Жылқы, ат


Ат. Жылқы неге түске кіреді?


Ат немесе жылқы түс жору

  • Түсінде ақбозатты атқа отыру- жақсы белгі. Бірінші кезекте бұл түс сізге достық қарым-қатынастардың беріктігін жəне ойы бір таныстарыңызбен кездесудің көп қуаныш əкелетінінжеткізбекші.
  • Егер де, жылқы малы лас, кір болатын болса, өзіңіз сенетін адамдардың сатқындығына қаласыз.
  • Баран жылқыда шапсаңыз, ұзақ уақыт бойы істеріңізде алға басып, бір мезетте олардың пайдасыздығына көз жеткізетін боласыз.
  • Құлагерлердің шабысын көру – кенет нашар жаққа ауысатын оң жағдайлардың болатынын хабарлайды.
  • Бұл түс үстіртін қызығушылықтарды да алдын ала хабарлауы мүмкін.
  • Дақтары бар жылқыларды көру – жұмыстан алда көретін пайдаларға.
  • Торы айғырдың үстінде шабу – тілектеріңіздің қанағаттандырылуына жəне алға басуға. Бұл түсті көрген əйел мезісін қашырған жігіттің бетін қорықпай қайтара беруіне болады, ал өзін алдағы уақытта материалды табыс күтіп тұр.
  • Жылқының қашып, жабайы үйірге қосылуын көру – сізді біреудің сырқаты туралы хабар күтіп тұр.
  • Негізі, керемет аттарды көру – дəулет пен жетістікке
  • Түсіңізде мөлдір бұлақты жылқының үстінде шалып өтсеңіз, сәттілік серігіңізге айналады. Бірақ, бұлақтың суы қара болса, бақытыңзға сыза түседі.
  • Жылқының арқасында таза көлді жүзіп өту – армандардың орындалуы мен пайданың түсуіне.
  • Жараланған немесе өлі жылқы – қайғылы жайттарға.
  • Долы жылқының үстінде шабу – сəттілікке жетер алдында кезігетін қиындықтарға.
  • Егер, жылқы сізді құлатататын немесе арқадан қатты тебетін болса, тағдыр сынақтарыңызды бақталастарыңыздың келбетінде жіберуі мүмкін немесе сіз науқасқа шалдығасыз .
  • Атты жүгендеп, өз еркіңізге көндірсеңіз, өмірде оңтайлы өзгерістердің болатынына
  • Түсіңізде жақсы тағаланған жылқыға сүйсінсеңіз, жақын арада қиялыңызға кірмеген жетістікке қол жеткізесіз.


Ат немесе жылқы түс жору

  • Əйел адам үшін бұл түс өмір бойына адал досты кезіктіретінін білдіреді.
  • Бəйгеге қатысу – дəулетті өмірдің хабаршысы.
  • Өз атыңызды өзіңіздің тағаласаңыз – мүлікке күмәнді жолмен жетесіз.
  • Үйретілмеген жылқының үстінде шабандоздай шапсаңыз, қиын шайқаста дəулет пен ыңғайлы жағдайға қол жеткізесіз. Бұл түс сенімді достардың көмегін де білдіруі ықтимал.
  • Əйелдердің арасында ат үстінде шабу – болашақ тілектеріңізді түсінбеушілік пен тəуелділігіңізді білдіреді.
  • Жылқыны өзіңіз, я біреудің тазалап жатқанын көру – өмірде лайықты орын тауып, құрметке жету үшін көп азап көретініңізді хабарлайды.
  • Кәсіпкерлер, шаруалар жəне əдебиетшілер үшін жылқының жалы мен құйрығын өздері безендіріп жатқан түс оңтайлы болып саналады.
  • Ат үстінде жіңішке жол арқылы биік тауға көтерілсеңіз – қоғамда өте мықты орынға ие боласыз.
  • Егер де, атыңыз шыдамай , таудың шыңына шығу үшін қалған жолды жаяу өтсеңіз, сіздің қоғамдағы беделді орныңыз сізге үлкен күш-жігермен келетін болады.
  • Арбаға жегілген жылқылар – бақытқа жетер жолдағы қиындықтар мен сынақтарға.
  • Егер, қыз бала өзін қара аттың үстіндегі шабандоз ретінде көрсе, арманына жетуге кездейсоқ жағдайдың көмектесетінін, сонымен қатар дана адамдармен сөйлесетінін білдіреді.
  • Дөңнің үстінен ат үстінде түсу – сəтсіздіктерге.
  • Сүйіктісінің өзінің артынан аттың үстінде келе жатқанын көру қыз бала үшін ғашық жігіттердің көп болуын меңзейді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу