Қысқы ағаштар

 Қысқы ағаштар

«Жұлдызша» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Нуредилова Н. К.
Білім беру саласы: «Шығармашылық» «Таным» «Коммуникация»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қысқы ағаштар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Табиғат құбылыстарының сұлулығын сезіну. Табиғатты қорғап, аялауға тәрбиелеу. Ағаштардың бейнесін тіс пастасымен дұрыс бейнелеу. Ойлау, сөйлеу, саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілінің. Қысқы ағаштардың суреттері, қысқы ағашының салу үлгісі, дидактикалық ойындардың көрнекіліктері, тіс пастасы, жарма, жапырақтар, ұлпақарлар.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Жұмбақ жасыру.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Кейде, ұлып, кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Балалар, бұл қай кезде болады?
- Қыста.
- Қыста қандай ерекшеліктер болады?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
- Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
Ал, қазір балалар дидактикалық ойын ойнайық:
«Артығын тап»
Мнемо кесте арқылы қыс туралы тақпақтар жаттау.
Балалар шықты далаға,
Ойнап, күліп жүр енді.
Шаналармен азады,
Аққаланы соғады
Балалар жұмбақты шешеді.

- Қыс мезгілінде
- Дала суытып, қар жауады, боран соғады.
- Қыста жылы киінеміз.
- Иә, ұнайды.
- Қар атыспақ, шаңғы тебеміз, шанамен сырғанаймыз, аққала соғамыз.
Балалар ойынға қатысады. Тақпақ жаттайды.
Іздену ұйымдастырушы - Балалар, қараңдаршы далаға. Дала аппақ тонға оранғандай. Ағаштарға назар аударайықшы, ағаштарымыз ағарып кетіпті, неге деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар, өйткені қыс мезгілінде қар жауады, айналаны басады.
(Суреттердегі қысқы ағаштарды көрсету, әңгімелеу).
Қыста ағаштар тіршіліктерін тоқтатпайды. Серуенге шыққанда бұтақтарын сындыруға болмайды. Ал керісінше түбіне қар үйінділерін үю керек.
Балалар, біреу маған телефон соғып жатыр, қарап жіберейінші.
- Алло, саламатсыз ба. Иә, бұл «Жұлдызша» тобы. Сен саяхатшы Дарасың ба?
(Дара Африка елінде, оның тұрғындары қысқы ағаштарды көрмеген, сондықтан балалар қысқы ағаштардың суретін салып, суретке түсіріп Дараға жіберулері керек).
Т: Балалар суретті салудың алдында саусағымызды жаттықтырып алайық.
«Қар жауып жатыр» жаттығуы.
Қысқы ағаштың суретін тіс пастасын пайдаланып, саусақпен салу.
(балаларға салу жолын көрсету).

Балалардың суреттерін мақтау, суретке түсіріп Дараға жіберу.
Сергіту сәті:
«Қыс қызығы» Али мен Айяның әні.

Дидактикалық ойын: «Қысқы ағашты табу».
Шарты: Балаларға төрт жыл мезгілдерінің ағаштары көрсетіледі. Соның арасынан қыс мезгіліндегі ағашты тауып көрсетулері керек.

Тәрелкедегі жармаға қысқы ағаштың суретін саусақпен салу.
Суреттерін мақтау.
Балалар далаға қарайды.

Өйткені қыс мезгілінде қар жауады, ол айналадағы барлық заттарды басады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Біз Дараға көмек береміз.
Балалар саусақтарымен тіс пастасымен ағаштардың бұталарын салады.
Балалар суреттерін көрсетеді.
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге орындайды.
Қысқы ағашты табады.
Балалар қысқы ағаштың суретін жармаға саусақпен салады.
Рефлексивті - түзетушілік Дидактикалық ойын: «Тиістісін тап».
Шарты: балалардың алдында жасыл, сары жапырақтар мен ұлпақарлар болады. Балалар қысқы ағашқа тиістісін тауып, ұлпақарларды ағашқа жапсырады.
Балалар қысқы ағашқа тиістісін тауып ұлпақарларды жапсырады.
Күтілетін нәтижелері:
Біледі: Жыл мезгілінің ерекшелігіне байланысты қысқы ағаштың қандай болатынын білді.
Игерді: Бейнені қағаз бетіне дұрыс түсіру.
Түсінеді: Табиғаттың әсемдігіне, тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарауды біледі. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!