Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту ойыны

 Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту ойыны

Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту ойыны
Оқу іс-әрекеттің мақсат-міндеттері: Білім беру саласы, «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
Дидактикалық ойындар: «Қандай пішін, ата!», «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық», «Аққаланы құрастыр» т.б
Ақпараттық құзіреттілік: Балалардың геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) туралы білімдерін жетілдіру.
Коммунакативтік құзіреттілік: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды тауып, сәйкестендіре білу қабілеттерін қалыптастыру.
Проблема шешу құзіреттілігі: Балалардың зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау сияқты танымдық үдірістерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: «Математика негіздері», «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар: Слайд көрсету, ойын-жаттығу
Оқыту құралдары: Геометриялық пішіндердің макеті, кубиктер, пішіндер бейнеленген карточкалар
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сқрақ-жауап, көрсету, қайталау, дидактикалық, дамытушылық ойындар өткізу, ғажайып сәт ұйымдастыр, тіл дамыту жаттығулар т.б.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әректі
Мотивациялық қозғаушы бөлімі Телефон шырылдайды. (тәрбиеші телефонмен сөйлеседі)
Балалар, сүйенші!
Жаңа ғана досымыз аққала телефон соқты. Бүгін бізге қонаққа келетінін айтты...
(Аққала келіп билейді).
«Аққала» әнін шырқау
Аула сырты баққа да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып
Ойнаймыз біз шаттана. (бірге билейді).
-Балалар, аққала бізге бірнеше тапсырмалар алып келіпті. Қане, бәріміз бірге орындайық
Сұрақ-жауап:
Аққала неше бөліктен тұрады? Қандай бөлшектерден?
Көзін, мұрынын, аузын неден жасаймыз? Аққаланы қуанышпен қарсы алып, амандасып ризалық білдіреді...
Ойынды бірнеше рет ойнайды
Мәнерлеп оқылған өлеңді зейін қойып тыңдап, бірнеше рет қайталайды.
Жаңа сөздерді, жеке және көппен бірге қайталайды.
Өлеңді тәрбиешімен бірге қайталады.
-үш
-үлкен, орташа, кіші дөңгелектерден
- көмір, сәбіз, шелек, сыпырғыш т.б
Іздені-ұйымдастырушы кезең Тәрбиеші балаларға тапсырмаларды ұсынады:
Дидактикалық ойын: «Геометриялық фигуалардан аққала құрастыр»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндердер туралы білімдерін толықтыру.
Сергіту сәті: «Пішін құрастыр»
Балалар жәшіктен әртүрлі геометриялық пішіндерді таңдап алу ұсынылады, балалар әуенге қосылып билейді де, әуен тоқтағанда қолдарындағы геометриялық пішін бойынша үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер жасап тұрады.
Дидактикалық ойын: «Жануарларға геометриялық пішіндерден үй құрастырайық»
Мақсаты: Өз бетінше жеке және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.
Дидактикалық ойын: «Қандай пішін, ата!»
Мақсаты: Өз қиялымен құралдар құрастыру, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіру, бастаған ісін аяғына дейін орындау дағдысын қалыптастыру.
Орындау шарты: Тәрбиеші балаларға карточкалардағы суреттерді көрсетеді (жастық, теледидар, күн, доп, пирамида, т.б). Бала доп-дөңгелекке ұқсас, жастық-төртбұрышқа ұқсас деп түсінік беруі қажет.
Аққала тапсырмаларын орындап, дидактикалық ойын ойнайды. Суреттерді қарап, сұрақтарға толық жауап береді, қандай пішіндерден құралғанын атайды.
Сергіту сәтін үйренеді, өздеріне ұнаған геометриялық пішіндерді таңдап алып ойынға қатысады.
Балалар ойын шартын сақтай отырып, өз бетінше, өз қиялымен әртүрлі жануарларға үйшік жасайды.
Үйлестірмелі суреттердегі заттардың атауын атап, қандай пішінге ұқсас екенін анықтайды.
Рефлексивті коррекциялаушы бөлім Аққала: - Балалар, өнерлі балалар екенсіңдер, тапсырмалардың бәрін дұрыс орындадыңдар, сендерге де рахмет. Сау болыңдар! Балалар, өз жауаптарын өздері бағалайды. Аққала да оларды қошметтейді.
Аққалаға рахмет айтты.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Геометриялық пішіндерді біледі.
Балалардың меңгеруі: Сурет бойынша мазмұндауды, заттар мен пішіндердің ұқсастығын ажыратуды, сергіту сәтін меңгерді.
Балалардың жасай алуы: Өз бетімен геометриялық пішіндерден заттар құрастырады, тәрбиешінің айтқанын қайталайды, берілген тапсырманы орындайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!