DataLife Engine / Ас үй ханшайымдарына қажетті 10 кеңес

Ас үй ханшайымдарына қажетті 10 кеңес

Әр үй бикесінің ас бөлмеде қолданатын өзіндік амал-айлалары болады. Назарларыңызға ас үй ханшайымдарына қажетті кеңестерді ұсынамыз.

1. Күйіп кетуден сақтайтын табалардың сырын кетіріп алмау үшін тазалап болған соң ішіне қағаз төсеп қою керек.

2. Мыстан жасалған ыдыстарды лимон шырынымен сүртіп жылтыратып, өңін ашуға болады.

3. Азық-түліктерді турағанда астына тақтай қойып тураған дұрыс. Пышақ өткірлігін сақтайды.

4. Азық турауға арналған тақтайшаларды жағымсыз иістен арылту үшін лимонмен ысқылап, соңынан таза сумен шайыңыз.

5. Пышаққа сіңген иісті тұзды сумен жуып кетіреді.

6. Сарымсақ езгішті тіс щеткасымен оңай тазалауға болады.

7. Сырлы ыдыстарды қолданардан бұрын ішіне өсімдік майын жағып, ең төменгі температураға қойылған пешке 1 сағат қояды. Артынан суытып, құрғақ майлықпен сүртеді.

8. Алюминийден жасалған ыдыстардың ішіндегі қарайған дақтарды кетіру үшін ішіне толтырып су құйып, лимон шырынын тамызып, баяу отқа қойып қайнатады.

9. Ыдыс түбіндегі күйген тағамды оңай кетіру үшін ыдыс жууға арналған сұйықтықты қосып, үстінен ыстық су құйып, 1-2 сағат жібітіп қойыңыз.

10. Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова, дереккөзі


Әр нәзік жанды арудың тағам дайындау мен ас үйде қолданатын амал-айлалары болады. Артық білгеннің айыбы жоқ дей келе, назарларыңызға ас үй ханшайымдарына қажетті кезекті кеңестерімізді ұсынамыз.

1. Жұмыртқа қосып иленген қамыр езілмей, әдемі болып піседі.

2. Қолдағы пияз, сарымсақ немесе басқа да заттардың иісін мүсәтір спирті, не сірке суына қосылған сумен жуып кетіруге болады.

3. Картоп тез пісу үшін 1 шай қасық маргарин салады.

4. Етті сәбізбен қосып қуырса жұмсақ болады.

5. Сүт пісірілген, жұмыртқа салынған, қамыр иленген ыдыстарды ыстық сумен жуса ақуыздар еріп, созылып, ыдысқа одан әрі жабысып қалатындықтан салқын сумен жуып оңай кетіруге болады.

6. Кофе қайнатқыштағы кофе қалдықтарын кетіру үшін ішіне бір тілім лимон салып үстінен су құйып қайнатады.

7. Қызылша түсін сақтап қалу үшін оны пісіретін суға бірнеше тамшы лимон шырынын тамызған жөн.

8. Етте пайда болған жағымсыз иісті кетіру үшін ас содасы салынған суға жуу керек.

9. Балықты тұздалған қияр, картоп, қырыққабат қосып бұқтырса дәмі керемет болады.

10. Сорпаға тұзды көп салып қойсаңыз дәкеге жуылған күрішті салып ораңыз да 3 минут салып алыңыз.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова, дереккөзі


Әр нәзік жанды арудың тағам дайындау мен ас үйде қолданатын амал-айлалары болады. Артық білгеннің айыбы жоқ дей келе, назарларыңызға ас үй ханшайымдарына қажетті кезекті кеңестерімізді ұсынамыз.

1. Қамыр әдемі болып шығу үшін алдымен табаққа ұнды салып, содан соң су құйған дұрыс.

2. Сырлы ыдыстардың сыры кетпес үшін оған майлы тағамдар қайнатпау керек.

3. Кез келген сорпаны баяу отқа қойып қайнатса ғана ағзаға пайдалы әрі жеңіл болады.

4. Саңырауқұлақтан жасалған сорпа дәмді әрі пайдалы болсын десеңіз көлемі мен әр түрлісін таңдаңыз.

5. Балықтан жасалған сорпаға жұмыртқа ақуызын салып пісірсе түсі көмескіленбейді.

6. Тауық етінен жасалатын сорпаға дәмдеуіштер салмаған дұрыс. Себебі дәмдеуіштермен тауық еті өз дәмін жоғалтады.

7. Күріштен жасалған сорпаның түсі көмескі тартпас үшін күрішті қайнап жатқан суға 2-3 минут салып сүзіп алады. Сосын сорпаға салып, піскенше баяу отта қайнатады.

8. Шыныдан жасалған ыдыстарды алдымен тұзды суға салып жуып, содан кейін салқын сумен шайса жылтырай түседі.

9. Балықты тұздалған қияр, картоп, қырыққабат қосып бұқтырса дәмі керемет болады.

10. Сәбіз және пиязды қуырар алдын майға 1-2 шым-шым қант салса, сәбіз көпсіп, әдемі қуырылады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай, дереккөзі
04.12.2015
Вернуться назад