DataLife Engine / Қыздың ары - ұлттың ары!

Қыздың ары - ұлттың ары!

Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл Хожай саудагер бір күні Ер Қосайға мақтаныпты:
- Арғынның Ақсары биінің үйінде жатамын. Ардақты қызы Ботагөз сұлу некелі қатынымдай, - деп.
- Сені қойнына алмайды, - деп Ер Қосай екеуі ерегесіп бәстесіпті.
Егерде сарттың сөзі рас болса, Қосай бар жиған-тергенін сартың алдына салып береді. Қожаның сөзі жалған болса маңдайындағысын Қосайдың қолына тапсырмақшы болады. Базар тарқап, Қосай мен Хожай саудагер Арғынның Ақсары биінің ауылына келеді. Қатын-қалаш, бала-шаға бәрі үймелеп келіп жатыр. Хожай дүниені аямай шашып-төгеді. Келгендердің бірі - Ботагөз сұлу. Бәрі тарқаған кезде Ботагөз сұлуды Хожай бай жалғыз алып қалып, жалынып:
- Баяғыдан бері алдадың, енді бүгін қойныңа ал! - деп жабысыпты.
Қыз айтыпты:
- Ит ас ішетұғын итаяққа жылы су төгейін, соны іш. Мені шын жақсы көретіндігіңді дәлелдесең, білгеніңді қыл - депті.
Хожай сорлы қыздың не айтқанын орындайды. Қыз: - Тойдың ба, шөлің қанды ма? - депті. Хожай: - Дүниеде сусын іздеместей шөлім қанды, - деп жауап қатады.
- Ендеше осы тойғаның да жетер. Итаяқтан адам ішпес, ішкен сарттың астына ит те жатпас! - деп, қыз үйіне тұра жөнеліпті.

Аналарымыз ұлтты осылай сақтаған. Байлық үшін ешкімнің астына жатпаған!
09.10.2018
Вернуться назад