Қалыңдыққа, келінге арналған кеңестер

Қалыңдыққа, келінге арналған кеңестер казакша Қалыңдыққа, келінге арналған кеңестер на казахском языке


Тұрмысқа шығып, ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы екені белгілі. Кез келген қалыңдық үйлену тойына ыждағаттылықпен дайындалып, ерекше сұлу болып, ибалы келін атануды қалайды.

Дегенмен сол армандары орындалу үшін олар біраз күш жұмсайды. Мәселен, өз-өзіне қарап, тері күтіміне көп мән береді, яғни нәзік, әдемі көріну үшін. Сонымен қатар, тойға дейін артық салмақ тастап, спорт залынан шықпайтындар да бар. Кейбірі диеат ұстап, табиғат аясында, таза ауада қыдырғанды әдетке айналдырады. Бір сөзбен айтқанда басынан аяғына дейін назарында ұстайды. Алдын ала біреулері стилистермен келісіп, шаш, тырнақтарын сәндейді.

Тағы бір тойға дайындық кезеңі − ол көйлек таңдау. Сондықтан қалыңдықтарға айтарымыз, той көйлегін таңдау кезінде еш ерінбестен бірнеше салонға бару керек. Ұнатқан көйлегіңізбен шыққан кезде ғана, өзіңізді еркін, әрі ыңғайлы сезінетін боласыз. Сонымен қатар, психологиялық дайындықтан өту керек. Ол үшін өзіңізге сенсеңіз болғаны. Осы аталған амалдарды орындасаңыз сіз үшін той естен кетпес ғажапқа айналатыны сөзсіз.

Той ерекше өту үшін қалыңдықтар бірнеше кеңеске жүгінуге тура келеді.

1. Қалыңдыққа көмектесіп жүретін жанында жақын құрбысы болу керек. Ол қалыңдықтың бет-әлпетіне қарап, бақылап жүруі тиіс.

2. Қалыңдық екі түрлі аяқ киім таңдағаны дұрыс. Біреу биік өкшелі болса, енді бірі табаны аласа. Оларды әр екі-үш сағат сайын ауыстырып киіп отырса, шаршамастан аяғынан тік тұрып, тойды өткізуге шамасы жететін болады.

3. Той алдында ұйқыны қандыру керек. Әрине, дәрі-дәрмектің көмегінсіз. Егер ішетін болсаңыз, ертеңіне бас ауырып ештеңеге жарамсыз болып қаласыз.

4. Тойға бір күн қалғанда қыздармен бас қосып кеш ұйымдастырудың қажеті жоқ. Ең дұрысы бір апта немесе бірнеше күн қалғанда ғана өткізу тиімді. Себебі, жақсы демалып, тойға дайындалу қажет.

5. Болашақ жарыңның ата-анасына алғыс сөздерді алдын ала дайындап қойғаныңыз дұрыс. Әрине, олар жүректен шыққан, шынайы болуы керек.

6. Қандай жағдай болмасын қалыңдық жыламау керек. Ол тек қана боялған бетіңізді құртып қоймай, көзіңіз бен мұрныңыз қызарып, суреттерде әдемі көрінбей қалуыңыз ықтимал. Сондықтан эмоцияға берілмей, бұл өміріңіздегі бақытты кезең деп жұбатыңыз.

Ұмытпаңыз! Осы жазылған кеңестерге көз жүгіртсеңіз, онда тойыңыз жеңіл, әрі қызықты өтетіне кепілдік береміз.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы » Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңес жинағы, бірнеше, қалыңдық, болып, ерекше, тойға, көйлек, екені, қарап, Сондықтан, таңдау, шыққан, қалғанда, Әрине, шығып, белгілі, дейін, қатар, Сонымен, әдемі, келінге арналған кеңестер, Қалыңдыққа арналған кеңестер, бірнеше, қалыңдық, болып, ерекше, тойға, көйлек, екені, қарап, Сондықтан, таңдау, шыққан, қалғанда, Әрине, шығып, белгілі, дейін, қатар, Сонымен, әдемі, келінге арналған кеңестер, Қалыңдыққа арналған кеңестер, Қалыңдыққа, келінге арналған кеңестер пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге