Балабақша тәрбие сағаты: Дендерім – байтақ мекенім

Балабақша тәрбие сағаты: Дендерім – байтақ мекенім

Сабақтың тақырыбы: Дендерім – байтақ мекенім
Сабақтың мақсаты: Туған өлке туралы мағлұматты бекіту. Табиғаты, жетістіктері, қазба байлықтары туралы айта отырып, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Табиғаттың әрбір бөлшегі адамзат баласы үшін асқан байлық, қайталанбас қазына екенін, адам өмірінің қорғаушысы, денсаулықтың қорғаны екенін ұғындыру. Сөздік қорын, ой – өрісін молайту. Жергілікті жердің қазынасы – гипстен жасалған құмыра бейнесін майлы бояумен әшекейлеу.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, саз, бейнелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, өлең оқу, қазба байлықтарды көрсету, майлы бояумен бейнелеу,тәжірибе жасау.
Сөздік жұмыс: Құм, саз, әк, цемент, гипс.
Көрнекіліктер: Жергілікті жердің ақындарының өлеңдері жазылған үнтаспа, жергілікті жердің көрнекті ғимараттары бейнеленген суреттері, қазба байлықтары, гипстен жасалған құмыра бейнесі, майлы бояулар, қылқалам, сүрткіш, су.
Қызмет кезеңдері Педогогтің басқару іс - қимылдары Балалар қызметі
1 кезең: Уәждік түрткі болу Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
Дидактикалық ойын: «Егер де ... не болар еді?»
(күн болмаса, су болмаса, ауа болмаса ...) Балалар жауаптары: үнемі қараңғы, қорқынышты, шөптер, ағаштар қурайды, қатты шөлдейміз, тыныс ала алмаймыз...
Проблемалық жағдай орнату:
1. Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
2. Қазақстан, Отан туралы қандай өлең жолдарын білеміз?
3. Балалар біз қай облыста тұрамыз?
4. Қай ауданда тұрамыз?
Қазақстанда

Отан сенің ата – анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан,ауылың...т.с.с.
(балалар өлең жолдарын оқиды)
Атырау облысында
Дендер ауданында
2 кезең: Проблемалық ізденістік Балаларды проблемаларды шешуге бағдарлау:
1. Слайдпен жұмыс:
а) Махамбет Өтемісұлы ақынымыздың ескерткіші.
ә) Мәңгілік алау- Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінің
ескерткіші.
б) Мәдениет үйі –
көпшілік демалатын орын.
в) Кітапхана –көпшілік
кітаптар алып оқитын
орын.
г) Мұражай-
халқымыздың өшпес
ерліктерін,қазба
байлықтарын, табиғатын, салт-дәстүрін сақтай
отырып,ұрпақтан - ұрпаққа
жалғастыратын орын.
д) Сөйлесу орны-жан-
жақты қалалармен
сөйлесетін орын.
2. Көптеген ақын –
жазушыларымыз ауданымыз туралы өлеңдер жазған, соны есімізге түсірелік:

Т.Досымов «Дендерім –
байтақ мекенім»
Дендерім менің – ардақты елім,
Шаттыққа толы айналаң.
Ата – бабадан мұраға қалған,
Жайықтың бойын жайлаған.
Дендерім менің, кең жерім
менің,
Байлыққа толы белдерім.
Махамбет пенен батыр Борандар,
Қыран боп туған ерлерім.
Ардақты елім, айбыным
менің,
Күмбез тау Шалқар айдыным.
Деңдерім менің кенді елім менің,
Қазаққа ортақ байлығым.
Ш.Өтеналиев«Индер
күмбезі»
Күмбезден құйылады, маржан тастар,
Секілді ойнап – күлген балғын жастар.
Байлығын күмбез таудың көтергелі,
Шығамыз қол ұстасып, кел жолдастар.
Индер тау айналайын айдыныңнан,
Бойында симай жатқан байлығыңнан,
Айдыныңнан байлығыңнан,
Сағындым үміт артып талай жылдан.
Байлығын Сәти, Мәтен аралығы,
Тегістеп барлаушылар қарап алды.
Өзіңнен қажеті кен Борат тауын,
Оныңды таза алтынға бағалағым.

3. Қазба байлықтар түрлерімен таныстыру:
Ине тәріздес тас
Борат
Улексит
Қиыршықтас
Гидроварвцит
Қызыл борат рудасы
Қара балшық
Аморит
Гипс
Күкірт
Селвенит
Ас тұзы
Құм
4. Топтастыру әдісін пайдалану:
Әдемі зәулім үйлер салу үшін - құм, саз ,әк, цемент, гипс керек.
Емге шипа – қара балшық,тұз суы керек.
Баланы қызмет үрдісіне психологиялық-педогогикалық сүйемелдеу:
Сергіту сәті: «Бес құбылыс»
«Ауа» - қолдарын жоғары көтереді,
«Су»- қолдарын алға созады,
«Жер» – қолдарын жоғары көтереді,
«Жел» – қолдарын жоғары көтеріп, шайқалады,
«От» - қолдарының басын, шынтақ буындарын айналдырады.
5. Тәжірибе жасау:
Гипсті сумен араластырып құмыра бейнесін жасау.
6. Майлы бояумен құмыраны бояу.
( үнтаспадан Б.Суханқұлов. «Дендерім» әні ойналады).

Слайд бойынша әңгімелейді.
Өлең жолдарын тыңдайды.
Балалар қосылып атайды.
Балалар топтастырады.
Балалар қимылдарын жасайды.
Балалар гипсті сумен араластырып, құмыра бейнесін жасайды.
Балалар майлы бояумен құмыраны бояйды.
3 кезең Рефлексті - түзетімдеуші Балалар қызметінің нәтижелерін талдау:
Балалар, біз қай ауданда тұрамыз?
Біздің аудандағы үлкен ғимараттарды атай қойыңдар.
Қандай қазба байлықтарды білеміз?
Гипстен ненің бейнесін жасадық?
( Балалар жұмыстарын саралау,мадақтау).
Дендер ауданында
Ғимараттарды атайды.
Қазба байлықтарды атайды.
Құмыраның.
Балалар өз жұмыстарына риза болады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!