Витамин қоры

Витамин қоры казакша Витамин қоры на казахском языке


Зерттеушілер витамин таблеткаларын ішудің орнына дұрыс тамақтану керектігін және бұл витаминдерді табиғи жолдармен алу керектігін және жаттығуларға ауырлық қосу жөнінде мәлімдеме жасады.

“The Independent” газетінде А-дан Z-ға дейінгі Витаминдер деген тақырыптағы хабарында қай витаминдермен минералдардың қай табиғи өнімдерде болатынын және денеге қандай пайдалары бар екендігін жазған:

A ВИТАМИНІ: Иммунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады.

В ВИТАМИНІ: Бұл топтағы суда еритін витаминдер миды және нерв жүйелерін қорғайды. Бауыр, балық, шпинат, бұршақ (горох) және мандаринде көп болады.

С ВИТАМИНІ: Иммунитетті күшейтеді, инфекциялармен күреседі, тамырларды, тіс еттерін қорғайды. Цитрусты жемістерде және кивиде көп болады.

D ВИТАМИНІ: Калцийдің денеге сіңуін қамтамасыз етіп сүйектерді және тістерді қуаттандырады. Нерв жүйесін күшейтеді. Сүт, майлы балық және жұмыртқада болады.

Е ВИТАМИНІ: Ағзаға, тін және клеткаларға зиянды еркін радикалдардан қорғайды. Тоқ ішектің қатерлі ісігіне жол бермейді. Орман жаңғағы, жаңғақ, қара нан және зайтунмайында мол болады.

КАЛЬЦИЙ: Сүйек және тістерді қуаттандырады, жүректің соғуын реттейді, қан қысымын түсіреді. Сүт және сүт өнімдерінде, жасыл жапырақты көкөністерде, соя, фундук, сардина балығы және нанда болады.

МАГНИЙ: Қан қысымын реттейді, сүйек ауруларынан сақтайды. Жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо, балық және кептірілген цитрусты жемістерде көп болады.

КАЛИЙ: Қан қысымын төмендетеді, жүрек қағысын реттейді. Өрік, банан, цитрусты жемістерде, балық, жасыл көкөністерде, сүт, орман жаңғағы(фундук) және картопта мол болады.

СЕЛЕН: Антиоксид ерекшелігі арқылы клеткаларды қорғайды. Теңіз өнімдерінде және еттерде мол мөлшерде болады.

ЦИНК: Бұлшық еттерді күшейтеді, клеткалардың көбеюін жылдамдатады. Ет және теңіз өнімдерінде көп болады.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, Витамин қоры, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, Витамин қоры, Витамин қоры пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге