DataLife Engine / Балаларға арналған караоке: Тұлпарым

Балаларға арналған караоке: Тұлпарым


Ақ бозатпен келемін
Ауыл қашық
Ата-анамды көруге
Болдым асық

Менің жүйрік тұлпарым
Самғап ұшар сұңқарым
Туып өскен жеріме
Жеткіз мені, тұлпарым,
Эй, тұлпарым.
Эй!..Чу!..

Ақ бозатым серігім
Қамшым қолда
Жалықпаймын серігіп
Ұзақ жолда

Ер жігітім сен менің
Қанатымсың
Күш - жігерім қайратым
Қуатымсың
04.01.2019
Вернуться назад