Түлкі мен қоян

 Түлкі мен қоян

Бөлімі: Көркем әдебиет
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіндіру, ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке, достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі ге сай безендіру, қоян, түлкі, сәбіз суреттері.
Сөздік жұмыс: айлакер, қорқақ.
Пән аралық байланыс: ұзын - қысқа. Сенсорика

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ қойғым келіп тұр. Жұмбақтың жауабын суретте көрсетілген. Суреттің көмегі арқылы жұмбақтың жауабын табайық.
Жұмбақ
1. Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?
2. Көзі тостақ, өзі қорқақ.
Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.
- Түлкі.
- Қоян.
Түлкі мен Қоянға сипаттама беру.
- Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес. Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады. Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз.
Түлкі мен Қоян.
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді. Түлкі орманда келе жатып ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоянды түлкі ұстап алып:
- Ә бәле түстің ба қолыма, мен сені жеймін.
Өзін ұстап алған түлкіге қоян:
-«Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

Сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрау.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Иә, ұнады.
- Ертегіде нелер туралы айтылған?
- Түлкі, қасқыр, қоян туралы..
- Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?
- Ағаш түбінде отырған қоянды көреді.
- Иә, балалар, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

Сергіту сәті:
Т. Бердияровтың «Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар жасайды.

«Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау.
Топқа қасқырдан қашып келе жатқан түлкі келеді, ол талдың түбінде отырған қоянды көреді......
Түлкі қоянның құйрығын алып шығып кетеді.
- Балалар ендеше қоянның көңілін көтерейік. Балалар қоянға сәбіз жинауға көмектесейік.

Дидактикалық ойын: «Тез жина»
Ойынның шарты: жерде егілген сәбізді жинау.
Балаларды марапаттау. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі