Сүт және оның тарихы мен пайдасы

Сүт және оның тарихы мен пайдасы казакша Сүт және оның тарихы мен пайдасы на казахском языке


Тіршілігіміздің айнытпас азығы саналатын сүттің тарихы, адамзат тарихы сияқты өте ескі дәуірлерден бастау алады. Б.з.д. 26-ғасырға тән болған Бабил мәдениетінде сүт және сүт өнімдері жасалғаны анықталған. 1 литр сүт қалыптасуы үшін сүт бездерінен 500 литр қан өтуі керек. Сүттің құрамындағы лейкоцидтердің саны сүттің жақсы немесе жаман екендігін білдіретін негізгі өлшем. Германияда 1 миллилитр сүтте орташа 235 мың, Англияда 420 мың лейкоцид бар.
Сүттің сапасын анықтайтын екінші өлшем, микрожандылардың мөлшері. Дені сау сиырдан сауылған сүт, емшектен шығар кезде микробсыз болса да қоршаған ортаның әсерінен микробтармен араласады. Көптеген елдерде бірінші сапалы сүттің өлшемі 100 мың микроорганизм болып табылады.

Сүтке теңдес нәрсе жоқ

Сүт - теңдесі табылмаған, балалардың өсуі, күш алуы, үлкендердің жақсы азықтануы үшін сүт ағзаға қажетті барлық азықтарды қамтитын ас болып табылады. Сүттің бұл құндылығы басқа ешқандай азық пен дәріде кездеспейді. Сүт - өсу мен дамудың негізгі іргетасы. Ағзаның бірнеше өмірлік қызметтерін атқаратын жүрек, жүйке және бұлшық ет жасушалары үшін қажетті тағам. Ұзақ және сау өмір сүру үшін нағыз керекті ас.

Сүтте май, шекер, протеин және әр түрлі витамин, минералды тұздар, ауруға қарсы тұратын барлық элементтер кездеседі. Сүттен жасалатын май, ірімшік, айран да ең қажетті азықтар болып табылады. Сүтті күніне ең аз дегенде жарты литр тұтыну керек. Жарты литр сүт күндік қажеттілігіміз болып табылатын кальцийдің 75 %-ын, фосфордың 60%-ын, йодтың 25%-ын, В 2 және В 12 витаминдерінің 77 %-ын, С витаминінің 15 %-ын, А витаминінің 23 %-ын, Д витаминінің 16 %-ын қамтиды. Мысалы, ондағы кальций еттен 10, наннан 5, алмадан 15, салат жапырағы мен сәбізден 3 есе көп.

Сүт ішуді әдетке айналдыру керек. Батыста бұған үлкен мән беріледі. Дені сау ұрпақ жетілдіру үшін сүт тұтынуды арттыру керек.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, Сүт және оның тарихы мен пайдасы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, Полезные советы на казахском языке, Сүт және оның тарихы мен пайдасы, Сүт және оның тарихы мен пайдасы пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге