Оразаның қарыз күндерін қалай өтейміз?

Оразаның қарыз күндерін қалай өтейміз? казакша Оразаның қарыз күндерін қалай өтейміз? на казахском языке


Ораза күндерінде түрлі жағдайларға байланысты қарыз болып қалған күндердің өтеуі қалай болады? Ораза айт күндерінен кейін ауыз бекітіп, қарыз күндерін өтеуге бола ма?

Ханафи мәзһабы бойынша рамазан айынан қалған қарыздарды өтеу уақыты шектелмеген. Тек ораза айтының бірінші күні мен құрбан айттың барлық күндері өтемейді. Олай болған себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бірнеше хадисінде Рамазан айтының бірінші күні ораза ұстаудан тыйғандығы айтылады.

Атап айтсақ «Сахих Бухариде» риуаят етілген хадисте сахаба Әбу Сағид: «Алланың Елшісі ораза айты мен құрбан айтында ораза ұстаудан тыйды ...», – дейді. Ендеше осы оразадан қалған қарызды айттың екінші күнінен бастап ұстай берсеңіз болады.

Айттың бірінші күні қандай да бір ораза ұстау – мәкрүһ, харамға жақын. Оның мәні мынада болса керек: отыз күн Алла разылығы үшін ішіп, жеуден өзін тыйған кісінің айт күні қуанышқа бөленетін күні. Отыз күн бойы оразасынан кейінгі үлкен бір «ауыз ашары» іспетті. Сондықтан, оны «Ғидуль Фитр» яғни «Ауыз ашар мейрамы» деп те атаған.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, Ораза, қарыз, қалған, бірінші, болады, бекітіп, күндерінде, ұстаудан, айттың, айтының, өтеуге, күндерін, құрбан, кейін, күндердің, күндерінен, түрлі, байланысты, болып, Ораза, қарыз, қалған, бірінші, болады, бекітіп, күндерінде, ұстаудан, айттың, айтының, өтеуге, күндерін, құрбан, кейін, күндердің, күндерінен, түрлі, байланысты, болып, Оразаның қарыз күндерін қалай өтейміз? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге