Ерлер нені әдетке айналдыруы керек?

Ерлер нені әдетке айналдыруы керек? казакша Ерлер нені әдетке айналдыруы керек? на казахском языке


1. Ерте тұруды
Табысты адамдар, әдетте, ерте тұруға дағдыланған адамдар. Әлемнің оянатын сәтіне дейінгі бейбіт кезең – бұл күннің ең маңызды, шабыттандыратын және тыныш бөлігі. Өзіне осы әдетті ашқандар, күнделікті таңғы 8-9-да тұрғанға дейін толыққанды өмір сүрмегендерін айтады.

2. Беріліп кітап оқуды
Егер теледидар немесе компьютер алдында мақсатсыз отырудың тым құрығанда бір бөлігін пайдалы және жақсы кітап оқуға арнасаңыз, достарыңыздың арасында сіз ең білімді адам боласыз. Көп нәрсе өздігінен орындала бастайды. Марк Твеннің таңғажайып сөзі бар: “Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ”.

3. Қажетсіз дүниеден арылуды
Қысқарта білу – демек қажетті дүниені айту үшін қажетсіздің бәрінен арылу. Қысқартуға келетін және қысқартуға қажеттінің бәрін қысқарта алу маңызды. Дәл осылай пайдасыз дүниеден де арылу керек. Ал мұны елеп тазалау оңай емес – бұл ұзақ тәжірибе мен даналықты талап етеді. Бірақ бұл үрдіс ойларыңыз бен сезімдеріңізді маңызсыз дүниелерден тазартады, сонымен қатар уайым мен күйзелісті азайтады.

4. Кідіруді
Ұдайы жұмысбастылық, күйзеліс пен апыр-топырдың ортасында өмірден ләззат алу мүмкін емес. Өзің үшін тыныш уақытты таба білу керек. Бір сәт кідіріп, ішкі дауысыңызға құлақ салыңыз. Кідіріп, маңызды дүниелерге назар салыңыз. Егер сіз ерте тұруды әдетке айналдыра алсаңыз, дәл сол уақытты осыған арнай аласыз. Бұл сіздің уақытыңыз – кең тыныстауға, ойлануға, медитациялауға, идеялар тудыруға арналған уақыт. Кідіріңіз – сонда сіз ұмтылғанның бәрі өзі келеді.

5. Жаттығуды
Белсенсіз өмір әр адамның денсаулығын құртатыны анық, сәйкесінше ұдайы физикалық жаттығулардың пайдасы зор. Физикалық жаттығуларға уақытым жоқ деп ойлайтындар, ерте ме, кеш пе ауыруға уақыт табады. Сіздің денсаулығыңыз – бұл сіздің жетістігіңіз. Жаныңызға жақын бағдарламаны табыңыз – спортпен үйден шықпай-ақ, жаттығу залына бармай-ақ айналысуға болады (мысалы, жүгіру).

6. Күнделікті машықтануды
Адам көбірек дағдыланған сайын жолы болғыш бола бастайтыны байқалған. Бұл кездейсоқтық деп ойлайсыз ба? Жолы болу – бұл тәжірибенің мүмкіндіктермен тоғысатын жері. Дарынды адам тәжірибесіз өмір сүре алмайды. Тіпті дарынның да аса қажеті болмайтын кездер болады – әбден жаттыққан икемділік мұны алмастыра алады.

7. Ортаға мән беруді
Бұл ең маңызды әдет. Табысыңызды басқаларға қарағанда дәл осы жеделтедеті. Идеяға толы, энтузиаст және позитивті орта – ең мықты демеу. Дәл солардың ортасынан сіз пайдалы кеңестерді, қажетті түрткіні, үздіксіз қолдауды табасыз. Өзіңіз ойлаңызшы, жұмысын жек көретін адаммен әңгімелесу түңілу мен күйзелістен басқа не береді? Өмірде жетістікке жету мүмкіндігінің деңгейі ортаңыздың жетістік деңгейіне тікелей байланысты.

8. Табандылық танытыңыз
Уолт Диснейге Диснейлендтің негізін салу үшін 303-ші банк қана фонд ұсынуға келісім берген. Стив МакКерри “The Afgan Girl” шедевр суретін түсіргенге дейін 35 жыл ішінде миллиондаған сурет түсірген. Дж. Кэнфилд пен Марк В. Хансеннің «Жаныңды емдейтін тауық сорпасы» кітабы мега-бестселлер болғанға дейін 134 баспа оны басудан бас тартқан. Эдисон электрлік шам шығарғанға дейін 10 000 сәтсіз талпыныс жасап көрген. Заңдылықты байқайсыз ба?




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы » Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңес жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, Ерлер нені әдетке айналдыруы керек? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге