Арқаға безеу шығуының себептері

Арқаға безеу шығуының себептері казакша Арқаға безеу шығуының себептері на казахском языке


Безеу – жағымсыз зат, ол бетке шықса, түрлі құралдарды қолданамыз. Ал арқада пайда болса, не істеуге болады?

Арқада безеу пайда болуының көп тараған себебі – басты дұрыс жумау. Қыздардың көпшілігі душта шаштарын артқа жіберіп жуады. Сол үшін сусабын, бальзам және маскалар шаю кезінде арқаға тиіп, тесіктерді бітегендіктен безеулер шығады. Сондықтан шашты алға түсіріп, жуған дұрыс.

Екінші себебі – теріге арналған комедогенді құралдар қолдану. Көбісі денеге арналған гельге ақша үнемдейді және оның ұнаған иісін ғана ала салады. Денеге арналған құралдың құрамында салицил қышқылы болуына мән беріңіз, оның антибактериялық әсері бөртпе шығу қаупін төмендетеді және қызаруды басады. Егер арқаңызға безеу толып кетсе, душқа арналған гельдің орнына проблемалық теріге арналған бет жуатын құралды пайдаланыңыз.

Үшіншіден, проблемалық арқа терісіне пилинг керек. Ол үшін де бетке арналған құралды қолданған жөн. Пилингті 2 аптада бір рет жасаңыз. Өзіңізге жасау ыңғайсыз болса, анаңыздан немесе әпкеңізден көмек сұраңыз. Арнайы ұзын ұстағышы бар жөке алуға да болады.

Төртінші себеп – стайлинг. Егер душтан шыққан соң, киінбей жатырып, шашқа спрей шашсаңыз, оның бөліктері денеге тиіп, тесіктерге түседі. Сондықтан, арқаңызға сүлгіні жабыңыз немесе киінген соң жасаңыз.

Жаттығу залынан шыққан соң үйіңіз жақын болса да, душқа бірден залда түскен жөн. Сонымен қатар, жай сумен шайына салмай, антибактериялық сабынмен немесе гельмен жуыныңыз.

Дайындаған: Ақтоты Жапатова, Фото: pixabay.com, дереккөз




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы » Денсаулыққа пайдалы кеңес жинағы, дұрыс, пайда, болса, себебі, бетке, немесе, Сондықтан, теріге, денеге, болады, безеу, Көбісі, үнемдейді, комедогенді, қолдану, құралдар, иісін, Екінші, жуған, Арқаға безеу шығуының себептері, дұрыс, пайда, болса, себебі, бетке, немесе, Сондықтан, теріге, денеге, болады, безеу, Көбісі, үнемдейді, комедогенді, қолдану, құралдар, иісін, Екінші, жуған, Арқаға безеу шығуының себептері, Арқаға безеу шығуының себептері