Анекдот (әзіл): Ұстаз бен оқушы

Анекдот (әзіл): Ұстаз бен оқушы

Мектепке баруды бірі ұнатса, екіншісі тез бітірсем екен деп тілейді. Алайда ұстаз бен шәкірт туралы жеңіл әзілдер барлығыңызға ұнайды деген ойдамыз.

Оқушы шығармасынан:
«Алып піл ыдыс тізіліп тұрған сөренің жанынан тұяғының ұшымен жүріп өтті».

Ұстаз: «Қыстыгүні табиғаттың қандай құбылыстарын көреміз?
Оқушы: «Аққала».

География сабағында:
- Италия картада неге ұқсайды?
- Резіңке етікке.
- Дұрыс, етікке ұқсайды. Бірақ неге резіңке деп айттың?
- Себебі Италияның жан-жағын су қоршап тұр.

Ұстаз үнсіз отырған кезде, оны бөлмегеніміз жөн.

Мектеп шығармасынан: «Төлеген Жібекке сезім білдіру хатын жазған екен. Алайда Жібек хатты бірден спамға жіберіпті».

Ұстаздар мектеп оқушыларына билет сатқызады. Әрқайсысына 20 данадан береді. Осылайша оқушылар үйлерді аралауға кетеді. Арасынан біреуі жылдам қайтып келіп:
- Мен барлығын саттым. Барлығын бір үй сатып алды, - деп айтады.
- Бұл қолыңнан қалай келді?
- Мені сол үйдің иті тістеп алды.

Оқушы сабақ айтып болған соң: «Мен бұл бағаға лайық емеспін», - дейді.
Ұстаз: «Ренжімеңіз, бұдан төмен баға жоқ».

Ұстаз: «Балалар, білесіңдер ме, суықта барлық заттың көлемі азаяды, ал жазда керісінше. Кім маған өмірден мысал келтіре алады?»
Фариза қолын көтеріп: «Мысалы, жазғы демалыс қысқы демалысқа қарағанда ұзақ» деп айтқан екен.

- Бүгін сабақта жолым болды!
- Қалай?
- Ұстазым мені бұрышқа тұрғызып қойғысы келген еді. Барлық бұрыш бос емес екен.

Экзаменнен кейін:
- Тапсырдың ба?
- Тапсырған сияқтымын.
- Не сұрады?
- Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.

Ұстаз оқушыларға: «Ешуақытта жануарларды сүймеңдер. Бұл өте қауіпті. Кім мысал келтіре алады?
Бір бала: «Мен айтайыншы. Менің әпкем өзінің мысығын сүйе беретін.
Ұстаз: «Сонымен?»
Бала: «Мысығы ауырып қалды».

- Балалар 8 санын теңдей бөлсек, қанша шығады?
- Тігінен бөлсек, екі 3, ал ортасынан бөлсек, екі 0 шығады.

- Сіздің балаңыз үстеліме үлкен құрбақаның суретін салып қойыпты. Қорыққаным соншалық, орнымнан ұшып тұрдым.
- Ой, мұныңыз бекер қалсын! Оның ваннамыздың ішіне салып қойған қолтырауынын көргенде, салып қойған есіктен бірақ шыққан болатынмын.

- Сен неге сабақ үстінде ұйықтап отырсың?
- Мен ұйықтап отырған жоқпын. Бар болғаны көздерім баяу қимылдап жатыр.

- Томирис, суда қандай заттардың ерімейтінін айтшы.
- Балықтар!

Оқушылар бейнелеу өнері сабағында сөйлесіп отыр:
- Жарайсың! Суретті керемет салыпсың. Тіпті тәбетім ашылып кетті.
- Тәбетім ашылды дейсің бе? Күннің суретінен бе?
- Аааа, мен қуырылған жұмыртқаның суреті екен деп ойлап қалсам.

- Жасұлан, неге сен үшін сабақты үнемі анаң орындайды?
- Себебі әкемнің мүлдем уақыты жоқ.

- Бір оқушым сабақ үстінде әбден мазамды алады. Шулап, өзгелерге қағаз лақтырып, тақтадағы оқушыны келекетеді.
- Оның жағымды қасиеті мүлдем жоқ па?
- Өкінішке орай, бар. Ол ешуақытта сабақтан қалмайды.

- Айналайын, мен сенен теңіз сұрадым. Ал сен тауға шығып кеттің.
- Бұл жерден айналаны жақсылап бақылауға болады.

Ұстаз «Мен мектеп директоры болсам...» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма береді. Барлығы білек сыбана кірісіп жатқанда, Қанағат қана терезеге қарап отырады.
- Ал сен неге жазбайсың?
- Мен хатшымды күтіп отырмын.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
дереккөз

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!