Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

 Тәуелсіздік бастауы желтоқсан

Жүргізуші: Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел
Болашаққа нық басып буынған бел
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел

Жүргізуші: Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған Желтоқсан оқиғасының орны ерекше.
Тәуелсіздік үшін жанын құрбан еткен азаматтарымыздың рен еңбегі ешқашан ұмытылмас.
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бостандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.

Жүргізуші: Ендеше, сол Ұлы мерекеге арналған «Тәуелсіздік бастауы - желтоқсан» атты отбасылық шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа қатысушы отбасыларымен таныс болыңыздар:
1 - отбасы –
2 - отбасы –
3 - отбасы –
Қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші: Бүгінгі отбасылық шарамыз 3 турдан тұрады:
1 - Тур: «Жанұям - мақтанышым» ( Отбасын таныстыру)
2 - Тур: «Мен елімнің патриотымын» (Патриоттық ән, өлең)
3 - Тур: Үй тапсырмасы

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
- Балабақша меңгерушісі
- Балабақша әдіскері
- Балабақша тәрбиешісі
-
Ендеше сайысымыздың 1 туры бойынша сөз кезегін ата - аналарға береміз.
Жүргізуші: Тәуелсіздік таңын сүйем
Таңмен бірге келді өлең
Көк туына басымды ием
Көгімізде желбіреген
Әнді алысқа жеткіземіз
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз
Тәуелсіздік ұлы күнді, - дей отырып сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз.
2 - турымыз «Мен елімнің патриотымын» деп аталады. Сөз кезегі өздеріңізде.

Жүргізуші: Тәуелсіздік - бастауы бар бақыттың
Тәуелсіздік - ұлтың менен ұраның
Шартаратпа шаттығыңдай азаттық
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Үй тапсырмасы» әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

Жүргізуші: Рахмет ата - аналар.
Жеттік міне осы күнге көптен бері аңсаған
Ата - баба ұрпақ үшін көп уақытын жұмсаған
Осы күнге құрбан етті талай қазақ жандарын
Бұл күн үшін неше тұлға аямады қандарын
Азаматтарымыздың арқасында ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ия, егемендік, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама жастар құрбан болды, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Міне, бүгінде көк байрағымыз көкте желбіреген егеменді елміз. Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жүргізуші: Ата - аналар марапаттарыңыз құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Еліміз тыныш, балаларыңыз аман болсын.
Осымен құрметті қонақтар «Балақай» тобының дайындаған «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты отбасылық шарасы аяқталды

Жасай бер, жаса, тәуелсіз Қазақстаным!!!.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!