DataLife Engine / Шебер әже

Шебер әже

Айман әжей бізге көрші тұрады. Ол кісі неше барсаңда іс тігіп отырады. Айман әжейдің үйінде неше түрлі тоқылған кілем, алаша, кесте, тұс киіз бар.
Мен барған сайын қызыға қараймын. Айман әжей маған іс тігудің қыры мен сырын үйретеді. Мен де үйренуге тырысамын. Айман әже неше түрлі жіптен сөмке тігеді. Айман әже маған және ініме қолғап пен мойын орағыш тоқып берді. Біз қуанып әжеге ризашылығымызды білдірдік. Айман әже біздің көшедегі ең шебер және ақкөңіл адам.
15.06.2015
Вернуться назад