ШАҒБАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗАНЫҢ НЕГІЗГІ СЫРЫ

ШАҒБАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗАНЫҢ НЕГІЗГІ СЫРЫ казакша ШАҒБАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗАНЫҢ НЕГІЗГІ СЫРЫ на казахском языке


Шағбан дегеніміз – оразаның келгенін сүйіншілейтін Рамазанның алдындағы ай (күнтізбедегі 8-айдың аты).
Шағбан айының өзге айлардан артықшылығы сол, бұл айда пенденің істеген ізгі амалдары Жаратушының құзырына көтеріледі. Бұл туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«...Бұл айда жасаған амалдар Алланың құзырына көтеріледі. Сондықтан мен өз амалдарымның аузым берік күйде (Аллаға) көтерілгенін ұнатамын", – деген (Насаи). Бұл хадистен шағбан айында атқарылатын негізгі құлшылық - нәпіл (қосымша) оразаларды көбейту деген қорытынды шығаруға болады. Иә, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа айларға қарағанда осы айда көбірек ораза ұстайтын, сөйтіп, Рамазанға деген құлшынысын, дайындығын күшейтетін. Айша анамыз (р.а): «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазаннан басқа ешбір айда толық ораза ұстағанын және шағбандағыдай көп ораза ұстағанын көрген емеспін», - деген. (Бұхари, Муслим) Демек, бұл адамдар бірден ораза ұстап, қиналып қалмаулары үшін Рамазан айына дайындық ретінде ұсталатын ораза десе де болады.
Және тағы бір хадисте Айша анамыз (р.а): «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешбір айда шағбаннан көп ораза тұтпайтын және ол (кейде) шағбанда түгел ораза ұстап: «Шамаларың келетін амалды ұстаныңдар, ақиқатында, сендер шаршамасаңдар, Алла шаршамайды» дейтін еді», - деген. Ғалымдар осы хадистегі «шағбанда түгел ораза ұстап» деген сөз туралы «бұл жерде Пайғамбарымыздың ﷺ шағбанда толық немесе оның жартысынан көбінде ораза тұтқаны жайлы айтылған», - дейді (Бұхари).




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, асыларна, asylarna, asylarnatelekaanal, шағбан, ораза, шағбанайы, Рамазан, Рамазан2018, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, асыларна, asylarna, , ШАҒБАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗАНЫҢ НЕГІЗГІ СЫРЫ пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге