DataLife Engine / Асық - алшы, сақа

Асық - алшы, сақа

Ал, ойналық, балалар,

Әр асықта  баға бар.

Ұта білген баланы –

Әрбір бала бағалар.

 

Шиыр, кәне, асықты,

Таңда және қашықты.

Алшы тұрғыз сақаны,

Қаламаймыз жасықты!

Мына бала қайтеді...

Тұрғызды ғой тәйкені.

Сірә, өзі ұтқыш – ау,

Пысық екен, әй, тегі!


алшы, тақпақ, асық, Алшы, сақа, өлеңдер, өлең, тақпақтар

 

Басу қиын ұтқышты,

Мынау сақа бүк түсті.

Енді қара мынаған –

Анау сақа шік түсті!

 

Саспа, таста, балақай,

Асық озды қара, қай.

Шиыр енді сақаңды –

АЛШЫ ТҮСТІ, АЛАҚАЙ

21.01.2021
Вернуться назад