Некедегілер неге тез семіреді?

Некедегілер неге тез семіреді? казакша Некедегілер неге тез семіреді? на казахском языке


Әйелдер тұрмысқа шықса, сүйіктіме қол жетті, бітті деп сезінетін болса керек. Некеге тұрған соң әйелдердің көпшілігі толыса бастайды. Бұл құбылыстың да белігілі себептері бар екен.

1. Күйеуіңізбен бірге тамақтансаңыз

Күйеуге шықпай тұрғанда сәбіз бен алмадан жасалған салат кешкі асқа әбден жарайтын еді. Ал, ер адам мұндай мәзірге келіспесі анық. Күнделікті ет асып, гарнир мен салат дайындап жүріп әр талын бақылауда ұстау қиын. Оның үстіне психолог мамандардың айтуынша, әйелдер күйеулерінің тамақ ішу салтын сіңіріп алады екен. Көп жеуді әдет етеді. Бұл жағдайды қалай өзгерту керек? Көмірсулардың (картоп, паста, күріш) санын азайтыңыз, кешкі асқа көкөністі көбірек қолданыңыз. Шикідей, әлде буға пісірілген. Салмақ тастауға арналған мына бір заңдылықты жадыға тұтқан абзал: таңғы ас – 300 ккал, түстік – 400 ккал, төрттік шай – 150 ккал, кешкі ас – 500 ккал, кешкі жүрек жалғау – 150 ккал.

2. Пайдалы тағам дайындауға қол тимейді

Жүктілік және бала емізу кезінде әйелдер 2-ден 10 кг-ға дейін қосады. Баласын мектепке берген соң да арықтай алмайтын аналар бар. Баласы бар отбасыдағы ересектер аптасына 35г майды артық тұтынады екен. Мұның басты себебі, ата-ананың пайдалы тамақ пісіруге уақыты болмай, дастарханда жартылай фабрикаттардың орын алуы – сосиска, түшпара, мұздатылған бәліштердің кесірі көп. Тоңазытқышта үнемі пайдалы тағамдар сақталсын. Олардың дайындалуы да оңай болғаны жақсы. Мұздатылған көкөністер, тауық еті, жұмыртқа, ірімшік.

3. Баладан қалғанды жеп

Ботқаның бір-екі қасығы, ыдыс түбінде қалған сорпа, пішінәнің қалдығы, бананның жартысы – осының барлығын тамақ деп есептеместен ауызға сала береміз. Күні бойы жеген қалдықтарыңыз кем дегенде 300–400 ккал жетіп жығылады. Яғни, кешкі аспен пара-пар. Толысқыңыз келмей ме? Ендеше баланың тамағының қалдықтарын жеуді доғарыңыз. Оны әкесіне қалдырсаңыз да болады. Ал, жемістердің қалдығын турап, түстен к ейін жеуге болады.

4. Диванда дем алсаңыз

Үйдің күйбең тірлігін бітірген соң диванға жантая кеткің келеді. Көк шай ішіп, әлде шараптан ба... Шайға кәмпит алып жесеңіз, ал шарапқа сыр, крекер жейсіз. Демалудың басқа тәсілдерін

меңгерген абзал. Мысалы, йога немесе медитация. Бұлар ешбір өрескел қимылдауды талап етпейді. Ұйықтар алдында жасап дағдылансаңыз, ұйқыңыз тыныш болады. Содан кейін есте сақтайтын бір қағида – ешқашан теледидар алдында, яки кітап оқып отырып тамақ жемеңіз.

5. Өзіңізге уақыт жетпейді

Отбасы мен жұмыс арасында шапқылас сізге спортпен шұғылдануға уақыт қалдырмайды. Оңтайлы шешім күнделікті тіршілік арасынан физиологиялық салмағы бар әрекеттерді белгілеп алу. Аптасына үш рет спортзалға бару шарт екен деп түсінбеңіз. Бастысы дене қимылдарының ширақтығына себепші болатын әрекеттерді жиілету. Лифтпен жүруден бас тартыңыз. Жұмысқа дейін бір аялдама бұрын түсіп қалып жаяу барыңыз. Кешке де солай дағдылану артық емес. Жарты сағат салмақ салу деген осы. Осының өзі әйел адамға жеткілікті.

Көп қимылдаңыз

Ана мен балаға арналған курстарға жазылыңыз. Онда сізді баламен дұрыс билеуге үйретеді. Бірге йога жасауға. Бала қатыса алатын жаттығуларды көрсетеді. Нәтижесінде бала тез дамиды. Ал, анасы өзіне керекті дене қимылдарын жасап, жетісіп қалады.

Жаттығуды апта бұрын жоспарлаңыз. Сенбі сайын бассейнге барып тұрғыңыз келеді. Бірақ үнемі бір қауырт шаруа шығып қалады да, кейінге қалдырасыз. Әрқайсыңыздың демалыс күндері бассейнге баруға мүмкіндіктеріңіз болатындай күйеуіңізбен алдын ала келісіп алыңыз. Жаттығу кестесін бір ай бойы жасап тастауға болады.

Балаларды да қатыстырып отырыңыз. Мектеп жасындағы балаңызға сіздің жаттығу кестеңіздің бұлжытпай орындалуын қадағалауды тапсырсаңыз болады. Балаға анасын қадағалау ұнары сөзсіз. Он жастағы балдырған «мына күнді өткізіп алма» деп ескерту жасаса, бұл анасына да ұнар.

Теледидарға немесе компьютерге қоосылатын билейтін кілемше сатып алыңыз. Бұл би жарыс өткізуге көмектеседі. Баламен бірге билеңіз. Бұдан басқа тағы бір әдіс – ширақ қимылдауды талап ететін ТВ-приставка ойнау.

Қадам санағыш сатып алыңыз немесе оны ұялы телефонға қосып қойыңыз. Күнделікті 5 км жаяу жүріп дағдыланыңыз. Бұл межеге жетпейінші ұйықтамаңыз. Жатар алдында серуендеп келіңіз. Таза ауамен тыныстап, ішкен тамағыңыз бойыңызға тарап, жақсы ұйықтайсыз.

Аздан жеңіз

Тамақ ішу күнделігін жүргізіңіз. Бір күнде не жегеніңіздің барлығын жазып отырыңыз. Бала жемей кеткен өріктің жартысы болса да күнделікке түсуі керек. Артық жемейміз деп есептейміз. Ал, салмақты метаболизмнің жәй жүруінен жинаймыз деп ойлаймыз. Ал, шын мәнінде күнделікті қанша тамақ жейтінімізді есептей бермейміз. Өзіңізді өзіңіз алдамаңыз, печенье жесеңіз де, күнделікке тіркеп қойыңыз.

Жаттығуды апта бұрын жоспарлаңыз. Сенбі сайын бассейнге барып тұрғыңыз келеді. Бірақ үнемі бір қауырт шаруа шығып қалады да, кейінге қалдырасыз. Әрқайсыңыздың демалыс күндері бассейнге баруға мүмкіндіктеріңіз болатындай күйеуіңізбен алдын ала келісіп алыңыз. Жаттығу кестесін бір ай бойы жасап тастауға болады.

Балаларды да қатыстырып отырыңыз. Мектеп жасындағы балаңызға сіздің жаттығу кестеңіздің бұлжытпай орындалуын қадағалауды тапсырсаңыз болады. Балаға анасын қадағалау ұнары сөзсіз. Он жастағы балдырған «мына күнді өткізіп алма» деп ескерту жасаса, бұл анасына да ұнар.

Теледидарға немесе компьютерге қоосылатын билейтін кілемше сатып алыңыз. Бұл би жарыс өткізуге көмектеседі. Баламен бірге билеңіз. Бұдан басқа тағы бір әдіс – ширақ қимылдауды талап ететін ТВ-приставка ойнау.

Қадам санағыш сатып алыңыз немесе оны ұялы телефонға қосып қойыңыз. Күнделікті 5 км жаяу жүріп дағдыланыңыз. Бұл межеге жетпейінші ұйықтамаңыз. Жатар алдында серуендеп келіңіз. Таза ауамен тыныстап, ішкен тамағыңыз бойыңызға тарап, жақсы ұйықтайсыз.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, алыңыз, кешкі, тамақ, немесе, жасап, бассейнге, керек, алдында, сатып, жүріп, Күнделікті, қойыңыз, отырыңыз, бірге, тастауға, қалады, келеді, бұрын, қимылдауды, алыңыз, кешкі, тамақ, немесе, жасап, бассейнге, керек, алдында, сатып, жүріп, Күнделікті, қойыңыз, отырыңыз, бірге, тастауға, қалады, келеді, бұрын, қимылдауды, Некедегілер неге тез семіреді? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге