Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны

 Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны

Сабақтың тақырыбы: Шымырбекпен бірге фитбол доптар әлемінде ойыны
Сабақтың мақсаты: Балалардың доппен жаттығу жасау іскерлігін (домалату, лактыру, ұстау, баспен итеру, доппен массаж жасау) дамытып, ата-аналарға балалармен бірлесіп шынығудың, жұмыс жасауына ықпал ету және жұптық гимнастиканың тиімділігін арттырып, бір-біріне қамқорлықпен қарауына тәрбиелеу.
Өткізілу түрі: Фитболгимнастика.
Қостілдік құрауыш: доп-мяч.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші педагогтың әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық, оятушылық кезеңі Шаттық шеңбері:
Сау дене, таза ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен бақытты болар өмір.
Бару үшін бақшаға,
Ашу үшін тәбетті.
Құру үшін сен саулық,
Керек жақсы денсаулық.
-Балалар, бүгін бізді ерекше жаттығулар күтіп тұр. Өйткені, бүгінгі біздің жаттығуымыз ата-аналармен бірге өтпек, ал осы жаттығулар сендерге қызықты болу үшін біздің досымыз Шымырбек бізге фитбол доптарын беріп жіберіпті.
Өлең жолдарын мұқият тыңдайды.
Қатты қуанады .
Ұйымдастырушылық, ізденушілік кезеңі
Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі
Бір, екі, үш. Ұстаңдар фитболдарыңды!
Балалар фитболдарыңды алып, ата-аналарыңның алдарына тұра қалыңдар.
- Дұрыс қалыптасқан және әдемі келбет – денсаулық кілті. Осы жаттығуды күнделікті орындап тұрсаңдар, дене келбеттерің әдемі , дұрыс қалыптасады. Сондықтан, бүгінгі керемет күнімізді келесі жаттығудан бастайық:
Келбетті біз сақтаймыз,
Өз-өзімізді қолдаймыз.
Бәрін қатарынан тізбектеп.
Алдыменен жаттығу.
Еңкейемін, шалқаямын, түзелемін,
Онға, содан кейін солға бүгілем.
Содан кейін доп ойнап,
Үстел үстіне отырам.
Теледидар қараймын.
Бірақ- та есте сақтаймын
Арқамды тік ұстаймын.
«Доптың көмегімен массаж». -Жарайсыңдар балалар жаттығуымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып алайық.
Дамытушылық жаттығулар кешені:
-ана-бала, немесе әке-бала колонасының жәй жүрісі: (аяқ ұшымен, қолдарын жоғары көтеріп жүреді).
-өкшемен, қолдарын желкесіне қойып жүру.
-ата-ана, бала бір-біріне қарап тұрып қолды созып допты бірге ұстап жүреді.
-тізерлеп ,қолдарын жоғары көтеріп жүру.
-созылу (екі аяқты екі жаққа қойып, жоғарыға қарай созылу)
- еңкею (тізерлеп тұрып, алдыға-артқа еңкею)
- аяқты тынықтыру(допты аяқпен ары-бері домалату)
- бірігіп отыру- қарама-қарсы тұрып, допты бір-біріне домалату.
Тыныс алуын ретке келтіру: «Әуе доп» -тыныс алу гимнастикасы
Фитболмен орындалатын жаттығулар:
«Көңілді массаж» .

«Зерек бала».
«Көңілді футбол».
«Сәтті қадамдар»
-Жарайсыңдар балалар, енді Шымырбектің келесі тапсырмасы: «Суретші доп» деп аталады.
Шарты: кішкентай доптарды түрлі-түсті бояуға салып күн, алма салу.
Құрметті ата-аналар, сүйкімді де епті балалар бүгінгі көңілді фитбол гимнастикамыз осымен аяқталды, сендерге ұнаған шығар, олай болса шаттық үстіне шаттық қосып
- Фитбол би кешінде билеп қайтайық
Тапсырманы орындайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Барлығы фитбол доптарымен қатарға отырып бір-бірлерінің арқаларына доппен массаж жасайды.
Бой жазу жаттығуларын орындайды.
- Ауа лебімен үлкен, кіші доптар салу.
Балалар доптың үстіне іштерімен жатып, допты алдыға қарай домалатады.
Үлкендер баланың аяғынан ұстап, бала екі қолымен, арқасын тік ұстап жүреді.
Үлкен адам обруч ұстап тұрып, бала допты дәлдеп ату керек.
Ата-анасы алға қарай еңкейіп қақпа жасайды, бала баспен допты итеріп,қақпаға дәлдеп тигізу керек.
Бала аяғын үлкеннің аяғының үстіне қойын, қолымен фитболды құшақтап алып жәй жүріспен жүреді.
Балалар ата-аналарымен бірлесіп күн мен алманы бейнелейді.
Балалар мен оның ата-аналары фитбол доптарына отырып қимылды әуенге би билейді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!