Кітапхана сабағы: Кітапханамен танысу (1 сынып)

Кітапхана сабағы: Кітапханамен танысу (1 сынып) казакша Кітапхана сабағы: Кітапханамен танысу (1 сынып) на казахском языке


Тақырыбы: Кітапханамен танысу

1. 1 сынып оқушыларына кітапхана – библиографиялық сауаттылық – «кітапхана» , «кітап қоры», «оқу залы» туралы негізгі түсінік беру.
2. Мектеп кітапханасы жағдайына байланысты бастапқы өзіне қызмет ету дағдыларын бекіту және қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мақсаттары балаларды кітапханада өзін ұстау ережелерімен таныстыру

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сіздер кітапханаға алғаш рет келдіңіздер. Мен сіздерге жұмбақ жасырғым келеді; дұрыс – бұл кітап. Сіздер бұл ғажайып және қызық кітаптар әлемін жақынырақ танисыздар.

«Библио» – грек тілінен – кітап, ал «тека» – сақтау орны, қойма дегенді білдіреді. Ал сіздер, әлемде кітапхана қанша жыл өмір сүріп келе жатқанын білесіз бе? 5 мың жылға жуық! Тіпті қағаз жасылмай, кітапханалар болған. Сонымен, кітапхана – бұл кітаптар үйі. Үй үлкен әрі кішкентай болады, бірақ таңғаларлық. Неге таңғаларлық деп сұрарсыз? Біздің кітапханаға келе бастағанда, сіздер, кітаптан әлемде қаншама қызық және ғажайып нәрселер бар екенін түсінесіздер.

Бұл үйде, біздің кітапханамызда кітаптар бір – бірмен тату өмір сүреді. Кітапханада кітаптар, журналдар көп, осының бәрі кітап қоры деп аталады. Қажет кітапті жылдам табу үшін, әр кітап өз орнында тұрады. Ал кітап әлемінде жақсы бағдарлау үшін сіздерге кітапханашылар көмектеседі. / танысу/ біздің кітапханада екі үлкен бөлме бар. Бір бөлмеде негізгі кітап қоры, ал мынау бөлмеде абонемент пен оқу залы орналасқан. Абонемент сөзінің мағыналары көп . сіз кітап таңғаннан кейін, оны абонементте оқу формулярына жазады. /көрсету/

Кітап таңдап алғаннан кейін, ол бірнеше күн сізде болады. Суреттер қарап, оқып, дәптеріне қызық нәрселерді жазып алуына болады. Бірақ көп уақытқа созуға болмайды, ойткені ол басқа балаларға да қажет. Егер оқып үлгермесең? Ештене етпейді, кітапханаға келіп оқу мерзімін ұзартуға болады. Біздің кітапханада оқу мерзімі 15 күн. Кітапханамызда үйге оқуға берілмейтін кітаптар да болады. Бұл анықталық әдебиет – энциклопедия, сөздіктер. Әр күн оқырмандарға қажет болуы мүмкін. Сол кітаптармен оқу залында жұмыс жасау керек.

Оқу залы дегеніміз не? /оқушылар жауабы/

Кітаптар – адам тәрізді: пайда болады, жасайды, ескереді. Адамдар сияқты, ауруы да мүмкін. Сондықтан біз кітаптар мен оқулыұтарды не істеуіміз керек?

- Күту керек!

Дұрыс! Кітаптарды жақсы қалпында сақтау үшін не істеуміз керек?

- Жыртпау,
- Былғамау,
- Сурет салмау,
- Беттерін бүкпеу,
- Тамақ ішкенде кітап оқымау,
- Кітап арасына қарындаштар мен қаламды салмау.

Кітап оқығанда қандай зат қолдану керек? /кітап тілшісі/ /закладка/

Көбінесе, кітаптар, өздерің ұқыпты қолданғанды үнатады.

Балалар, кітаптарды, оқулықтармен жұмыс жасау үшін арнайы ережелер бар. Міне, осы ережелер:

1.кітапты таза қолмен ұста.
2.кітаптың сыртын тыста.
3.кітаптың келесі бетін оң жақ бұрышынан ауыстыр.
4. кітапты оқығанда майыстырма.
5. кітапта белгі қоймай, беттерін бүкпе.
6. егер кітап жыртылса – желімде оны.

Нағыз оқырман болу үшін, кітапты пайдалану ережелерін білеің керек. Кітапханада өзін – өзі қалай ұстау керек? Неге ?

1 ереже. Кітапханада тыныштық сақтап, басқа оқырмандарға бөгет жасамаңыздар.
2 ереже. Кітапты уақытында, тапсыру қажет, ойткені басқа оқырмандар күтуде. Біздің кітапханадан кітапты 15 күнге дейін алуға болады.
3 ереже. Кітаптарды балалар көбірек қолдану үшін, оларды ұқыпты пайдалану қажет.
4 ереже. Мектеп кітапханасы кітапсыз қалмау үшін, кітаптарды жоғалтпау керек.
5 ереже. Кітапханашы кітаптарды басқа оқырмандарға жылдам табу үшін, оларды алған орнына қою керек.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!