DataLife Engine / ТҰРМЫС ҚҰРУДЫҢ ОН ПАЙДАСЫ

ТҰРМЫС ҚҰРУДЫҢ ОН ПАЙДАСЫ

1. Тұрмыс құрған кісі Алланың бұйрығына бойұсынған болады;
2. Ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне ерген болады;
3. Тән құмарлығын адал жолмен қанағаттандырып, көзін арамға салмайтын болады;
4. Әйел кісілер ұятты жерлерін қорғап, ар-намысын аяқ асты етпейді;
5. Қоғамда азғындық, арсыздық, нәпсіқұмарлықты таратпайтын болады;
6. Қияметте Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қуанатындай ұрпақ көбейтеді;
7. Адал жарымен бірге жатып, сауапқа кенеледі;
8. Мұсылмандықты жұртқа үлгі ететін перзенттердің туылуына себеп болады;
9. Адал перзенттері жұмақтың қақпасына тұрып алып, оған алдымен ата-анасын, содан соң өздерін кіргізуін сұрайтын болады. Сонда Алла Тағала оларға: «Ата-аналарың да, өздерің де жұмаққа кіріңдер!» дейді;
10. Үйленген, тұрмыс құрған адам жүрегіне демеу, көңіліне тұрақ табады.

24.11.2018
Вернуться назад