Оразаның қарыз (қаза) күндері қалай өтеледі?

Оразаның қарыз (қаза) күндері қалай өтеледі? казакша Оразаның қарыз (қаза) күндері қалай өтеледі? на казахском языке


Оқырман сауалдарына қалалық «Абдул Хамид қаттани» мешітінің наиб-имамы Сарыбаев Қазыбек Сұлтанбекұлы жауап береді.

– Қасиетті Рамазан айы біткен соң, Шәуіл айы туады. Бұл да құлшылықтарға толы ай. Осы үш күн айтта мұсылмандар мерекені тойлап, бір-бірлерінің үйлеріне қыдырып, тәтті дәм ұсынып, бір-бірлеріне сыйақы беріп, адам көңілін рахаттандырады. Одан кейін Рамазан айында ауырып қалып, жол жүріп және тағы басқа себептермен ауыз ашып жіберген болса, осы Шәуіл айында қазаларын өтейді. Яғни, бір күн қаза қылса, бір күн ауыз бекітеді.

Ал енді біреулер бір апта, не бес күн қарыз болады. Сондай кезде қатарынан бірнеше апта, не бес күн бойы ораза ұстамауға да болады. Араға күн салып өтеуге де рұқсат етілген. Өйткені, үзбей бекіту-ол 30 күн Ораза айында орындалатын шарт. Шәуіл айында алдымен қазаны өтеп алу керек. Өйткені, ол мойынға артылған қарыз. Оны өтемейінше, құтылмайды. Ауырып қалса, жол жүрсе не әйел адамдардың әр ай сайын беріп отыратын есебі кезінде ораза ұсталмайды. Ал егер, ауыз бекітіп жүріп, жоғарыдағы үш себептен тыс, еш себепсіз ораза бұзылса, онда бір күн қазаны 60 күнмен өтейді. Не 30 адамға тамақ береді. Оны кафарат деп атайды. Ал, кафаратты білмей, аузын ашып жіберсе, онда бір күнге бір күнмен өтейді. Қыркүйек айының 8-іне Шәуіл айы бітеді. Осы Шәуіл айында қазаны өтеп болып, 6 күндік Нәпіл оразаны ұстаса, онда алдыңғы отыз күн оразамен бірігіп 9 ай ораза ұстағанмен тең болады.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, айында, ораза, беріп, береді, болады, өтейді, қазаны, Рамазан, үйлеріне, қыдырып, ұсынып, Оқырман, бірлеріне, сыйақы, тойлап, жүріп, Өйткені, күнмен, қарыз, қаза өтеу ораза, қарыз ораза дұғасы, қаза өтеу ораза, қарыз ораза дұғасы, айында, ораза, беріп, береді, болады, өтейді, қазаны, Рамазан, үйлеріне, қыдырып, ұсынып, Оқырман, бірлеріне, сыйақы, тойлап, жүріп, Өйткені, күнмен, қарыз, Оразаның қарыз (қаза) күндері қалай өтеледі? пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге