Қалай сүйісу керек? Алғашқы сүйісу қандай болуы керек? Сүйісу туралы кеңес (видео +18) » ZHARAR © 2016 | сүйісу туралы видео, қалай сүйісу керек видео, жігітпен қалай сүйісу керек, алғашқы сүйісу , алғашқы сүйісу қалай дұрыс сүйісуге болады, қызбен қалай сүйісуге болады




  • »

Қалай сүйісу керек? Алғашқы сүйісу қандай болуы керек? Сүйісу туралы кеңес (видео +18)

Қалай сүйісу керек? Алғашқы сүйісу қандай болуы керек? Сүйісу туралы кеңес (видео +18) казакша Қалай сүйісу керек? Алғашқы сүйісу қандай болуы керек? Сүйісу туралы кеңес (видео +18) на казахском языке

Қалай сүйісу керек? Осы сұрақ көптеген жастарды алаңдататыны белгілі. Бүгін біз осы сұраққа жауап іздеп көреміз. Бүгін біз қалай дұрыс сүйісу керек деген сұраққа жауап береміз.

Алғашқы сүйісу қыз бен жігіт арасындағы қатынастың алға қарай болатынын немесе болмайтынын анықтайды десек артық айтпаған болар едік. Егер сүйісіп отырған екі адамға ерін тигізген кездегі сәт ұнаса бұл жақсы дегенді білдіреді. Ал егер ұнамаса, жиіркену пайда болса, онда бұл екі адамға дос болып қалып, ара-қатынасты үзген дұрыс болады деп ойлаймын.

Нұсқаулық:

1. Алғашқы сүйісу - елеулі оқиға, сондықтанда оған алдын-ала дайындық жасау қажет. Ең алдымен - деміңізге назар аударыңыз. Аузыңыздан сасық иіс шығып тұрмауы керек. Егер алғашқы сүйісудің болатынын сезсеңіз ауызға шашатын арнайы таза иіс беретін спрей алып жүріңіз.

2. Ерініңізге ерін бояғыш (помада) жақпауға тырысыңыз. Себебі сүйісу кезінде помада ериді де қасыңыздағы жұбыңыздың бетіне немесе киіміне жұғуы мүмкін. Егер ерініңіз жұмсақ болсын десеңіз оны сулауыңызға немесе түссіз ерін бояғыш жағуыңызға болады.

3. Егер сіз сүйісуден қорықсаңыз немесе ұялсаңыз қасыңыздағы серігіңізге бұл жөнінде ашық айтыңыз. Егер сүйісуге мүлдем дайын болмасаңыз өзіңізде күштеп көндіруге тырыспаңыз. Бұл сіздің алғашқы сүйісуден алатын ләззатыңызды бұзуы мүмкін.

4. Егер сіз және сіздің серігіңіз сүйісуге дайын болсаңыз, онда көздеріңізді жұмып, еріндеріңізді жақындатыңыздар. Мұрындарыңыз бір-біріне тиіп, кедергі келтірмеуі үшін біреуіңіз бетіңіздің оң жағын біреуіңіз сол жағын түйістірулеріңіз керек.

5. Серігіңіздің ерінін сезгеннен кейін оның ерінінің астыңғы бөлігін үстіңгі ерініңізбен жауып сүюіңіз керек. Бірден бас салмай азырақ ерініңізді қозғап серігіңіздің ерінін сора беріңіз.

6. Сүйісу кезінде серігіңіздің мойынынан, белінен ұстап денесін жай сипалауыңызға болады. Бұл қатынастың маңызы зор. Сіз осылайша серігіңізбен жақындай бастайсыз. Бірден жыныстық қатынасқа жол бермеңіз. Осынау сәтті ұзағырақ жалғастыруға тырысыңыз.


Соңында біз сізге қалай сүйісу керек видео материалын ұсынғымыз келеді. Бұл видеодан сіз қалай сүйісу керек екенін және қалай дұрыс сүйісу керек екенін біле аласыз.

Қалай сүйісу керек туралы видео материал






Санат: Қазақша Ерлерге пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы | | 38 747
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .