Дастархан басында

 Дастархан басында

Лексикалық тақырып: Дастархан басында
Оқу қызметінің тақырыбы: Азық - түліктер
Мақсаты: Балаларға азық - түлік түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Азық - түліктердің қайда сатылатынын, қайда сақталатыны туралы мәлімет беру. Дастархан басындағы әдептілік туралы түсінік қалыптастыру. Тағамдарды қорлауға, оларды қадірлей білу керек екенін түсіндіру.
Түзетушілік мақсаты: Баланың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. Бір - екі сөздермен сөйлем құрап, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: азық - түлік бейнеленген суреттер, шынайы тағамдар
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Мотивациялық ынталандырушылық
Амандасу тренингі
Қайырлы таң алтын күн!
Қайырлы таң жер ана!
Қайырлы таң достарым!
Дөңгелене тұрып барлығы бірігіп қайталайды.

Тыныс алу жаттығуы
Мұрынмен дем алып, ауызбен дем шығару.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдаршы?
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Фонематикалық есту қабілетіне жұмыс
Құстар және желдің дыбысын тыңдау арқылы олардың атауын атап, буынға бөледі.
Артикуляциялық жаттығу
"Сағат", "Түтікше", "Тәтті тосап", "Ат шауып келеді", "Саңырауқұлақ", "Жылан"

Бүгінгі оқу қызметімізде азық - түліктердің турлері туралы, олардың неден жасалғаны туралы әңгімелейтін боламыз. Азық - түліктер дүкенде, базарда сатылады. Азық - түліктер еттен, сүттен, ұннан жасалатын түрлері бар.
Азық - түліктерді қорлауға болмайды, асты қадірлей білуіміз керек. Дастархан басына келмес бұрын алдымен қолымызды сабынмен жуып аламыз. Дастархан үстіндегі асты бірінші болып, үйдің үлкені бастайды. Үлкеннен бұрын асқа қол созуға болмайды. Ас ішіп отырғанда сөйлеуге, қатты күлуге болмайды. Ас ішіп отырғанда газет немесе кітап, ұялы телефонмен алаңдауға болмайды, асты жақсы көқіл - күймен ішу керек, сол кзде ас сіңімді болады.

Суретпен жұмыс
Суретке қарай отырып, балалардан сурет бойынша сөйлем құрау арқылы балалардың ойын анықтау.

Логоритмика
Нан қиқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар

Жұмбақ шешу
Өзі ащы
Бірақ, дәмді етер асты (тұз)

Ұрмай - соқпай жылатады
Әркім бірақ ұнатады (пияз)

Өзі аппақ қардай
Шайға салсаң балдай (қант)

Аспан түстес сұйық
Әркім ішер құйып (су)

Дидактикалық ойын: "Ата, тап!"
Шарты: суреттер арасынан дастарханға қойылатын тағамдарды теріп алып, атауын атау.

Ұсақ моторикасына жаттығу.
Тақырыпқа сәйкес суреттер бояу.
Қорытынды
- Қазір жылдың ай мезгілі?
- Көктем айларын атаңдар?
- Азық - түліктерге нелер жатады?
- Олар қайда сатылады?
- Нан қалай дайындалады?
- Дастархан басында қандай әдептілікті сақтауымыз керек?
Жарайсыңдар! Рахмет!
Мадақтау .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі