Сонша көбірек азырақ

 Сонша көбірек азырақ

Мақсаты: Балалардың үлкен - кіші, көп - аз туралы ұғымдарын қалыптастыру. Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып күнделікті өмірде қолдана білуге және бір - бірін аттарымен атай білуге үйрету. Балалар бойына достық, мейірімділік сезімін егу. Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Қоршаған ортамен жан-жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Қуанышты сәт, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сергіту сәті, қорыту.
Көрнекілігі: қуыршақтар, үлкен - кіші алмалар муляжы.
Сөздік жұмыс: Қуыршақтар, қызыл - сары алмалар, үлкен - кіші, көп – аз

Оқу іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру
(талпындыру) - Балалар сендер қандай әдемісіңдер, тобымызда әдемі, күніміз де әдемі. Осы әдемілігімізді сезініп, көңілімізді көтеріп ән айтайықшы.
Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, әнді орындайды.

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру - Жарайсыңдар балалар орнымызға жайғасайық.
Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
- Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
- Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім?
- Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
- Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.
Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал
Балаларға тапсырма:
1 - тапсырма:
Балалар қуыршақтар қолғаптарының сыңарын жоғалтып алыпты. соны табуға көмектесейікші.
- Жарайсыңдар балалар!
2 – тапсырма
Мына суретте нелер салынған?
- Сәбіз қандай түсті болады?

- Ал тәтті бұрыш ше?
- Ендеше сәбізіміз бен бұрышымызды бояйық.
- Балалар сәбіз көппе әлде бұрыш көппе?
3 тапсырма
- Қайсы көбірек? Тәрелке ме әлде кәмпит пе? Қайсысы азырақ?
- Енді балалар кәмпиті жоқ тәрелкелерге кәмпиттің суретін салып толықтырамыз.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.
Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.
Ең үлкен қуыршаққа қандай
орамал сыйлаймыз?
Әр қуыршаққа өзіне сәйкес
орамалдар беріледі.

Балалар тәрбиешімен бірге қуыршақтардың аттарын қайталайды.

- жоқ әртүрлі.
Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
- Жоқ
- Қызыл және сары
- Әртүрлі
- Қызыл алма үлкен сары алма кішірек
Балалар кітаптағы тапсырманы орындап қолғаптың сыңарын табуға көмектеседі.

Сәбіз бен тәтті бұрыш
Сәбіз қызғылт сары болады
Ал бұрыш әртүрлі түсті болады.

Сәбіз 3 - еу, бұрыш 4 - еу. Бұрыш көп.
Тәрелке көбірек. Кәмпит азырақ.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар үстел жанына келіп орамалдарды алады.

Үлкен қуыршаққа үлкен орамалды сыйлаймыз.
Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою) Балаларды мадақтау!
Балалар қуанады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Көп - аз, үлкен - кішіні ажыратып салыстыра білу.
Қандай тапсырманы игереді: Түстерді көлемдерді ажыратып, алмаларды жинау.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерін қолдана алады: Заттарды түстеріне, түрлеріне қарай ажыратып салыстыруды меңгереді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!