Сүт өнімдері

 Сүт өнімдері

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Сүт өнімдері»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары және сүт өнімдері туралы айтып, білімдерін жетілдіру. Олардың пайдасы, маңызы, туралы түсінік беру. Балаларға сүт өнімдерін зерттету арқылы ой өрістерін, қиялдарын, саусақ моторикаларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарлары және сүт өнімдері туралы әңгімелесу.
Әдіс - тәсілдер: Жылулық шеңбері, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, тәжірбие жасау.
Түрі: Ойын - зерттеу
Көрнекілік: Үй жануарларының және сүт өнімдерінің суреттері, слайд
Үштілділік компонент: Сиыр - корова - cow; сүзбе - творог - curd; сүт - молоко - milk:
Жылулық шеңбері:
- Кәне, кәне күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйіп не керек,
Ойнап, күліп жүрейік.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршанызға құрметпен бас иеміз біз!
Балалар, қане, енді өз аналарыңыз
сіздерді қалай еркелетеді, айтайықшы?
- Мені анам ботақаным, - дейді,
- Мені анам қошақаным, - дейді,
- Мені анам құлыным, - дейді,
Ғажайып сәт: (Жәй музыка әуенімен топқа Дымбілмес кіреді
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, таныдындар ма бұл кім екен?
- Иә, таныдық бұл Дымбілмес
– Дымбілмес сенің неге көңіл күйін жоқ?
- Ия менің бүгін көңіл күйім жоқ, өйткені бүгін бізге үй тапсырмасына үй жануарларының пайдасы, одан алатын өнімдер және де тағы басқа соған байланысты түрлі мәліметтер жинап келіндер деді, ал мен болсам ертең сабақта не айтарымды да білмеймін.(төмен қарап жылайды)
- Дымбілмес, сен уайымдама, жылама біз саған міндетті түрде көмектесеміз.
- Балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе?
- Иә, көмектесеміз - Ендеше балалар, Дымбілмеске үй жануарлары туралы айтып берейік.
Үй жануарларына нелер жатады екен?
- Олар үйде бағылып, еті, сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіріп отыратын жануарлар.
- Биенің (жылқының) сүтін не деп атаймыз?
- Қымыз
- Түйенің сүтін қалай атаймыз?
- Шұбат
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше Дымбілместі ертіп, әженің ауылына барып, толық мәлімет алып қайтамыз ба?
- Иә
- Ендеше бәріміз арбаға отырып, әжеміздің ауылына жол жүрейік.
- Сәлеметсіз бе, әже, қалыныз қалай?
- Амансыңдар ма балаларым, қош келдіңдер, төрлетіңдер!
- Әже біз сізден үй жануарларының пайдасы туралы және сүт өнімдері туралы білуге келдік бізге көрсетіп, әңгімелеп бересіз бе?
- Әрине, қазір мен сендерге бәрінде айтып беремін (шелектегі сүтті, ыдыстағы қаймақты, майды, сүзбені) көрсетеді.
- Балалар, қарандар бұл сүт, сүттен қаймақ және май жасалады. Мен бүгін құрт жасағалы жатыр едім, сендер маған құрт жасауға көмектесесіңдер ме?
- Иә, көмектесеміз!
Ал мен сендерге құрттың қалай жасалатының айтып берейін.
- Әже біздің балалар жолдан шаршап келді бойымызды сергітіп, жаттығу жасап алсақ қарсы емессіз бе?
- Әрине қарсы емеспін кішкене серігіп, бой жазып алыңдар.
Сергіту сәті:
- Балалар, қане, енді орнымыздан
тұрып, сергіту жаттығуын орындайық: Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.

- Балалар, мынау сүзбе бұл сүзбеге тұз салсақ дәмі ащы болады. Осы ащы сүзбеден құрт жасалады.( балалар, арнайы киімдерін киіп, қолдарын жуып құрт жасайды).
- Жарайсыңдар, балалар, енді осы жасаған құртымыздың бетін жауып, күннің көзіне шығарып қойып кептіреміз.
- Балалар, маған құрт жасауға көмектескендерінізге көп - көп рахмет!
- Міне менің кепкен құртымнан ауыз тиіндер.
- Әже сізге келгеніміз қандай жақсы болды бүгін біздер құртты өз қолымызбен жасауды үйрендік сізгеде рахмет.
- Менде келгеніме ризамын ертеңгі сабағыма көптеген мәліметтер алдым жәнеде құртты да өз қолымен жасап көрдім сізге рахмет. (Дымбілмес)
- Балалар, сендерге де рахмет келгендеріңізге маған көп кумектерін тиды.
Алдағы уақытта да келіп тұрыныздар.
- Балалар, біздің балабақшаға қайтатың уақытымыз болды.
- Әжемен қоштасайық, сау болыныз әже!
- Сау болындар қарақтарым!( балалар арбаға отырып, бақшаға қайтады)
- Балалар, біздер құрт туралы өте пайдалы кеңестер алдық
- Жарайсыңдар, балалар, сендер шыныменде өте ақылды балалар екенсіңдер мен бүгін сендерге келгеніме қуаныштымын. Өйткені ертең сабаққа барғанда апайыма айтатын көп мәліметтер жинап алдым.
- Сендерге көп рахмет! Мен енді үйге барып, ертеңгі сабағыма дайындалайын. Сау болыңыздар!
- Сау болыңыз!
(Құрттың пайдасы туралы слайд көрсету)
Қорытындылау:
- Балалар, бүгінгі зерттеу іс – әрекеті, сіздерге ұнады ма?
- Бүгінгі іс - әрекетімізде немен айналыстық, не жасадық?
- Ал, біздерге кім көмек сұрай келді?
- Біз қайда бардық?
Балаларды мадақтап, сыйлықтарын беру, зерттеу іс – әрекетін аяқтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: сүт өнімдері туралы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: құрттың жасалу жолдарын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ұқыпты жұмыстана білуді меңгерді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!