👈 қаріп өлшемі 👉

1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)

 1 желтоқсан - Президент күні (Тұғыры биік Елбасы)

Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты
Айын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
- Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін!
Елбасымыз аман болсын,
Еліміз тыныш болсын!
- Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады?
- Ту, Әнұран, Елтаңба.
- Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық.
- Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Иә, өте жақсы көреміз.
- Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Мақал - мәтелдер:
1) Отан – оттан да ыстық.
2) Отан – отбасынан басталады.
3) Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
4) Отан үшін отқа түс күймейсің.
- Өте жақсы балалар, сендер Отан туралы мақал - мәтелдер біледі екенсіңдер. Енді Отан туған жер туралы қандай тақпақтар білесіңдер.
Отан
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан - ана
Отан үлкен,
Қазақстан – туған ел!

Туған Өлкем
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.

Астана
Болашаққа бастаған
Жарқырайды асқақ ән
Елордасы Отанның
мақтанышы – Астанам!
- Балалар бүгін бізде қандай мереке?
- Тұңғыш Елбасы күні.
- Дұрыс айтасыңдар, бүгін бізде үлкен мереке! Бұл мерекені біз жыл сайын тойлап отырамыз.
- Біздің Отанымыз қалай деп аталады?
- Қазақстан.
- Балалар, біздің Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Балалар, мынау менің қолымдағы ненің суреті?
- Қазақстан республикасының картасы.
- Біздің Елбасымыз қандай зәулім үйде жұмыс жасайды?
- Ақордада.
- Әдемі ғимараттарды, біздің бала - бақшамызды салдырған кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Қазір біз сендермен қазақтың ұлттық ойынын «Арқан тарту» ойының ойнаймыз. Балалар, мен сендерге ризамын. Сендер сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер. еліміздің белгілі азаматтары болыңдар. Құрметті қонақтар, «Тұғыры биік Елбасы» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Елбасымыз аман болсын.
Тыныштық заман болсын! .....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы