Туған жердің қасиетті қасіреті


Отан деген сенің алтын бесігің,
Қуанышпен айқара ашқан есігін,
Махаббатпен орап бізді баурадың,
Қаңғыртпадың кедей жетім жесірін.

Бір өзіңді сақтау үшін қанша адам,
Жанын берді қалықтаған жас қыран,
Өзгелерге бермеу үшін жеріңді,
Қыршынынан қиылды қанша жас балаң?

Бүгінде сен тәуелсізсің, самғайсың,
Тарих пенен болашақты жалғайсың,
Өзгелерге үлгі болып әрқашан,
Өркендеу мен жайнаудан сен талмайсың.

Қазақ елім баға жетпес байлығым,
Жүзіңе сен ұялатпа қайғы мұң,
Болашаққа қадам басып сеніммен,
Жарқын болсын әрбір атқан таң нұрың.

Туған елім биік болсын тұғырың,
Байтақ далам ұзак болсын ғұмырың,
Көшті бастап өзгелерден қалыспай,
Туған жер - қасиетті бір ұғым!

Туған жер екі-ақ сөз қаншама ұғым,
Біреуге пана, біреуге ана болдың,
Қамқорлыққа бөледің қанша адамды,
Қадірін де көрсеттің түзу жолдың.

 

Жексенбай Жомарт


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу