Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

 Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі
Валиева Бибігүл Дүйсенбекқызы

Білім саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру.
3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет.

Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет:
Жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. (Полиция қызметкері)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш козі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.
- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесің дер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді).

(Тақтада)
Қызыл – тоқта!
Сары - сақтан!
Жасыл - жол ашық!
1 -: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
2 -: сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
3 -: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
(Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады).

Өлең шумақтары:
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа

Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!

Жолда жүру әліппесін,
Білген жөн бес саусақтай,
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор:
Медбике апамыз бәрімізді емдейді,
Ауырса адамды, аңды да емдейді.
Отырған мынау Медбике апаға,
Айтыңдаршы қане кімдер келмейді?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған, сыртынан қан шып - шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

Инспектор:
Апа, қараңыз мына сұмдықты,
Маймақты кім қынжылтты?
Медбике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас - көзіңе?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды - ай,
Сақтап қал, апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне,
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Медбике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарының қамы үшін.
Міне енді тұрғаның ұят - ақ,
Тәртіп керек, біліп ал, жан үшін!
Аю:
Медбике апа, инспектор жолдас, енді тәртіпті бұзбаймын. Кешіріңіздер мені!
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше, сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.
Инспектор:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты - бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
1 - бала:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады,
У - шусыз ұрыспай.
Сақтандыру, ескерту белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Тиым салу белгісі:
Қызылмен боялған, шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтсе де қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартыңды міндетті орында!
Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Тәрбиеші:
Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

Рефлексивті - түзетушілік қызмет:
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе «Жасдәуреннің балалары» әнін айтайықшы. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман - есен жүрелік.
Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: балалар жол тәртібі ережелерін есек түсіреді.
Түсінеді: жол белгілері түрлерін ажыратады.
Қолданады: рөлге бөлініп, ойнау арқылы қауіпсіздік ережелерін сақтауды жадына түйеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!