Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша) казакша Жүктілік күнтізбесі (қысқаша) на казахском языке

Басы: Жүктілік физиологиясы


10-12 апта: Сәби дамудың жаңа сатысына өтеді – фетальды сатысы. Енді бұл эмбрион емес, тұқым болып келеді («фета» – тұқым). 10-аптаның басында тұқымның салмағы 4 г., ал 12 аптаға қарай оның массасы 13-14 г. болады. Болашақ сәби диспропорционалды жағынан күрделі болып келеді: оның басы үлкен, қолдары аяқтарына қарағанда ұзындау.


Дамудың осы кезеңінде құйрығы жоғалады (дамудың басында 3-4 аптада сәбидің жануарлардікіндей ұзынша құйрығы болады), сүтті тістерінің нышандары қалыптаса бастайды (таң қалмаңыз, әрбір бала барлық тісімен туылады – сүтті және тұрақты, олар қызыл иектің астында «бұғынып» жатады, уақыты жеткенде қызыл иекті жарып шығады). Сәбидің көптеген ішкі мүшелері өзінің атқаратын қызметіне қосылатындай өте жақсы қалыптасып дамыған. 12 аптада бүйрегі өт бөліп шығарады, ал ішектері жиырыла бастайды. Бас миының дамуы жалғасады.


13-16 апта: Сәбидің өмірлік маңызы бар көптеген негізгі мүшелері біршама қалыптасқан. Енді Табиғат-Ана оны анасының жатырынан шыққанда өмір сүруге қабілеті болатындай етіп, ары қарай жетілдіре түседі.


Кішкентай жүрегі бір тәулікте-ақ қанайналымы шамамен 23 л. қан өткізеді! Сәби қуығын жиі-жиі босатады. Оның зәрі ұрықты көпіршіктердің жасушалары арқылы шығарылатын қағанақ сұйықтығына өтеді және ол тәулігіне 8-10 рет жаңартылып тұрады. Бұл оның зарарсыздылығы (стерильность) мен құрамын (судың, минералдардың және органикалық заттардың үйлесімді байланысын) сақтап қалуға мүмкіндік береді.


Сәбидің басында шаштары, саусақтарында тырнақтары пайда болады, бірақ денесінің тері қабаты әлі өте жұқа.


16 аптада анасы жатырында алғашқы рет сәбиінің қимылын сезінуі мүмкін, ал ультрадыбыстық диагностикадан кейін оның саусағын сорып жатқандығын көре алады.


17-20 апта: Сәби өсіп келеді және белсенді түрде салмақ қосады. Егер 17 аптада оның салмағы шамамен 140 г. болса, онда 20 аптаға қарай 290 г.-ға жетеді.


Ол қатты дыбыстарды анасының құрсағында жатып-ақ сезіне бастайды. Анасының ішіне орналасқан динамик дыбыстық белгілерді жібергенде ультрадыбыстық сканер сәбидің қимылының белсенді түрде өзгеруін көрсетеді.


Сәбидің барлық денесі ерекше жұмсақ үлбіреген шаштармен жабылады. Әдетте бұл жұмсақ үлбіреген шаштар туылғанға дейін жойылып кетеді (кейбір жаңа туылған нәрестелердің құлағында, бетінде сақталып қалады, бірақ қорықпаңыз, бірнеше күннен соң олар міндетті түрде түседі). Терісі мықты бола бастайды. Саусақтарының жастықшасында (жұмсақ жері) қайталанбас жеке өрнектердің ізі байқалады. Қызыл иекте, сүтті тістерден тереңірек орналасатын тұрақты тістерінің нышандары қалыптаса бастайды.


20 аптаға қарай анасы сәбиінің қимылын анық сезінеді, сәбиінің қай кезде ұйқыда, қай кезде ояу екенін түсіне алады.


21-28 апта: Сәбидің бойы қарқынды түрде өседі. 21 аптада оның салмағы 370 г.-дай болады, ал 28 аптаның соңында массасы 1 кг-нан асады.


Терісінің астынан жоғары энергетикалық құндылыққа ие және туылғаннан соң қалыпты температураны сақтап тұру үшін сәбиге қажетті қоңырқай май қабаттары жинала бастайды. Қоңырқай май қабаттарының себебінен сәбидің денесі қызғылт, қошқыл болып көрінеді.


24 аптада ішектерінде алғашқы дәреті – тоңғақ (меконий) пайда болады.


29-36 апта: Енді сәби жатырда туылғанға дейін сақталып қалатын нақты орналасқан қалпында жатады. Бұл туылар алдындағы жатысы деп аталады. Басы жатыр мойнына қарай бағытталып, яғни төмен қарай орналасады, сәбидің туылар алдындағы жатысы осылай болып келеді. Оған қоса, қимылының әрекеті де өзгереді: ол енді әртүрлі бағытта айналмайды, тек анасының ішін шынтағымен және тізесімен «тебеді».


Дамуындағы осы кезеңде сәби дыбыстарды сезіп қана қоймайды, сонымен қоса, жарықты да елей бастайды (анасының іші қаншалықты ашықтығына байланысты оның көздерінің қарашықтары кішірейеді немесе үлкейеді).


Терісінің астында ақ майлы қабаттар пайда болады, сол себепті сәбидің денесі ақшыл, алқызыл түсті болады. 33 аптаға қарай оның өкпелерінде ерекше зат сурфактант (ол болашақта жаңа туылған нәрестеге өздігінен демалуға көмектеседі) пайда болады. 36 аптаның соңына қарай баланың салмағы қалыпты жағдайдағы дамуында 2400-ге жетеді, ал бойы – 45 см. болады.


37-40 апта: Жатыр ішіндегі дамуы соңғы мәресіне жетті. 38 аптада сәби дүниеге келуге дайын деп есептеледі. Өкпелері, бүйректері мен ішектерін шынықтыру үшін және аздап өсу үшін оның тағы да бірнеше аптасы бар, күніне 28-30 г. салмақ қосады. Жатырда орналасуы өзгереді: басы төменге қарай жылжып, жамбасқа қарай бағыттала бастайды (сырт қарағанда бұл анасының ішінің төмендеуімен байқалады, яғни босанатын уақытының жеткендігін білдіреді). Енді сізге сәбиіңіздің дүние есігін ашатын сәтін күту ғана қалды.


дереккөз: vk.com, фото: pregnancy101.blog.com




KZ » Қазақша Пайдалы кеңес жинағы » Аналарға және әйелдерге пайдалы кеңес жинағы, жуктилик кунтизбеси, жуктилик кестесі, жүктілік күнтізбесі есептеу, жүктілік күнтізбесі жынысын анықтау, жүктілік кестесі, еки кабат кунтизбеси, екі қабат күнтізбелік жоспар, екі қабат күнтізбесі, жуктилик кунтизбеси, жуктилик кестесі, жүктілік күнтізбесі есептеу, жүктілік күнтізбесі жынысын анықтау, жүктілік кестесі, еки кабат кунтизбеси, екі қабат күнтізбелік жоспар, екі қабат күнтізбесі, Жүктілік күнтізбесі (қысқаша), Жүктілік күнтізбесі (қысқаша) пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге