DataLife Engine / Суды тұрып ішудің зияны қандай?

Суды тұрып ішудің зияны қандай?

Сүннет бойынша, суды отырып ішкен дұрыс. Кейбіреулер мұны түсінбей: «Асты, жарайды, отырып ішеміз, ал суды түрып ішсе не болады?» деген сұрақ қоюы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын келесі хадистерден табамыз:

«Ешбірің түрегеліп тұрып сусын ішпеңдер. Кімде-кім ұмытып кетіп, түрегелген бойда сусын ішсе, онысын ақтарып тастасын» (Муслим, әшрибә 116) (Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен).

«Суды түйе секілді бір деммен сімірмеңдер. Су ішкенде екі немесе үш рет тыныс алған абзал. Сондай-ақ, «бисмилләһ» деп бастап, ішіп болған соң «әлхамдулиллаһ» деп Аллаға шүкіршілік білдіріп, мадақ айтыңдар» (Тирмизи, әшрибә 13).

Мұнымен қоса, ғалымдар отырған адам мен тұрған адамның асқазанының екі түрлі күйде болатынын анықтады. Егер адам суды тұрып ішсе, су асқазанда тұрақтамай, бірден он екі елі ішекке барады. Ал отырып ішсе, асқазанға түскен сұйықтық қышқылдармен әрекеттесіп, түрлі микробтардың теріс әсеріне тосқауыл қояды. Содан соң ғана он екі елі ішекке барады. Осылайша адам өзін түрлі аурулардан (жұқпалы аурулардан да) сақтайды.
14.05.2014
Вернуться назад