DataLife Engine / Қазақша Жаңылтпаш: "Ұ" әрпі

Қазақша Жаңылтпаш: "Ұ" әрпі

Ұстара, ұстара!
Ұстара мұрт алуға
Құштар, ә!
Құштар, ә!

Ұқыпты бала
Кітапты түптеп тастады.
Ұқыпсыз бала
Кітапты бүктеп тастады,
Жұмысын басқаға жүктеп тастады.

Ұрыспаз, ұғымтал-ұғымпаз,
Ұғыспаз, ұрыншақ-ұрынпаз.

Ұстара, ұстара!
Шаш алуға құштар, ә!
Құштар, ә!
Ұстарада күш бар, ә!

Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.
11.06.2015
Вернуться назад