DataLife Engine / Жаңа жылға арналған әндер, тақпақтар, өлеңдер

Жаңа жылға арналған әндер, тақпақтар, өлеңдер

Мазмұны:


Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.


Сәлемет пе Аяз-ата

Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.

Қайырмасы 2-рет
Қандай сыйлық бар екен?
Арқалаған қабында.

Қаптың аузы ашылды,
Ойыншықтар шашылды

Қайырмасы 2-рет
Аяз-ата би билеп,
Әнімізге қосылды

Сақалының ұзынын-ай
Саудыраған мұзын-ай.

Қайырмасы 2-рет
Жарқыраған аттары
Жаңа жылдың қызық-ай.


Зырлайды шанамыз

Аязды келіп қыс
Алғашқы қар ұшты
Аппақ боп үстіміз
Ақ қырау жабысты.
 
Алғашқы ақшақар
Бетінде із қалды
Жүйткиді ақ шанам
Алға ұстап ызғарды.
 
Мейлі күн суысын
Зырлайды шанамыз
Аяз не біз үшін,
Шыныққан баламыз.


Аппақ, аппақ, жапалақтап
Қар жауады тынбастан
Қалың орман қар жамылған
Маужырайды түнгі аспан.
 
Қайырмасы:
Кел билейік, үйренейік
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
 
Кең пейілді, мол мейірлі
Сағынышпен табысқан
О алақай Аяз ата
Келе жатыр алыстан
 
Қайырмасы.


Аяз ата

Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
 
Қайырмасы:
Ал балалар, тұрмайық
Би билейік, ойнайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық.
 
Кетті көңіл шалқып-ақ,
Жұлдыздардай қалтырап.
Аяз ата үстінде
Ақшақар тұр жалтырап.
 
Қайырмасы.
 
Көрдің бе аяз атаны
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
 
Қайырмасы.



Шырша

Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен,
Дейік енді шыршаға

Қайырмасы 2-рет
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.

Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық бәршамыз.

Қайырмасы 2-рет
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық



Қажетті сілтемелер:

  1. Жаңа жыл тілек пен құттықтау
  2. Жаңа жылға арналған әзіл құттықтаулар
  3. Сүйіктілерге арналған жаңа жылдық құттықтаулар
  4. Досқа арналған жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  5. Ата-ана жаңа жылдық құттықтаулар, тілектер
  6. Бүлдіршін, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар
  7. Жаңа жылға арналған өлеңдер
  8. Жаңа жылға арналған тақпақтар
  9. Жаңа жыл туралы құттықтау, тілек өлеңдер

Қыс қызығы

Аппақ көше бар бала,
Аппақ ойлар, қыраттар.
Ақ шатырлы қырқалар
Ақ жамылып тұр бақтар.
 
Қайырмасы:
Шаңғы, шана сайла
Конькиіңді байла
Думандатып ойна
Қыс қызығын тойла.
 
Аулада ойнап, шулайды
Қар лақтырып балалар.
Сырғанақта зулайды
Шаңғылар мен шаналар.


Жаңа жыл туралы тақпақтар 

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

*** *** *** ***

Ән айтамыз, би билейміз,
Біз көңілді баламыз.
Шаршауды біз білмейміз,
Тақпақ айтып, би билеп.
Аяз Атадан сыйлық аламыз.

*** *** *** ***

Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.
Жаңа Жыл келеді.

*** *** *** ***

Аю, қасқыр, қоян, түлкі бәрі де,
Ортада жүр би билеп.
Балалар жүр мәз болып,
Би билейді дөңгелеп.

*** *** *** ***

Жаңа жыл Жаңа Жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлыҚ бала жүр

*** *** *** ***

Мәз болып, жиналып көп бала,
Бір-бірін құшақтап топтала,
Ойыншық іліп жүр шыршаға,
Неткен көп ойыншық мұншама.
Дайын тұр тақпақ пен әніміз,
Әрдайым құлпырсын сәніміз!

*** *** *** ***

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

*** *** *** ***

Аяз ата келіп тұр,
Бизге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!

*** *** *** ***

Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.

*** *** *** ***

Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.

*** *** *** ***

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

*** *** *** ***

Жүзімізде күлкі ойнап,
Шаттанады жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.

*** *** *** ***

Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
ой жылы келеді,
Бізге қарай жылыстап.

*** *** *** ***

Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.

*** *** *** ***

Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.

*** *** *** ***

Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

*** *** *** ***

Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

*** *** *** ***

Аяз–ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата.

*** *** *** ***

Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

*** *** *** ***

Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.

*** *** *** ***

Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

*** *** *** ***

Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.

*** *** *** ***

Тақпақ, өлең жаттадық,
Би үйрендік көрсін деп.
Аяз Ата шаттанып,
Бізге риза болсын деп.

*** *** *** ***

Тамаша ғой қыс деген,
Қуанады бар бала.
Шырша тойын тойлайды,
Аяз Атамен қосыла.

*** *** *** ***

Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.

*** *** *** ***

Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді,
Жаңа жыл аппақ.

*** *** *** ***

Сапалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапанды,
Сағындым Аяз атаны.

*** *** *** ***

Тауда туып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Аяз Ата, Ақшақарды
Шақырайын ортаға.

*** *** *** ***

Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!

*** *** *** ***

Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Папамызды, мамамызды,
Қонақтарды бәрін де.

*** *** *** ***

Алақай, алақай,
Қар жауып тұр балақай.
Жүр шанаңды алып шық,
Киіп алып малақай.

*** *** *** ***

Шыршаны айнала,
Қоршаған қуыршақ.
Кел биле, кел биле,
Қоян, лақ, құлыншақ.

*** *** *** ***

Орманның бар аңдары,
Бүгін бізде қонақта.
Балалармен би билеп,
Қуанады шаттана.

Ақшақар туралы тақпақтар

Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келдің бе?
Балаларды сағынып.

*** *** *** ***

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке-шеше
Құтты болсын Жаңа жыл.

*** *** *** ***

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

*** *** *** ***

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

*** *** *** ***

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

*** *** *** ***

Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

*** *** *** ***

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Аяз ата туралы тақпақ

Жылдың әнін бастайын,
Аяз-Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

27.05.2014
Вернуться назад