» » » Эссе: Қонақжай қазақ

Эссе: Қонақжай қазақ

Эссе: Қонақжай қазақ казакша Эссе: Қонақжай қазақ на казахском языке
Қазақ - қонақжай халық. Осы сөйлемді естіген сайын менің көз алдыма қаршадай күнім, дастарханы жиылмайтын біздің ақшаңқай киіз үйіміз келеді. Төрінен қонақ үзілмейтін, ошағынан қазан түспейтін үйді сипаттау керек болса, ары ұзамайын деп өзімнің қараша үйімді тіліме тиек етер едім. Біздің үйдің қос бәйтерегі өз алдына отау боп шыққан, 7 бала өсірген, таныс-тамырлары көп жандар болды. Содан болар, әйтеуір, біздің үйдің ішілетін асын қонақ келмей ішкеніміз есімде жоқ. Қонақтың сыбағасын ұсыну, қонақ кәде сұрау өз алдына бөлек әңгіме. Қонақ келсе қой егіз табытыны сияқты, ырысымыз артпаса, кеміген жоқ, шүкір. Жастайымыздан көргеніміз бар, анамыздың бойымызға сіңіргені бар дегендей. Қазір, өзім де үйге келген жанға шәй ішкізбей, ауқаттандырмай шығармаймын.

Қатты асығыс жүргеннің өзінде дастарханнан нан ауыз тигіземін. Баламысың деген, кішкентай кезімде, бір дастарханды жинап бола бергенде, тағы бір адам келсе, тағы шәй қоятынбыз. Сонда бұртиып ашуланғанда, «қонақжай болу - ата-бабадан дарыған қасиет. Кең бол! Кем болмайсың, шырағым!» , дейтін әкем. Соған көзімді жеткізуге тіптен септігін тигізген асыл Пайғамбарымыздың сахих хадистері: «Алла қонағы көп болған үйді, үй иесін жақсы көреді» "Қайсы бір үйге болсын қонақ кірмей, періштелер кірмейді", "Қонақты күту жәннатқа кіретініңнің дәлелі", "Кім Аллаға және ақыретте (әрбір ісіне есеп беретініне) сенсе, қонағына құрмет көрсетсін” деген екен Адамзаттың асылы. Осы тұста айта кету керек, қонақты өзімізше бөліп, ат қойып жүрміз ғой. Мәселен, сыйлы қонақ, жәй қонақ, танымайтын қонақ, шақырылмаған қонақ деп. Қазақекем қандай қонақ келсе де, «құдайы қонақ» деп төрін ұсынған.

Яғни, қазақтың мейірімділігі, даналығы, адалдығы қонақ күткенде сыналады десек, артық айтқандық болмас. Ал, сіз, қаншалықты қонақжайсыз оқырман?! Үйіңізге келген пендені шаттана қарсы аласыз ба, әлде томаға тұйық болып, түсіңізді суытасыз ба?! Қалай болғанда да, ырыс-берекем артсын десеңіз, табалдырығыздан аттаған құтты қонақты разы қылыңыз! Хош, сонымен, қарға тамырлы қазағым, шаңырағымыз биік, керегеміз кең болсын! Ошағымыз сөнбесін, дастарханымыз жиылмасын!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 76 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
Оригиналсың әні Мәдина Сәдуақасоваға арналған: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтты
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
Айнұр Тұрсынбаева: Ең алғаш айтысқа шыққанымда Ленинге өлең арнап масқара болғанмын
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
"Ауым жыртылып, аппақ іш киімім көрініп қалды": Нұржан Төлендиев сахнада болған келеңсіз жайттарды айтты
Эссе: Қазақтың бөлінбеген еншісі
Эссе: Қазақтың бөлінбеген еншісі
Мақал - мәтел: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып
Мақал - мәтел: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)
Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ тоғыз табақ
Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ тоғыз табақ
Табақ тартуды білеміз бе
Табақ тартуды білеміз бе
Әңгіме:  Міржақып Дулатұлы | Нұрмаш пен Дүйсен
Әңгіме: Міржақып Дулатұлы | Нұрмаш пен Дүйсен
Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі
Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі
Ертегі: Науша хан
Ертегі: Науша хан
Ертегі: Ырыс кімде
Ертегі: Ырыс кімде
Шығарма: Менің арманым
Шығарма: Менің арманым
Өлең: Ауылдағы балалық шақ
Өлең: Ауылдағы балалық шақ
Қазақша шығарма: Дастархан
Қазақша шығарма: Дастархан
Қазақша мақал - мәтел: Қонақ
Қазақша мақал - мәтел: Қонақ
Қазақша құттықтау - тілек: Қыз сыңсуы
Қазақша құттықтау - тілек: Қыз сыңсуы
Қазақша Анекдот: Қонақжай қазақ
Қазақша Анекдот: Қонақжай қазақ
Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ, тоғыз табақ
Ұлттық ойын: Тоғыз аяқ, тоғыз табақ

KZ / Эсселер жинағы, эссе сочинение про Конакжай казак на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Қонақжай қазақ туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қонақжай қазақ, эссе сочинение про Конакжай казак на казахском языке скачать бесплатно шығарма Қонақжай қазақ туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Қонақжай қазақ, Эссе: Қонақжай қазақ эссе на казахском языке казакша эссе жазу Қазақша Эсселер жинағы