағын, көп қырлы,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сиып кетеді.
Ол не? (Кітап)

Сөз сайысы

- Сөз анасы не ? Сөз анасы — құлақ.
- Су анасы не? Су анасы – бұлақ.
- Жол анасы не? Жол анасы — тұяқ.
- Дау мұраты не? Дау мұраты – бітеу.
- Сауда мұраты не ? Сауда мұраты – ұту.
- Қыз мұраты не ? Қыз мұраты – кету.
- Жол мұраты не ? Жол мұраты — жету.
- Ер жігіттің қанаты не? Жүйрік ат — ердің пырағы.

Кітаптың өз сөзі:

«Мені халық сүйеді, құрметтейді. Мен де адамды жақсы көремін. Мен адамға бақытты өмір сүруді үйретемін. Балаларды білімді, өнерлі болуға баулимын. Ойлаңдаршы, балалар Мен сонда кіммін? МЕН—АДАМНЫҢ ДОСЫМЫН. МЕНІҢ АТЫМ - КІТАП. Мен сенің қолыңда тұрмын. Мені жыртпай, күтіп, таза ұста. Мен — сенің сенімді досыңмын».

Қорытынды: Оқушыларға кітап жайлы көзқарастарын білдіріп, білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып, олардың әдеби кітапқа сүйіспеншілігін арттырып, ой - өрісін кеңейтіп, көркем әдебиетті оқуға ынталандырдық.



1 «ә» сынып оқушыларымен өткізген осы мерекелік шараға Аудандық аймақтық кітапхананың кітпханашылары Хамитова Б. және Шакенова А. қатысты.

Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)
Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)
Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)
Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)


Кітапханалық сабақ соңында балалар жаңа кітаптар көрмесін тамашалады.

Автор: Саржанова Р.К.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Кітапхана сабағы мен жобасы жинағы, кітапхана сабағы, кітапхана сабақ жоспары, мектеп кітапханасы сабақ жоспары, мектеп китапханасы сабак жоспары, библиотечный урок на казахском языке, китапхана сабагы, 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні, китап куни сабақ жоспары, кітап күні сабақ жоспары, кітапхана сабағы, кітапхана сабақ жоспары, мектеп кітапханасы сабақ жоспары, мектеп китапханасы сабак жоспары, библиотечный урок на казахском языке, китапхана сабагы, 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні, китап куни сабақ жоспары, кітап күні сабақ жоспары, Кітапхана сабағы: 2 сәуір - Дүниежүзілік кітап күні (Біз кітапханаға барамыз)