DataLife Engine / Жаңа бағдарламамен 4 мыңға жуық әйел баспаналы болады

Жаңа бағдарламамен 4 мыңға жуық әйел баспаналы болады

Жақын күндері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әйелдерге арналған ипотекалық бағдарламаға қатысты ақпарат жариялайды. Бұл туралы орталық филиалдың директоры Жансұлтан Матаев айтты.


«Жыл басында «Әйелдер ипотекасы» жобасын жоспарлаған едік. Белгілі бір себептерге байланысты бағдарлама уақыты шегеріліп отырды. Жақын уақытта бұл жоба жайлы мәлімет береміз», - деді ол.


Еске сала кетейік, жыл басында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі әйелдер үшін арнайы бағдарлама ашылатынын айтқан. Бағдарлама шарттары бойынша 200 мың теңгеден төмен айлық алатын әйелдер 15% бастапқы жарна салса, 200 мың теңгеден жоғары жалақы алатындар 20% салу керек. Бұл ипотека бойынша жаңа үйден де, қайталама нарықтан да баспана алуға болады.


Ақпаратқа сүйенсек, Азия даму банкі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 38 млрд теңге бөледі.  Осы қаржының есебінен 4 мыңға жуық әйел жеңілдетілген ипотека рәсімдей алады.

03.11.2020
Вернуться назад