DataLife Engine / Жаңылтпаштар топтамасы

Жаңылтпаштар топтамасы

Жаңылтпаштар
Қыстар құстар қыста,
Қыста мұздар тыста.

***
Ерке тәтем –
Тете тәтем

***
Өрістегі әр нар
Нән нар.
Нар – нән мал.

***
Көзе жез
Тозбас тез.

***
Бәйгеге ат қоссаң,
Қос, озса.
Озбаса, бос қозба.
Қоспа.

***
Асықты тіздік
Атын оны үздіксіз
Біз бұздық.

***
Базарда ет көп.
Қалай өтпек ет.
Текке өтпек ет.

***
Терле жер –
Өрле өр.
***
Адастық.
Із үзілді.
Түс бұзылды.

***
Бір баста:
Қос құлақ
Қос қас
Қос көз

***
Қалқаманға Қалқаман барған.
Қалқаман Қалқаманда қалған.

***
Көп көкбеттенгенің нең
Көп көкбеттенбегенің жөн.

***
Нан ал,
Нан – әл
Нан - нәр.

***
Мақсат: байқап бақсақ,
Жаңсақ айтпау мақсат.

***
Тос, достым, осы қоста.
Басқа қоста босқа тоспа.

***
Шыңның шыны –
Мылжыңдығы мұның міні.

***
Түймені түйнемейді
Инені түйнейді.
Инені түймелемейді
Түймені түймелейді

***
Күнәсін еш кешпес,
Бірақ бас кеспес
Көз теспес.

***
Қайта - қайта қайталаудан
Пайда қайда?
Қайта - қайта қайталаудан
Қайта пайда.

***
Түйеге көң теңде
Көңді тең теңде
Екі тең көң теңде.

***
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

***
Кім оқу – құралсыз
Тұрар құралсыз
Құмар құралсыз

***
Көш бастар –
Қос қошқар.

***
Шошытқан үш құсты
Шошып үш құс ұшты.

***
Балға қалай бармақ малмақ,
Майға қалай бармақ малмақ.

Авторы: Ескен Елубаев
02.08.2020
Вернуться назад