DataLife Engine / Таң намазының қазасы қалай оқылады?

Таң намазының қазасы қалай оқылады?

 Ассалаумаалейкум уа рахматуллахи уа баракатух!
Таң намазы ұйықтап қалу сияқты бір себеппен оқылмай қалса, қазасын қашан өтеген дұрыс. Досжан Жанболатұлы!
Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Таң намазы қаза болса, күн көтерілген соң қазасын өтеу ниетімен таң намаз сүннетімен қоса оқылады. Абзал уақыты осы. Бұл бесін намазына дейін оқылса. Ал, бесіннен кейін қазасы өтелсе, тек парызы ғана оқылады.
Бұған негіз, «Фиқһул ханафи уә әдиллатуһу» кітабының таң намазы қазасы қалай оқылады? деген тақырыбында: Алла елшісі (с.ғ.с.) азан айттырып, парыздан алдын екі ракағат оқып, сосын қамат айттырып адамдармен (парызын) оқып алды[1],-деген риуаят келтірілген.
Сонымен бірге, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Таң намазының алдындағы екі ракағат дүние мен ондағы жақсылықтан қайырлы[2]»,-деген сөзі негізінде таң сүннеті ең күшті сүннет, тіпті уәжіпке жақын деп айтылған[3].
[1] Әл-Фиқһул ханафи уә әдиллатуһ, 1-том, Китаб солат, 145-бет
[2] Муслим, Термизи
[3] Әл-Лубәб шарх әдаб китаб, 100-бет


Қаза намазының оқу тәртібі

09.08.2017
Вернуться назад