Түрлі-түсті моншақтарды тізбектеу

 Түрлі-түсті моншақтарды тізбектеу

Тақырыбы: «Түрлі - түсті моншақтарды тізбектеу»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
II - кіші тобы
Күні:_____________
Тәрбиеші:_____________
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеумет», «Шығармашылық»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Қоршаған орта. Математика, Қол еңбегі
Тақырыбы:«Түрлі - түсті моншақтарды тізбектеу»
Мақсаты: 1. Білімділік: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету.
2. Дамытушылық: Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін, көлемін, пішінін тану арқылы ақыл - ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Үш түрлі – қызыл, көк, ақ түсті моншақтар, үш түсте боялған үш түрлі макарон өнімдері, жіптер, қапшықтар, сандықша, қуыршақ. Сөздік жұмысы: үлкен - кіші, түстердің атаулары, пішіндердің атаулары Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, көрсету, ойын, саусақ жаттығулары, салыстыру.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұйымдастырушылық - ізденістік

Шаттық шеңбері:
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қайырлы күн, балалар!

Ғажайып сәт.
Осы кезде қуыршақтың жылаған
Дыбысы естіледі - балалар тыңдаңдаршы біреудің жылаған дауысы естіледі ме? Бұл кім екен?
- Ой, балалар қараңдаршы мына жерде қуыршақ жылап отыр.
- Қанекей, бірге білейікші қуыршақ неге жылап отыр екен?
- Балалар, мынау біздің өзіміздің қуыршақ Сәуле ғой.
- Сәуле, не болды саған?- Неге жылайсың?
Ой - ой - ой, сенің моншақтарың мойыныңнан үзіліп, жерде шашылып қалыпты ғой. Балалар Сәуле моншағын үзіп алып, жылап отыр екен.
- Сәулеге көмектесеміз бе?
Моншақтарын жіпке тізіп берейік(Жерде шашылып жатқан мұз моншақтарды жинап, балаларға үлестіріп беру).

Тәрбиеші: - Балалар, бұл моншақ ерекше екен. Мұқият қараңдаршы, бұл неден жасалынған.(Балалар моншақтың мұз екенін айтады)
- Дұрыс айтасыңдар, бұл мұздан жасалынған моншақтар.

Ой, мына мұз қолымызда еріп барады ғой. Біздің алақанымыз жылы болғандықтан мұз еріп жатыр, мұз судан пайда болатынын біз жақсы білеміз.

Қане, балалар еске түсірейікші?
Әр жыл мезгілдерінің өзгерістерін атап берейікші?
- Мына алақанымыздағы қуыршақ Сәуленің мұз моншақтары еріп кетіп, тіптен жоқ болып кетті ғой.(Сәуленің жылаған дауысы естіледі)
- Қуыршақ Сәуле сен жылама біз саған көмектесеміз.
Балалар, Сәулеге қалай көмектессек болады? Сәулеге моншақты қалай, неден жасап берсек екен? Сәулені қалай жұбатсақ екен, а?(Тәрбиеші ойланып тұрады) Тәрбиешінің көзі бұрыштағы сандықшаға түседі.
- Мынау Забида әжеміздің сандығы емес пе? Бұның ішінде бізге қажетті құралдар бар ма екен, көрейікші.
Мұнда көптеген қапшықтар тұр ғой. Қапшықтың ішінде не болды екен а? Мен сендерге қапшықтарды таратып беремін. Сендер оның ішіндегі затты сипап сезу арқылы не зат екенін танып беріңдер?
- Мына жіп не керек?
Екінші қапшық
«Сиқырлы қапшық»
Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен - кіші моншақтарды саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.
Балалар, біз моншақтармен жұмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.
Сергіту сәті:
Алға қарай бір қадам,
Артқа қарай бір қадам.
Оңға қарай бір қадам
Солға қарай бір қадам.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып ал адам.
- Балалар енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін «Моншақтың саяхатына»барайық.
Саяхатқа бару үшін шеңберге тұрып 123деп санап моншақтар саяхатта болайық.
- Балалар біздің сандықшаның ішінде макарон моншақтардың әртүрлі түсті моншақтары бар.
- Сандықшамызды ашу үшін біз тапсырма орындауымыз қажет.

Дидактикалық ойын
«Моншақты жина»
Мазмұны: Әртүрлі түстегі моншақтарды жіпке тізбектеу.

Дидактикалық ойын:
«Макарон моншақтар»
Әр балаға макарон өнімдерінен тізбектелген моншақтар суреттері беріледі. Суреттегідей етіп, әртүрлі түсте боялған түрлі макарон өнімдерінен жасалған моншақтарды жіпке тізбектейді
Шаттық шеңберін орындайды
- Иә
Ия, көмектесеміз.
Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
- Мұз
Қыс мезгілінде қар жауып, күн суытқандықтан сулар қатып мұзға айналады.
Көктем мезгілінде қар еріп суға айналады.
Жаз мезгілінде дала ыстық болады
Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, жерге түседі
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек
Балаларға сұрақтарға жауап береді
Балалар сергіту сәтін орындайды.

Балалар тапсырманы орындайды

Балалар макарон моншақтарын жасайды.

Рефлекциялық - түзетушілік - Жарайсыңдар, балалар сендер моншақтарды жіпке сабақтай алдыңдар. Түстерді ажыраттыңдар. Қуыршақ Сәуле бізге өте қатты қуанып қалатын болды.
- Балалар, енді жасаған моншақтарымызды қуыршақ Сәулеге сыйға тартайық.(Балалар бірнеше моншақты қуыршақтың мойнына тағады)

Қуыршақ ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.
Балалар моншақтарын қуыршаққа сыйға тартады.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Қойылған сұраққа жауап беру дағдысын, жыл мезгілдерін атау,
Игереді: макарон моншақтар арқылы түстерді, көлемін (үлкен - кішкентай), геометриялық пішіндерді ажырата алады,
Қолданады: Макарон өнімдердің түрлерін заттармен салыстыру. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!