Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі казакша Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі на казахском языке


«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүминдерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу».
Хадис шәриф

Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат айтқан, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам Рамазан айын құрметтемеген болып саналады.

Бұл айда қол астындағыларға жұмыстарын жеңілдеткен, олардың ғибадат етулеріне жеңілдік жасаған әмірлер, басшылар да кешіріледі. Жаһаннамнан азат болады. Қасиетті Рамазан айында Расулуллаһ тұтқындарды азат ететін, мұқтаждардың барлық сұрағандарын беретін. Бұл айда ғибадат және жақсылық жасай алғандарға бүкіл бір жыл осы амалдарды жасау нәсіп болады. Бұл айға құрметсіздік еткендердің, күнә істегендердің бүкіл жылы күнә істеумен өтеді. (Бұл айды ғанибет, мүмкіндік деп білу керек.) Қолдан келгенше ғибадат ету керек. Аллаһу та’аланың разы болған істерін жасау керек. Бұл айды ахыреттің бақытына қауышу үшін мүмкіншілік деп білу керек.

Ораза тұту пайдалы

Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:

Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан болады, яғни рак клеткаларының көбеюінің алдын алады.

Ораза тұтқанда дене құрылысы ретке келеді, ішкі мүшелердегі майлар еріп, дененің сергектігі артады, иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады.

Түрлі міндеттері бар бауырдың ас қорыту міндеті де бар. Ораза кезінде 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Асқазандағы бұлшық еттер және секрет бөлетін клеткалар, ораза кезінде бірнеше сағатқа демалады. Қанның көлемі де азайатыны үшін қан қысымы азайып жүрек тынығады. Әсіресе қан қысымы жоғары болған адамдар үшін ораза дәрі секілді пайдалы келеді.

Тамыр бітелуі (Атеросклероз)

Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуі деп аталатын ауруға себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет – мал мүлктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады.



Оразаның парыздары
Оразаның үш парызы бар:
1) Ниет ету.
2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.


Оразаға ниет
Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.
Рамазандағы оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «Аллаһ разылығы үшін ертең ораза тұтуға ниет еттім», имсактан кейін «Аллаһ разылығы үшін бүгін ораза тұтуға ниет еттім» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғандықтан зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек-бөлек ниет ету парыз болып табылады.
Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ертенгі оразаға ниет етіп қою жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін ішіп-жеудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза тұту сахих болмайды.


Ауызашарда
Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны білдіреді. Артынша «Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр»деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт, яки сумен ауыз ашқан жақсы.
Бір-екі жұтымдық нәрсе жегеннен соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:
Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты келді. Иншааллаһ сауап жазылды.




KZ » Пайдалы кеңестер жинағы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, Ауызашарда, Оразаға ниет, Оразаның парыздары, Ораза тұту пайдалы, пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, пайдалы кеңестер ана әке папа мама, Полезные советы на казахском языке, Ауызашарда, Оразаға, Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге