DataLife Engine / Ата туған күніңізбен құттықтаймын! Атаға туған күнге тілектер жинағы

Ата туған күніңізбен құттықтаймын! Атаға туған күнге тілектер жинағы

Құрметті ата, туған күніңізбен ең шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз! Сізге шын жүректен ұзақ ғұмыр, жақсы көңіл-күй, сергектік, өміршеңдік және керемет көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Сіздің дана кеңестеріңіз бен нұсқауларыңыз біз үшін баға жетпес, әрқашан заманауи және көңілді болыңыз!

Немересін артық көрген баладан,
Үйренейік Ата сынды данадан.
Олар білген жайлар бізге тым керек,
Оқыған ғой оның бәрін даладан.
Олар бізге сыйға берген бақ-шыны,
Тілейікші әлемдегі жақсыны.
Қариялар аман болсын әрқашан,
Ортаймасын айтар бізге қап сыры.

Айырып жақсылықты жамандықтан,
Қайырған жауыздықты адалдықтан.
Ақылдың кеніші,Ата,еш ауырма,
Жанды ұққан,бір қараумен жанарды ұққан.

Үйреттің өзің ерінбей,
Өмірдің әрбір сабағын.
Ақылдың өзен-көліндей,
Түспесін,Ата,қабағын.
Берерің маған көп әлі
Білгеніңді,Атажан.
Ақылың азық жеп әлі
Қалмаймын мен де қатардан.


Келіпті өмір ащысы,тұщысы да,
Төрден орын беріпсің бақ құсына.
Алмағайып кезеңдерде қайыспаған
Ата,сенен асқан жан жоқ қой,сірә.
01.08.2015
Вернуться назад