DataLife Engine / Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Сіркесуын пайдаланудың жолдары

✅ Сіркесуын пайдаланудың жолдары

Әр ас үйінде ұзақ уақыт бойы қозғаусыз тұратын нәрселердің бірі – сіркесу. Оны үйде пайдаға асырудың жолдары бар ма?

✅ 1. Егер үйдегі кішкентай бала қабырғаға қаламмен жазып тастаса, таза сіркесуы оны тазарта алады.

✅ 2. Киім жуу кезінде, сабынды толық кетіру үшін шаю барысында ¼ стақан сіркесуын қосыңыз.

✅ 3. Киімнен дезодарант ізін кетіру үшін қолмен жуу кезінде ұнтаққа сіркесуын қосыңыз.

✅ 4. Киімнің түтігі шығып кетпеуі үшін, жуу алдында киіміңізді бірнеше минутқа сіркесу араласқан суға салып қойыңыз.

✅ 5. Сіркесумен шыны, айна бетін тазартуға болады. Араласпаған сіркесуын айна бетіне шашып, шүберек немесе мыжылған газетпен құрғатып, сүртіңіз.

✅ 6. Кранды да сіркесуымен тазартуға болады. Ол үшін оны бірдей шамада тұзбен араластырып, дайындаңыз.

✅ 7. Сүйелді кетіру үшін, алма сіркесуы мен глицерин араласқан қоспаны күнделікті жағып жүріңіз.

✅ 8. Жалюзилерді де сіркесу көмегімен тазартуға болады. Ол үшін қолыңызға мақтадан жасалған ақ қолғап киіп, саусақтарды сіркесуына батырып, жалюзиді сүртіп шығыңыз.

✅ 9. Линолеум, паркет, ламинаттан жасалған еденді тазалап жуу үшін, суға сіркесуын қосыңыз.

✅ 10. Қайнап жатқан жұмыртқаға сіркесу тамызсаңыз, жарылса да, ағып кетпейді.
22.11.2018
Вернуться назад